"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы М. Л. Тоқжановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 261 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
2. Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы туралы осы қағидалар "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары
3. Мемлекеттiк қызметшiлер:1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет институттарының беделiн түсiретiндей iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;
4) мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;
5) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарауға;
6) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
7) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiне кедергi жасайтын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
10) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
11) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға;
12) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
13) кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
14) қарамағындағы мемлекеттiк қызметшiлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы терiс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
15) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмауға және олардың жолын кесуге;
16) өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
17) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк, орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге;
18) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi де анық мәлiметтер беруге;
19) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрi тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;
20) ұжымда iскерлiк өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
21) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
22) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға тиiс.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер iскерлiк этикеттi сақтауға, ресми мiнез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиiс.
5. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.
Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер бағынысты қызметкерлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқы
6. Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуi тиiс.
7. Мемлекеттiк қызметшi, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға, оның iшiнде жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Мемлекеттiк қызметшi өзiн басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
Мемлекеттiк органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiру жағдайлары туралы мәлiмдеулерi бойынша, оның iшiнде тексерулер ұйымдастыру және уәкiлеттi органдарға өтiнiштер жолдау арқылы шаралар қолдануға мiндеттi.
Мемлекеттiк органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiрудiң анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттiк қызметшiнi оның құқықтарын, заңды мүдделерiн кемсiтетiн қудалаудан қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
8. Мемлекеттiк қызметшiлер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге тиiс.
9. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнiнде барлық мүмкiндiктердi пайдалануы, жеке мүдделерiне және үшiншi тұлғалардың мүдделерiне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуi тиiс.
10. Мемлекеттiк қызметшiлер жеке мүлiктiк және мүлiктiк емес пайдалар алу үшiн өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктердi қолданбауға тиiс.
11. Мемлекеттiк қызметшiлер мүдделер қақтығысын болғызбау үшiн шаралар қолдануы тиiс.
12. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi және оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян тигiзетiндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттiк қызметшi оның жолын кесу және реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға мiндеттi.
4. Көпшiлiк алдында сөйлеу
13. Мемлекеттiк орган қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның басшысы немесе мемлекеттiк органның бұған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты әдептi түрде жүргiзуi тиiс.
14. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсiнiң мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
1) мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес немесе;
2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
3) мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердiң атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.
15. Мемлекеттiк саясатты жүргiзумен, мемлекеттiк органның және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiмен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органның атынан жариялымдарына жол берiлмейдi. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттiк қызметшi жеке тұлға ретiнде тек өз атынан жүзеге асырады.
16. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
5. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлқы
17. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиiс.18. Мемлекеттiк қызметшiлер қарапайымдылық танытуға, көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбауға тиiс.