Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 04.10.2016 № 7-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Сессия төрағасы | А. Ізмағамбетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Рахимов |
Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-2 шешімімен бекітілген |
Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы
Осы Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі- Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
7) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Тасқала аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2016 № 7-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2018 № 27-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген, бұйрығына сәйкес айқындалады.
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін төлемақыға шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының бес пайызы мөлшерінде аз қамтылған отбасылар (азаматтар), ерлі-зайыпты зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты мүгедектер, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар үшін белгіленеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 18.03.2014 № 22-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2016 № 4-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. Шешім 4-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).ІІ. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
7 балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
8) банктік шоты;
9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағиданың 10-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды, зейнеткерлерді қоспағанда, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
7. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік иесінде, отбасы құрамында, жиынтық табысында өзгеріс жағдайлары пайда болған күнінен 10 күн ішінде уәкілетті органға хабардар етуге тиіс.
Заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңдарда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
10-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Ескерту. Шешім 10-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10-2. Осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. Шешім 10-2-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Шешім 10-3-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. Шешім 10-4-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. Шешім 10-5-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".
Ескерту. Шешім 10-6-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 16.07.2018 № 27-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).ІІІ. Тұрғын үй көмегін төлеу
11. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.