Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.01.2014 № 1 қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. С. Көлгіновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Ноғаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
_____________А. Жұмағалиев
29.03.2013 ж.
2013 жылғы 29 наурыздағы № 40
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
"Заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет
түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Электрондық мемлекеттік қызметті "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызметтің электрондық регламенті:
1) "Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген "Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартының негізінде;
2) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес әзірленді.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық қызмет.
5. Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер және қысқарған сөздер:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ақпарат ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) бизнес - сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
3) "Е-лицензиялау" веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайта қалпына келтірілген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірлерін орталықтан қалыптастыратын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (нысандары, орындары, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ);
4) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
5) "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендірілуін енгізу мақсатында және мемлекеттік басқару органдарына, өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және нақты мәліметтерді беру мақсатында жеке бірыңғай бизнес нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
6) Құрылымдық-функционалдық бірліктер – электрондық мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелердің тізбесі (бұдан әрі - ҚФБ);
7) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық өтініш білдіретін және оларды пайдаланатын субъект (алушы, қызмет беруші);
8) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға ұсыну қызметі;
9) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлға;
10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса есептегенде, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезелі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭҮП);
11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылатын және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
12) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және ұсынылатын қағаз тасығыштағы лицензиямен теңестірілген салалас электрондық құжат нысанындағы лицензия;
13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
14) электрондық үкімет шлюзі– электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
15) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, ұйымдардың және "электрондық үкіметтің" ақпарат жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың нақтылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терілімі (бұдан әрі – ЭЦҚ);
17) Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – БНАЖ).
2. Электрондық мемлекеттік
қызметті көрсету бойынша қызмет
көрсетуші қызметінің тәртібі
6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):
1) алушы өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады, ол алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-та тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс - алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-қа алушы құпия сөзді енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – ЭҮП-та тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқаға сәйкестігін логин (ЖСН/БСН) және құпия сөз арқылы тексеру;
4) 2-үдеріс – алушының деректерінде қателіктердің орын алуына байланысты ЭҮП-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны құру;
5) 3-үдеріс – алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекітіп, оны алушының толтыруы үшін экранға өтініш нысанын шығару;
6) 4-үдеріс – қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға түседі;
7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тексеру;
8) 5-үдеріс – қызметтерді "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
9) 6-үдеріс – өтінішті куәландыру (қол қою) үшін алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде жоқ болуын, сондай-ақ өтініште көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-та тексеру;
11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ-сының нақтылығын растамауға байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12) 8-үдеріс – алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге өтініштің толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
13) 9-үдеріс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да электронды құжатты (алушының өтінішін) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да өтінішті өңдеу;
14) 4-шарт – қызмет берушінің лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
15) 10-үдеріс – алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ғы деректерінде қателіктердің орын алуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
16) 11-үдеріс – алушының ЭҮП құрған қызмет (электрондық лицензия) нәтижелерін алуы. Электронды құжат қызмет көрсетуші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
7. Қызмет көрсетуші арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы):
1) 1-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет көрсетуші қызметкердің логині мен құпия сөзін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға енгізуі;
2) 1-шарт – қызмет көрсетушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин және құпия сөз арқылы тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің деректерінде қателіктердің орын алуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да құру;
4) 3-үдеріс – осы регламентте көрсетілген қызметтерді қызмет көрсетуші қызметкерінің таңдауы, қызмет көрсету үшін өтініш нысанын экранға шығару және қызмет көрсету қызметкерінің алушы деректерін сонымен қатар алушының сенімхаты бойынша өкілі деректерін (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, сенімхат басқалай куәландырылған жағдайда-сенімхат деректері толтырылмайды) енгізуі;
5) 4-үдеріс – ЭҮШ арқылы алушы туралы деректерді ЗТ МДБ жіберу;
6) 2-шарт – алушы деректерінің ЗТ МДБ-да БНАЖ-да сенімхат деректерінің бар болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – алушы деректерінің ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны құру;
8) 6-үдеріс - құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде өтініш нысанын толтыру және алушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет көрсетуші қызметкердің сканерлеуі;
9) 7-үдеріс – өтінішті "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу;
10) 3-шарт – қызмет көрсетуші лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
11) 8-үдеріс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да алушы деректерінде қателіктердің орын алуына байланысты сұратылған қызметтен бас тартуы туралы хабарламаны құру;
12) 9-үдеріс – алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да құрылған қызмет нәтижелерін (электрондық лицензия) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
8. Қызметке өтініш беру және жауапты толтыру нысаны www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталында келтірілген.
9. Электрондық мемлекеттiк қызмет бойынша өтінішті орындау мәртебесiн алушыны тексеру тәсiлi: "элетрондық үкімет порталында" "Қызметтер алу тарихы" бөлiмiнде, сонымен қатар жергілікті атқарушы органға өтiнiш жасау арқылы жүргізіледі.
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті call орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету үдерісіндегі өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ;
3) ЭҮТШ;
4) "Е-лицензиялау" МДБ АЖ;
5) ЗТ МДБ;
6) алушы;
7) қызмет көрсетуші.
12. Әрбір іс-қимылды орындау мерзімін көрсете отырып, іс қимылдар (ресім, функциялар, операциялар) тізбектілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттың 1 қосымшасында келтірілген;
13. Іс-қимылдардың сипатталуларына сәйкес олардың логикалық тізбектілігі (электронды мемлекетік қызмет көрсету үдерісінде) арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма осы регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
14. Алушыларға қызметтерді көрсету нәтижелері осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Қызметтерді көрсету үдерісінде алушыларға қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау);
16. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
1) Ғаламторға шығу;
2) электронды лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;
3) ЭҮП авторизациялау;
4) ЭЦҚ пайдаланушының болуы;
5) екінші деңгейдегі банкте банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.
"Заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ-ның
іс-қимылдарының сипаттамасы
№ (Іс-әрекеттер барысы, жұмыс пен іс-қимылдар) |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ-ның атауы |
Алушы |
ЭҮП |
Алушы |
Іс-қимылдың атауы (үдеріс, ресім, операциялар және оларды сипаттау) |
ЭЦҚ тіркеу куәлігінің алушысын компьютердің ғаламтор браузеріне бекіту |
Алушылар деректерінде қателіктердің орын алуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру |
Электрондық түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, қызметті таңдайды және өтініш деректерін құрады |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- |
Өтінішті сәтті қалыптастыру туралы хабарламаны көрсету |
Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту хабарламаны қалыптастыру |
Өтінішті бағыттау |
Орындалу мерзімдері |
10-15 секунд |
20 секунд |
1,5 минут |
Келесі іс-қимыл нөмірі |
2 - егер алушының деректерінде қателіктер орын алған жағдайда; |
-- |
-- |
кестенің жалғасы
4 |
5 |
6 |
7 |
ЭҮТШ |
ЭҮП |
Алушы |
ЭҮП |
Қызметтерді төлеу |
Төлемнің төленбеуіне байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады |
Сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау |
Тұтынушының ЭЦҚ нақтылығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады |
ақпарат "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға түседі |
Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту хабарламаны қалыптастыру |
Өтінішті бағыттау |
Сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту хабарламаны қалыптастыру |
1,5 минут |
10-15 секунд |
10-15 секунд |
10-15 секунд |
5 – егер төлемесе; |
-- |
7 - егер ЭЦҚ қате болса; |
-- |
кестенің жалғасы
8 |
9 |
10 |
11 |
Алушы |
ЭҮП |
ЭҮП |
ЭҮП |
ЭЦҚ арқылы өтінішті куәландыру (қол қою) |
Электрондық құжатты, өтінішті (алушының өтінішін) "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу |
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да алушы деректерінде қателіктердің орын алуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру |
Электронды құжат (электрондық лицензия) |
Өтінішті бағыттау |
Өтінішке нөмір беру арқылы өтінішті тіркеу |
Дәйекті бас тартуды қалыптастыру |
Шығатын құжатты көрсету (электрондық лицензия) |
1,5 минут |
15 жұмыс күні |
-- |
-- |
-- |
10 - лицензия беру үшін қызмет көрсетушінің біліктілік талаптарына және негіздерге алушының сәйкестігін тексеру |
-- |
-- |
2-кесте. Қызмет көрсетуші арқылы
ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау
№ іс-қимыл (жұмыс барысының жәйі) |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ-ның атауы |
Қызмет көрсетуші |
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ |
Қызмет көрсетуші |
Іс-қимылдың атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және оларды сипаттау |
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да авторизация- |
Деректерде қателіктердің болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру |
Қызмет көрсетуші қызметкерінің қызметтерді таңдауы |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- |
Өтінішке нөмір беру арқылы жүйеде өтінішті тіркеу |
Дәйекті бас тартуды қалыптастыру |
Өтінішті сәтті қалыптастыру туралы хабарламаны көрсету |
Орындалу мерзімдері |
10-15 секунд |
10 секунд |
1,5 минут |
Келесі іс-қимыл нөмірі |
1 - қызмет көрсетуші қызметкерінің логині мен құпия сөзін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тексеру |
-- |
-- |
кестенің жалғасы
4 |
5 |
6 |
ЗТ МДБ |
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ |
Қызмет көрсетуші |
Алушының деректерін тексеруге өтінішті ЗТМ ДҚ-ға жіберу |
Деректерде қателіктердің орын алуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру |
Құжаттарды бекіте отырып, өтініш нысанын толтыру |
Өтінішті бағыттау |
Дәйекті бас тартуды қалыптастыру |
Өтінішті бағыттау |
1,5 минут |
1,5 минут |
10-15 секунд |
5 – егер алушы деректерінде қателіктер орын алған болса; |
-- |
-- |
кестенің жалғасы
7 |
8 |
9 |
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ |
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ |
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ |
Электрондық құжатты "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да өтінішті өңдеу; |
Алушының деректерінде қателіктердің орын алуына байланысты сұратылған қызметтен бас тартуы туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да құру |
Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
Өтінішке нөмір беру арқылы өтінішті тіркеу |
Дәйекті бас тартуды қалыптастыру |
Қызметтің (электрон-дық лицензия) нәтижесін қалыптастыру |
15 жұмыс күні |
-- |
-- |
8 - егер "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да өтініш бойынша деректер болмаса; |
-- |
-- |
"Заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік
қызметті көрсету кезіндегі
функционалды өзара іс-қимылдың
№ 1 диаграммасы
Қызмет көрсету арқылы электрондық
мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
функционалды өзара іс-қимылдың
№ 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
Бастапқы хабарлама |
|
Аяқтаушы хабарлама |
|
Аралық хабарлама |
|
Аяқтаушы қарапайым оқиға |
|
Қате |
|
Ақпараттық жүйе |
|
Үдеріс |
Үдеріс |
Шарт |
|
Басқару ағыны |
|
Хабарлама ағыны |
|
Соңғы алушыға ұсынылатын электронды құжат |
"Заңды тұлғалардың түстi және
қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне
3 қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің:
"сапа" және "қолжетімділік"
көрсеткіштерін анықтау үшін
сауалнама нысаны
___________________________________
(қызмет атауы)
1. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сапасымен және нәтижесімен қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанғаттансыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.