Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 25.12.2014 N 272 хаты).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы №1316 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 28 шілдедегі №23/190-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-78 нөмірмен тіркелген,2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 37 (7381) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммімен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінің:
1-тараудың 2-тармағының 7-азат жолы алынып тасталсын;
2-тараудың 4-тармағының 10-азат жолы алынып тасталсын:
3-тараудың 18-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған,жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.».
2.Осы шешімнің 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3, 4, 5-азат жолдарын коспағанда, осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Сессия төрағасы |
Б. Тоқтағанов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д. Бралинов |