Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 2 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3535 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 11 шешімімен

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 11.12.2014 № 11 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 2 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтардағы "Серпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шаралары белгіленсін.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақбұлақ селолық округ әкімі аппаратының бас маманы М. Зулкашеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                      С. Уржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады