Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 27.01.2014 N 02 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялы инспекторының 2013 жылдың 19 сәуіріндегі № 348 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қаратал ауылдық округінің Бекет ауылында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы М. Доскеевке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қаратал ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Б. Қәрібжанов сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық
округінің әкімі Б. Қасенов
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Үржар
аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
инспекторы М. Доскеев
25.05.2013 ж.