Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2016 № 24 бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару департаменті (Б.Т. Айқымбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару департаменті (Б.Т. Айқымбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 16 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына және жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін орындау барысында, әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасауда мінез-құлқының негізгі нормаларын анықтайды.
3. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өздерінің қызметтік еңбегінде:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және мемлекеттік қызмет саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алғаны:
2) адалдық, тәртіптілік, жауаптылық, белсенділік, бастамашылық көрсеткені және әңгімелесулер (кездесулер) барысында басқа адамдарға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет көрсеткені;
3) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге жағдайларына қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтегені;
4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал еткені, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарағаны;
5) адал, әділ, қарапайым болғаны, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтағаны, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытқаны;
6) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде ұжымның топтасуына ықпал еткені;
7) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырғаны;
8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмағаны, сынағаны үшін қудалауға жол бермегені, сындарлы сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдаланғаны;
9) жұмыс уақытын тиімді пайдаланғаны және басқа мемлекеттік қызметшілерге ұжымда өз еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жасамағаны;
10) қызметтік үлкен-кішілік дәрежені сақтағаны;
11) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз еткені, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдаланғаны;
12) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермегені;
13) мемлекеттік қызметшілердің өз функциялары мен міндеттерін орындауы кезінде бастамашылығын қолдағаны және ынталандырғаны;
14) мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөнінде шаралар қолданғаны;
15) осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактілеріне қағидатты ден қоюға, кінәлілердің жауапкершілігімен қатар өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қойғаны жөн.
4. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қарапайымдылық танытқаны, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде Министрлік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпегені және пайдаланбағаны, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбағаны жөн.
5. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қызметтік жағдайын және оған байланысты мүмкіндігін қоғамдық және діни бірлестіктер, басқа коммерциялық емес ұйымдар мүддесіне сай, оның ішінде оларға деген өзінің қатынасын насихаттау үшін пайдалануына болмайды.
6. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылықтарын сақтауы керек.
Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпаратқа ие болса, ол осындай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату бойынша шаралар қабылдауы қажет, оның ішінде жазбаша түрде жоғары тұрған басшыға, өзі қызмет атқаратын Министрліктің басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауы қажет.
Министрліктің мемлекеттік қызметшісі сондай-ақ егер оны басқа адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеген жағдайда, көрсетілген тұлғалар мен органдарға дереу жазбаша түрде ақпарат беруі тиіс.
7. Министрлік қызметшісі мемлекеттік саясат пен қызметтік еңбегі мәселелері бойынша, егер олар:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат берілмеген ақпаратты ашса;
3) мемлекеттің, мемлекеттік басқару органдарының, басқа мемлекеттік қызметшілердің атына этикалық емес ой-тұжырымдарын қамтыған жағдайда өз пікірін жария түрде білдіруге тиісті емес.
8. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға тиіс.
9. Министрлікте мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет пен еңбек салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген мемлекеттік қызметшігі кез-келген кемсіту нысандарын, сондай-ақ тамыр-таныстықтың, артықшылықтардың және жеңілдіктердің кез-келген нысандарын қолдануға жол берілмейді.
10. Министрліктің мемлекеттік қызметшісі қызметтен тыс уақытта:
1) жалпыға бірдей қабылданған моралдық-этикалық нормаларды сақтауға, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол беремеуі;
2) өз абырой-беделіне нұқсан келтіретін қоғамдық теріс резонанс туындататын іс-әрекеттерге жол бермеуі, өзінің аброй-беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтардан бойын аулақ салуы;
3) Министрліктің мемлекеттік қызметшісі жоғары атағына дақ түсіруі мүмкін кез-келген жеке байланыстардан бас тартуы қажет.
Қызметтен тыс қатынастарда Министрліктің мемлекеттік қызметшілері осы Қағидаларды және мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманы сақтауы тиіс және мемлекеттік қызметшінің абыройына, қадыр-қасиетіне немесе оның адалдығына, әділдік, объективтілігі мен турашылдығына дақ келтіретіндерді болдырмауы тиіс.