2015 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-8/4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 3646 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 41-8/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 41-8/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабы 8-тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына мынадай әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Сессия төрағасы Е. Келгенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

 
Зайсан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 29-8/4 шешіміне қосымша

Зайсан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1) "2014 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 21-11/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылдың 21 қаңтарда 3172 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 12 ақпанында аудандық "Достық" газетінің № 12 (10321) санында жарияланған) шешімі;
      2) "2014 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 21-11/5 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 31 қазандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 28-2/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылдың 11 қарашада 3538 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 22 қарашада аудандық "Достық" газетінің № 93 (10394) санында жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады