Ақжайық аудандық мәслихатының 2012 жылы 20 желтоқсандағы № 7-8 "Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 шілдедегі № 12-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 шілдеде № 3328 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 14-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 14-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 7-8 "Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3165 тіркелген, 2013 жылы 31 қаңтардағы "Жайық таңы" газетінің № 5 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Ақжайық ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
      3 тармағында "он пайыз мөлшерінде" деген сөздер "бес пайыз мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                  М. Досқалиева
      Маслихат хатшысы                 Д. Жақсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады