"Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 ақпанда № 9168 тіркелді

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетовке) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Имашев

Әділет министрінің   
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 58 бұйрығымен     
бекітілді        

Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеуәдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Атқарушылық іс жүргізу және соторындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды анықтау үшін қолданылады.
      2. Атқарушылық іс жүргізу шығыстары оларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалған бюджеттік қаражат, сот орындаушысы орындау процесінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының, өзге адамдар мен ұйымдардың қаражаты болып табылады.

2. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстардың түрі

      3. Атқарушылық іс-әрекеттерді жасау шығыстарына:
      1) борышкердің мүлкін анықтауға, қарап тексеруге, бағалауға;
      2) борышкердің мүлкіне тізімдеме жасау мен тыйым салуды
ұйымдастыруға және өткізуге, осы мүлікті тасымалдауға және сақтауға;
      3) тыйым салынған мүлікті өткізуді ұйымдастыруға;
      4) белгіленген тәртіппен атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тартылған аудармашыларға, мамандарға және басқа да адамдарға ақы төлеуге;
      5) өндіріп алынған сомаларды өндіріп алушыға пошта арқылы аударуға (жіберуге);
      6) өндіріп алынған соманы қолма-қол ақшаны бақылау шотынан және ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығыстарына;
      7) борышкерді іздестіруге;
      8) өндіріп алушының аванстық жарнасына;
      9) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушысының қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынастағы (таксиден басқа) қоғамдық көліктің барлық түрлерінде жол жүруіне, оның ішінде жеке сот орындаушысының іссапар шығыстарын төлеуге;
      10) атқарушылық құжатты орындау процесіндегі басқа да қажетті іс-әрекеттерге;
      11) сот орындаушысы орындау процесінде тартқан адамдардың өзге де сыйақыларына жұмсалған қаражат жатады.

3. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу

      4. Сот орындаушысы мынаны есептейді:
      1) атқарушылық іс жүргізу бойынша хаттарды (хабарламаментапсырысты) және телеграммаларды жіберу кезінде келтірілген шығыстар;
      2) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау орнына сот орындаушысының қалалық, қала маңындағы, жергілікті қатынастағы (таксиден басқа) қоғамдық көліктің барлық түрлерінде жол жүру құны, оның ішінде сот орындаушыларының іссапар шығыстарын төлеу:
      атқарушылық іс-әрекеттерді жасау орнына жол жүру құны (жол жүру құжаттарын ресімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер төлемі, поездарда төсек жабдықтарын қолдану шығыстарымен қоса) жол жүру құжаттарымен расталған нақты шығыстардың мөлшерінде жүзеге асырылады, бірақ:
      теміржол көлігі - жылдам фирмалық поездің купе вагонында;
      су көлігімен - тұрақты көлік желісі теңіз кемелерінің және жолаушыларға кешенді қызмет көрсету желісінің V топтағы каютасында, барлық қатынас желісі өзен кемесінің II санаттағы каютасында, паромдық өткізу кемесінің I санаттағы каютасында;
      әуе көлігімен - экономикалық класстағы салонда;
      автомобиль көлігімен - ортақ қолданыстағы автокөлік құралында (таксиден басқа) жол жүру құнынан жоғары емес.
      3) борышкердің мүлкін бағалау бойынша шығыстар;
      4) шақыртылған мамандардың көрсеткен қызметтерінің құны;
      5) борышкердің мүлкін жеткізу (тасымалдау) құны;
      6) борышкердің мүлкін сақтау бойынша шығыстар;
      7) бұқаралық ақпарат құралындарында алдағы аукцион туралы хабарлама құны;
      8) мүлікті өткізу бойынша сауда-саттықты ұйымдастыруға жұмсалған сомалар;
      9) өндірілген сомаларды өндіріп алушыға пошта арқылы аудару (жіберу) төлеміне жұмсалған сомалар;
      10) қолма-қол ақшаны бақылау шотынан және ағымдағы шоттан
өндірілген сомаларды беруге байланысты банк шығыстарын төлеу үшін жұмсалған сомалар;
      11) борышкерді іздестіруді жүзеге асыратын органдардың шығыстары;
      12) атқарушылық іс-әрекеттерді жасауға жұмсалған өзге шығыстар;
      13) өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында қол жеткізілген аванстық шарттарға сәйкес жеке сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ағымдағы шотына өндіріп алушы енгізген сомалар.
      5. Шығыстар нақты жұмсалған сомаларға байланысты және оларды жинақтау арқылы есептеледі.
      6. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстар есебі атқарушылық іс-әрекеттерді жасау бойынша шығыстардың туындауы туралы растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі.
      7. Шығыстардың туындау фактісін растайтын құжаттар төлем
тапсырмалары, түбіртектер, атқарылған жұмыс актілері және тиісті
қызметтерді көрсетуге арналған шарттарда көрсетілген басқа да сомалар және төлем құжаттары болып табылады.

Об утверждении Методики расчета расходов по исполнительному производству

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 58. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2014 года № 9168

      В соответствии с пунктом 6 статьи 114 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» и подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 18 марта 2002 года «Об органах юстиции», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую методику расчета расходов по исполнительному производству.
      2. Комитету по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан (Ешмагамбетову Ж.Б.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление настоящего приказа на официальное опубликование в средствах массовой информации в течении десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) опубликование настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Заместителя министра юстиции Республики Казахстан Азимову Э.А.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Имашев

Утверждена          
Приказом Министра юстиции
от 13 февраля 2014 года № 58

Методика расчетов расходов по исполнительному производству

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика расчетов расходов по исполнительному производству (далее - Методика) разработана в соответствии с пунктом 6 статьи 114 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебного исполнителя» (далее - Закон) и применяется для определения расходов по исполнительному производству.
      2. Расходами по исполнительным производствам являются затраченные на их организацию и проведение бюджетные средства, средства сторон исполнительного производства, иных лиц и организаций, привлеченных судебным исполнителем в процессе исполнения.

2. Виды расходов по исполнительному производству

      3. К расходам по совершению исполнительных действий относятся средства, затраченные на:
      1) выявление, осмотр, оценку имущества должника;
      2) организацию и проведение описи и ареста имущества должника, перевозку и хранение такого имущества;
      3) организацию реализации арестованного имущества;
      4) оплату переводчиков, специалистов и других лиц, привлеченных в установленном порядке к совершению исполнительных действий;
      5) перевод (пересылку) по почте взыскателю взысканных сумм;
      6) банковские расходы, связанные с выдачей взысканных сумм с контрольного счета наличности и текущего счета;
      7) розыск должника;
      8) авансовый взнос взыскателя;
      9) проезд судебного исполнителя при совершении исполнительных действий на всех видах общественного транспорта - городском, пригородном и местных сообщений (кроме такси), в том числе оплата командировочных расходов судебных исполнителей;
      10) другие необходимые действия в процессе исполнения исполнительного документа;
      11) иные вознаграждения лицам, привлеченным судебным исполнителем в процессе исполнения.

3. Расчет расходов по исполнительному производству

      4. Судебным исполнителем рассчитывается:
      1) расходы, понесенные по исполнительному производству при направлении писем (заказных с уведомлением) и телеграмм;
      2) стоимость проезда судебного исполнителя на место совершения исполнительских действий на всех видах общественного транспорта - городском, пригородном и местных сообщений (кроме такси), в том числе оплата командировочных расходов судебных исполнителей:
      стоимость проезда (включая оплату услуг по оформлению проездных документов, расходы на пользование в поездах постельными принадлежностями) к месту совершения исполнительных действий, осуществляется в размере фактических расходов, подтвержденных проездными документами, но не выше стоимости проезда:
      железнодорожным транспортом - в купейном вагоне скорого фирменного поезда;
      водным транспортом - в каюте V группы морского судна регулярных транспортных линий и линий с комплексным обслуживанием пассажиров, в каюте II категории речного судна всех линий сообщения, в каюте I категории судна паромной переправы;
      воздушным транспортом - в салоне экономического класса;
      автомобильным транспортом - в автотранспортном средстве общего пользования (кроме такси).
      3) расходы по оценке имущества должника;
      4) стоимость оказанных услуг привлеченных специалистов;
      5) стоимость по перевозке (транспортировке) имущества должника;
      6) расходы по хранению имущества должника;
      7) стоимость оповещения о предстоящем аукционе в средствах массовой информации;
      8) суммы, затраченные на организацию торгов по реализации имущества;
      9) суммы, затраченные при оплате перевода (пересылки) по почте взыскателю взысканных сумм;
      10) суммы, затраченные для оплаты банковских расходов, связанных с выдачей взысканных сумм с контрольного счета наличности и текущего счета;
      11) расходы органами, осуществляющими розыск, на розыск должника;
      12) иные расходы и вознаграждения лиц, затраченные при совершении исполнительских действий.
      13) суммы внесенные взыскателем на текущий счет частного судебного исполнителя, необходимые для осуществления им исполнительских действий согласно условиям авансирования достигнутых между взыскателем и частным судебным исполнителем.
      5. Расходы исчисляются от фактически затраченных сумм и путем их суммирования.
      6. Расчет расходов по исполнительному производству проводится на основе подтверждающих документов о возникновении расходов по совершению исполнительных действий.
      7. Документами, подтверждающими факт возникновения расходов являются платежные поручения, чеки, акты выполненных работ и иные суммы, указанные в договорах (соглашениях) на оказание соответствующих услуг и иные платежные документы.