Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 27.01.2014 N 02 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялы инспекторының 2013 жылдың 18 сәуіріндегі № 338 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Мақаншы ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К. Жунусбеков осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Мақаншы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Б. Иманбаев сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақаншы ауылдық округінің әкімі С. Қалиев
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Үржар
аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
инспекторы К. Жунусбеков
13 мамыр 2013 жыл