РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 28-2/1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабының 8, 9-тармақтарына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына келесі әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 28-2/1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | М. Әнуаров |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |