«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9172 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кадр қызметі департаменті (Г.А. Омарова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов