Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі N 23/190-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 26 тамызда N 5-13-78 болып тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 272 хаты). Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/213-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 28/213-V шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 22/156-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесі", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесін", "Ережесінде" деген сөздер тиісінше "Қағида", "Қағидасы", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасын", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 22/156-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсынылып отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы бекітілсін.
      2. 2005 жылғы 25 наурыздағы "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын-үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" № 11/12-III (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 7 сәуірде 2264 нөмірімен тіркелген, "Арай" газетінің 2005 жылғы 2 мамырдағы № 19 санында, "Луч" газетінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 18 санында жарияланған), 2007 жылғы 22 желтоқсандағы "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/12-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 3/33-IV (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 8 қаңтарда № 5-13-38 нөмірімен тіркелген, "Арай" - "Луч" газеттерінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 2 санында жарияланған), 2008 жылғы 11 шілдедегі "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/12-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 6/77-IV (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 шілдедегі № 5-13-47 нөмірімен тіркелген, "Арай" - "Луч" газеттерінің 2008 жылғы 4 тамызда № 34 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Сессия төрағасы

Е. Мамыров

Аудандық мәслихаттың



хатшысы

Д. Бралинов

   






Катонқарағай аудандық


мәслихатының 2010 жылғы


28 шілдедегі № 23/190-IV


шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 22/156-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі;
      5) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.03.2012 N 2/18-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.02.2013 N 10/82-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2013 N 20/140-V (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      3. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер уәкілетті органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерді, олардың өзгерістерін ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары шегінде есепке алынады.
 

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы.
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      9) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 24.12.2013 N 20/140-V шешімімен.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.03.2012 N 2/18-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.02.2013 N 10/82-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2013 N 20/140-V (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 22/156-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      5. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттарды, коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттарды, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін және де отбасының кірісін растайтын құжаттарды тоқсан сайын беріп отырады. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер үшін ағымдағы төлемдерді оны тағайындаған айдан бастап тұрақты төлеген жағдайда ғана тағайындалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.03.2012 № 2/18-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
      7. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.
      Жергілікті жылумен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі жылына бір рет өтініш берген айдан тәуелсіз тоқсанға тағайындалады.
      8. Қайталанған өтініш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
      9. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша орташа баға қолданылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқылары жоқ:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар келесі тұлғаларды қоспағанда:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
      11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      12. Электрмен, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үйді ұстау бойынша шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа шоттар бойынша есепке алынады. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
      13. Жылу энергиясын тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсанға нақты шығындар бойынша немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептеу құралдарының көрсеткіштерінің негізінде анықталады.
      14. Үйлерде орталықтандырылған жылу болмаған жағдайда жылу және сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеледі.
      15. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, толық жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде тоқсандық кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 18.03.2011 № 28/249-IV шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Тұрғын үй көмегі тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
      1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен жайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш берушінің ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда - өтініш беруші ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы да ұсынуы тиіс.
      17. Тұрғын үй көмегінен негізсіз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.
 

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      18. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған,жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 24.12.2013 N 20/140-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарды есепке алумен тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық кірісінің 10 % мөлшерінде белгіленеді.
      20. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарна өтініш берілген тоқсанда үш айға бірден есептеледі.
      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
      1) алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасы үшін – 30 шаршы метр;
      3 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін – әрқайсысына 18 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;
      2) айына 1 адамға газ шығыны – 4 кг;
      3) электр энергиясын тұтыну - әр тұратын адамға 90 кВт;
      4) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны - 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.
 

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      Ескерту. 4 тарау жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 17.04.2014 № 22/156-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
 

5. Қорытынды ережелер

      27. Осы қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады