Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 14-2 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 7-8 "Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3165 тіркелген, 2013 жылы 31 қаңтардағы "Жайық таңы" газетінің № 5 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
3 тармағында "он пайыз мөлшерінде" деген сөздер "бес пайыз мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы М. Досқалиева
Маслихат хатшысы Д. Жақсыбаев