Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 11.12.2014 № 11 шешімімен.
Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 15.05.2014 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының міндетін атқарушы 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 62 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, әкім ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 15.05.2014 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақбұлақ селолық округі әкімі аппаратының бас маманы-мал дәрігері Б. Қодароваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Селолық округінің әкімі С. Уржанов