"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 7-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 ақпанда № 9165 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тізіліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7467 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде № 369-374 (27448) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:

      Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      Комитеттің аумақтық экология департаменттері басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

      Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.".

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


О внесении изменения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 41-П "Об утверждении Правил отнесения категорий государственных служащих подразделений государственного экологического контроля уполномоченного органа в области охраны окружающей среды к должностным лицам, осуществляющим государственный экологический контроль"

Приказ Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 16 января 2014 года № 7-Ө. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 февраля 2014 года № 9165. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 марта 2022 года № 74.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 10.03.2022 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Реестром должностей государственных служащих, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 523, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 41-П "Об утверждении Правил отнесения категорий государственных служащих подразделений государственного экологического контроля уполномоченного органа в области охраны окружающей среды к должностным лицам, осуществляющим государственный экологический контроль" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7467, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 4 июля 2013 года № 211-212 (27030-27031)) следующее изменение:

      в Правилах отнесения категорий государственных служащих подразделений государственного экологического контроля уполномоченного органа в области охраны окружающей среды к должностным лицам, осуществляющий государственный экологический контроль, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. К должностным лицам, осуществляющим государственный экологический контроль, относятся:

      Главный государственный экологический инспектор Республики Казахстан, являющийся заместителем председателя Комитета экологического регулирования и контроля;

      заместитель Главного государственного экологического инспектора Республики Казахстан, являющийся руководителем управления государственного экологического контроля Комитета;

      старшие государственные экологические инспекторы Республики Казахстан, являющиеся главными экспертами управления государственного экологического контроля Комитета;

      государственные экологические инспекторы Республики Казахстан, являющиеся экспертами управления государственного экологического контроля Комитета;

      главные государственные экологические инспекторы областей (города республиканского значения, столицы), являющиеся заместителями руководителей территориальных департаментов экологии Комитета;

      старшие государственные экологические инспекторы областей (города республиканского значения, столицы), являющиеся руководителями отделов государственного экологического контроля территориальных департаментов экологии Комитета;

      государственные экологические инспекторы областей (города республиканского значения, столицы), являющиеся главными специалистами отделов государственного экологического контроля территориальных департаментов экологии Комитета;

      государственные экологические инспекторы областей (города республиканского значения, столицы), являющиеся ведущими специалистами отделов государственного экологического контроля территориальных департаментов экологии Комитета.".

      2. Комитету экологического регулирования и контроля Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и последующее его опубликование в официальных средствах массовой информации и размещение на интернет-ресурсе Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр

Н. Каппаров