Қаратал ауылдық округінің Бекет ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 24 мамырдағы N 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 маусымда N 2978 болып тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 27.01.2014 N 02 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялы инспекторының 2013 жылдың 19 сәуіріндегі № 348 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қаратал ауылдық округінің Бекет ауылында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы М. Доскеевке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Қаратал ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Б. Қәрібжанов сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қаратал ауылдық
      округінің әкімі                            Б. Қасенов

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Үржар
      аудандық аумақтық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
      инспекторы                                 М. Доскеев

      25.05.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады