РҚАО-ның ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 32/7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымша беріліп отырған аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Күштері жойылды деп танылсын:
Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-108 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 шілдедегі № 5 "Ақ бұлақ", 2009 жылғы 31 шілдедегі № 31 "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған;
Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 21 қазандағы № 18/10-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-115 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 қарашадағы № 21 "Ақ бұлақ", 2009 жылғы 20 қарашадағы № 47 "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған;
Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 23/7-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-130 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы № 21 "Ақ бұлақ", 2010 жылғы 21 мамырдағы № 22 "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Сивко |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Брагинец |
Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешімімен бекітілген |
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы
Осы аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді.Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 20.11.2012 № 10/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 20.11.2012 № 10/4-V шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) .
3. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Шығыстардың сомасы тұрғын үй көмегін тағайындауға жүгінген алдындағы тоқсанға, тоқсанға орташа шоттар бойынша есепке алынады.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар және осы мақсаттарға отбасыларының (азаматтардың) белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Тұрғын үй көмегінің есебіне кіретін коммуналдық қызмет тұтыну нормалары келесі көлемдерде белгіленеді:
1) тұрғын үйдің пайдалы ауданының нормалары:
бір адам үшін – 15 шаршы метр;
жалғыз басты тұратын адамдарға – 30 шаршы метр;
бес және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін, 75 шаршы метрден аспауы тиіс;
2) газды тұтыну нормасы:
бір адамға - 5,5 килограмм;
3) айына тұтынатын электр қуатының нормасы - әр тұрғынға 90 кВт, жалғызбасты тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт;
4) көмір тұтыну нормасы:
тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының бір шаршы метріне - 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограмнан аспауы тиіс.
Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 29.12.2010 № 28/11-IV шешімімен (бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
6. Шығындардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысының 12 пайызы көлемінде анықталады.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат немесе оның сенімхат бойынша өкілі) Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат Агенттігі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚО) немесе "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі –портал) арызбен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында белгіленген тұрғын үй көмегін алуға тиісті құжаттардың тізбесін береді.
Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 32/7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын үй ғимаратын жалға (жалдауға) берген тұлғаларға;
ата-аналары айырылысып, бірге тұратын балаларға алимент өндіріп алу туралы арыз бермеген отбасыларына;
жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне І-ші, ІІ-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді;
белгісіз себептермен уәкілетті органдардың ұсынған жұмысқа орналастырудан бас тартқан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмыстан, кәсіптік даярлаудан, қайта оқытудан, біліктілікті жетілдіруден, өз еркімен осы жұмыстар мен оқудан кеткен жұмыссыздарға.
Ескерту. 9 тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 01.02.2014 № 23/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға жүгінген айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде іске асырылады. Жүгінген ай арыз бен қосымша құжаттар берген ай болып есептеледі.
12. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) орталық жылу беру жүйесіне қосылмаған, үйді жылыту басқа құралдардың көмегімен іске асырылатын пәтердегі тұратындарға мынадай тәртіпте беріледі.
Тұрғын үй көмегі пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), жүгінген айға қарамай, жылына бір рет ағымдағы тоқсанға беріледі.
Көмір сатып алу маусымдық болуына байланысты, тұрғын үй көмегін есептеуде тұрғын үйге барлық отын шығынының әлеуметтік нормасы (отын құны) жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға үш айына біржолғы есептеледі.
Көмірдің құнын есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының тоқсан сайын беретін аудан бойынша орташа бағасы пайдаланылады.
Электр қуатының көмегімен жылытуды жүзеге асыратын үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептеу пешпен жылытатын үйлер үшін көзделген тәртіпте жүргізіледі. Осы жағдайда электр қуатының төлемін шығын нормасына және көмірдің бағасына және электр қуатының шығын нормасына сәйкес эквивалентті есептеледі.
Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.11.2013 № 20/3-V шешімімен (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Бір тұрғын үйде бірнеше жекеменшік иесі болған жағдайда тұрғын үй көмегі осы мекенжай бойынша тіркелген жекеменшік иесіне тағайындалады. Егер де осы мекенжай бойынша бірнеше жекеменшік иесі (отбасылары) тіркелген жағдайда, тұрғын үй көмегі жүгінуіне қарай әр отбасының алатын ауданына пропорционалды түрде әр жекеменшік иесіне (отбасына) тағайындалады.
17. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 17 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 20.11.2012 № 10/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 20.11.2012 № 10/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Тұрғын-үй көмегін беру үшін уәкілетті органның шешімі Қағиданың 3 қосымшасы) негіз болып табылады.
25. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органды тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Ескерту. 25 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 20.11.2012 № 10/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Өтініш беруші ұсынған мәліметтің дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Уәкілетті органға әдейі жалған мәлімет беріп, артық немесе негізсіз тұрғын үй көмегі тағайындалған меншік иесі (жалға алушы) алған соманы заңнамада бекітілген тәртіпте қайтарады.
3. Тұрғын-үй көмегін төлеу
27. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін төлеуді уәкілетті органдар екінші деңгейдегі банк арқылы жүзеге асырады.Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына 1 қосымша |
ӨТІНІШ
Ескерту. 1 қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 24.07.2014 № 28/7-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына 2 қосымша |
Азық-түлік үшін пайдаланатын үй жануарлары мен құстардың жасы
Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 14.03.2012 № 4/15-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына 3 қосымша |
Тұрғын үй көмегін тағайындау көлемі туралы (немесе тағайындаудан бас тарту туралы)
ШЕШІМ № ___________
Ескерту. 3 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 24.07.2014 № 28/7-V; 23.12.2014 № 32/7-V шешімдерімен.Істің № ______ 20___ жылғы "____"_____________
1. Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына сәйкес тағайындалсын
ТЕГІ _________________________________________________________
АТЫ _________________________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ _______________________________________________
Туған уақыты _____________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Жеке куәлігі __________________________________________________
Кім берген ___________________________________________________
Отбасы мүшесінің саны ____________________________________ адам
Жүгінген мерзімі 20___ жылы "____" ____________________________
Төлемге тұрғын үй көмегінің көлемі
"___"___________ жылдан "___"________ жылға дейін сомасында
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(санмен және жазумен)
Қызмет көрсететін банктегі жеке есепшоты № _____________________
2. Тұрғын үй көмегін беруден бас тарту ___________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(себебін түсіндіру)
Глубокое ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы ___________________________________ Аты-жөні
Глубокое ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің маманы ____________________________________ Аты-жөні