РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды, сондай-ақ жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген интернатты ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 5-5), 5-6) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы есебінен бір пайыз мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар және интернатты ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындар квотаcы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |