"Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 20/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 желтоқсанда № 3110 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 25.02.2015 № 33/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 38 "Ақ бұлақ", 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 40 "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы";
      шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы шешіммен бекітілген, аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
      2-тармақтың 4)-тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Шығыстардың сомасы тұрғын үй көмегін тағайындауға жүгінген алдындағы тоқсанға, тоқсанға орташа шоттар бойынша есепке алынады.";
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар және осы мақсаттарға отбасыларының (азаматтардың) белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
      5-тармақтың 3)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) айына тұтынатын электр қуатының нормасы - әр тұрғынға 90 кВт, жалғызбасты тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт;";
      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Шығындардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысының 12 пайызы көлемінде анықталады.";
      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      8-тармақтың 9)-тармақшасы алып тасталсын;
      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "14. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) орталық жылу беру жүйесіне қосылмаған, үйді жылыту басқа құралдардың көмегімен іске асырылатын пәтердегі тұратындарға мынадай тәртіпте беріледі.
      Тұрғын үй көмегі пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), жүгінген айға қарамай, жылына бір рет ағымдағы тоқсанға беріледі.
      Көмір сатып алу маусымдық болуына байланысты, тұрғын үй көмегін есептеуде тұрғын үйге барлық отын шығынының әлеуметтік нормасы (отын құны) жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға үш айына біржолғы есептеледі.
      Көмірдің құнын есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының тоқсан сайын беретін аудан бойынша орташа бағасы пайдаланылады.
      Электр қуатының көмегімен жылытуды жүзеге асыратын үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептеу пешпен жылытатын үйлер үшін көзделген тәртіпте жүргізіледі. Осы жағдайда электр қуатының төлемін шығын нормасына және көмірдің бағасына және электр қуатының шығын нормасына сәйкес эквивалентті есептеледі.";
      15-тармақ алып тасталсын;
      Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 1-қосымшасында:
      1-бөлімде Отбасы туралы негізгі мәліметтер:
      "СТН" жолы "ИИН" жолымен ауыстырылсын;
      4-бөлімде Коммуналдық қызметтер есептелді:
      9, 10-жолдармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "9. Газ
      10. Сатып алынған көмірдің құны".
      2. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы, оныншы, он алтыншы, он жетінші азат жолдарды қоспағанда, осы шешім алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы А. Мурзыканова
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

О внесении изменений и дополнения в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи"

Решение Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 12 ноября 2013 года N 20/3-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 03 декабря 2013 года N 3110. Утратило силу - решением Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 25 февраля 2015 года № 33/2-V

      Сноска. Утратило силу - решением Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 25.02.2015 № 33/2-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Глубоковский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5-9-135, опубликовано в газетах "Ақ бұлақ" от 17 сентября 2010 года № 38, "Огни Прииртышья" от 17 сентября 2010 года № 40) следующие изменения и дополнение:
      заголовок решения на казахском языке изложен в новой редакции, заголовок на русском языке не изменяется;
      внесены изменения по всему тексту решения и приложений на государственном языке, текст на русском не изменяется;
      в Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      подпункт 4) пункта 2 исключить;
       пункт 3 изложить в новой редакции:
      "3. Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений. Сумма расходов учитывается по счетам средняя за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи.";
       пункт 4 изложить в новой редакции:
      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.";
      подпункт 3) пункта 5 изложить в новой редакции:
      "3) норма потребляемой электроэнергии в месяц – 90 кВт на каждого проживающего, для одиноко проживающих пенсионеров, инвалидов – 120 кВт;";
       пункт 6 изложить в новой редакции:
      "6. Доля предельно допустимых расходов устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 12 процентов.";
       пункт 7 изложить в новой редакции:
      "7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг, на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.";
      подпункт 9) пункта 8 исключить;
       пункт 14 изложить в новой редакции:
      "14. Малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в домах, где в отопительный сезон не подключено центральное отопление и обогрев квартир осуществляется с помощью других источников тепла, жилищная помощь оказывается в следующем порядке.
      Малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в индивидуальных домах с печным отоплением, жилищная помощь оказывается один раз в год на текущий квартал, независимо от месяца обращения.
      В связи с сезонностью закупки угля, всю социальную норму расхода угля на жилой дом (стоимость угля) при расчете жилищной помощи учитывать единовременно за три месяца в квартал, предшествующий кварталу обращения.
      Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, ежеквартально представляемые управлением занятости и социальных программ Восточно-Казахстанской области.
      Малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в домах, обогрев которых осуществляется с помощью электроэнергии, расчет жилищной помощи ведется в порядке, предусмотренном для домов с печным отоплением. При этом сумма оплаты за электроэнергию считается эквивалентной норме расхода и стоимости угля и норме расхода электроэнергии, в соответствии с нормами.";
       пункт 15 исключить;
      в Приложении 1 к Правилам оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи:
      в разделе 1. Основные сведения о семье:
      строку "РНН" заменить строкой "ИНН";
      раздел 4. Начислено коммунальных услуг:
      дополнить строками 9, 10 следующего содержания:
      "9. Газ
      10. Стоимость приобретенного угля".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования, за исключением пятого, девятого, пятнадцатого, шестнадцатого абзацев, которые вводятся в действие с 1 января 2014 года.
      Председатель сессии А. Мурзыканова
      Секретарь Глубоковского
      районного маслихата А. Баймульдинов