Жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 1779 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 мамырда № 2938 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 140 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды, сондай-ақ жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген интернатты ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 5-5), 5-6) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы есебінен бір пайыз мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар және интернатты ұйымдардың кәмелеттік жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындар квотаcы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады