Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 15.11.2013 N 19-2/2 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14)тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 25 шілдедегі Зайсан аудандық мәслихатының № 6-2/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2636 нөмірімен тіркелген, «Достық» газетінің 2012 жылғы 15 тамызындағы № 64 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 4)тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Сайранов
Аудандық мәслихат
хатшысы Д. Ыдырышев