Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 қарашада № 3364 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 04.10.2016 № 7-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Сессия төрағасы А. Ізмағамбетов
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов

  Тасқала аудандық мәслихатының
2013 жылғы 14 қарашадағы
№ 16-2 шешімімен
бекітілген

Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы

      Осы Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі- Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      7) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Тасқала аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2016 № 7-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2018 № 27-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген, бұйрығына сәйкес айқындалады.

      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін төлемақыға шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының бес пайызы мөлшерінде аз қамтылған отбасылар (азаматтар), ерлі-зайыпты зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты мүгедектер, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар үшін белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 18.03.2014 № 22-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2016 № 4-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Шешім 4-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

ІІ. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
      3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
      7 балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
      8) банктік шоты;
      9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағиданың 10-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды, зейнеткерлерді қоспағанда, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      7. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік иесінде, отбасы құрамында, жиынтық табысында өзгеріс жағдайлары пайда болған күнінен 10 күн ішінде уәкілетті органға хабардар етуге тиіс.

      Заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңдарда белгіленген тәртіппен қайтарылады.

      10-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Шешім 10-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10-2. Осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Шешім 10-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 10-3-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Шешім 10-4-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Шешім 10-5-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".

      Ескерту. Шешім 10-6-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

ІІІ. Тұрғын үй көмегін төлеу

      11. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе

Решение Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 14 ноября 2013 года № 16-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 26 ноября 2013 года № 3364. Утратило силу решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 21 февраля 2020 года № 44-6

      Сноска. Утратило силу решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 21.02.2020 № 44-6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Таскалинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе.
      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 04.10.2016 № 7-2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Председатель сессии А. Измагамбетов
      Секретарь районного маслихата С. Рахимов

  Утверждены
решением Таскалинского
районного маслихата
от 14 ноября 2013 года № 16-2

Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе

      Настоящие Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи.

I. Общие положения

      1. В правилах используются следующие основные понятия:
      1) доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) орган управления объектом кондоминиума - физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      4) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Таскалинского района" (далее – уполномоченный орган), осуществляющий назначение жилищной помощи;
      5) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      6) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;
      7) Отдел Таскалинского района по обслуживанию населения филиала некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Западно-Казахстанской области (далее – Государственная корпорация).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решениями Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18.07.2016 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 04.10.2016 № 7-2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно проживающим в Таскалинском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) исключен решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18.07.2016 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18.07.2016 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи определяется в соответствии с приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7412.
      Доля предельно-допустимых расходов на оплату содержания жилья и оплату коммунальных услуг устанавливается в размере пять процентов к совокупному доходу семьи (гражданина) для малообеспеченных семей (граждан), супругов пенсионеров и одиноко проживающих пенсионеров, одиноко проживающих инвалидов, опекунов, проживающих с детьми, оставшимися без родителей.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решениями Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18.03.2014 № 22-4 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 18.07.2016 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18.07.2016 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 4-1 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 4-2 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

II. Порядок назначения жилищной помощи

      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:
      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);
      2) документа, подтверждающего доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений);
      3) адресной справки с места жительства на заявителя (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);
      4) справки об отсутствии (наличии) недвижимого имущества (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);
      5) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);
      6) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;
      7) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;
      8) банковского счета;
      9) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      10) счета на потребление коммунальных услуг;
      11) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;
      12) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.
      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.
      При повторном обращении семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 10-5 настоящих Правил.
      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      6. Жилищная помощь не назначается семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья или сдающим жилище в наем или поднаем. Жилищная помощь не назначается семьям, имеющим трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе по трудоустройству, за исключением находящихся по уходу за инвалидом, нуждающегося в уходе и по уходу за детьми до 3 лет, лиц у которых есть заключения врачебно-консультативной комиссии о неспособности временно работать, лиц стоящих на учете в центре по психическому здоровью, самозанятых, пенсионеров.
      7. Исключен решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      8. Исключен решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      9. Исключен решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10. Получатели жилищной помощи должны в течении 10 дней со дня возникновения ситуации сообщит в уполномоченный орган об изменении собственника своего жилья, состава семьи, совокупного дохода семьи.
      Незаконно полученная жилищная помощь возвращается в порядке определенным законодательством.
      10-1. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 10-1 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10-2. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 5 настоящих Правил, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 10-2 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10-3. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 10-3 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10-4. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 10-4 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10-5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 10-5 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10-6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 10-6 в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 16.07.2018 № 27-9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

ІІІ. Выплата жилищной помощи

      11. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.