"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 25 шілдедегі № 6-2/2 шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 маусымдағы N 14-1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 шілдеде N 2985 болып тіркелді. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 қарашадағы N 19-2/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 15.11.2013 N 19-2/2 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14)тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 25 шілдедегі Зайсан аудандық мәслихатының № 6-2/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2636 нөмірімен тіркелген, «Достық» газетінің 2012 жылғы 15 тамызындағы № 64 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың 4)тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            Қ. Сайранов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады