"Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 наурызда № 9191 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.05.2014 № 235 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында басшы құрамды төтенше жағдайлар саласында даярлаудың үлгі бағдарламасында:
      «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері 25-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
      «25-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері.
      Күнделікті әзірлік кезінде, бейбіт уақытта төтенше жағдай қатері туындаған кезде, азаматтық қорғанысты соғыс жағдайына көшірген кездегі басшы құрамның функционалдық міндеттері. ТЖК төрағасының міндеттері. Қысылтаяң жағдайлар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар топтамаларының құрамын, санын айқындау. Зілзалалар, апаттар, авариялар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орынға алып шығу (әкету) және оны орналастыру. Негізгі басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттар.»;
      «Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру 28-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
      «28-тақырып. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру.
      Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің мақсаты; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.»;
      «Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы 35-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
      «35-тақырып. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы.
      Терроризмді айқындау («Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан – Қазақстан Республикасындағы күрес мақсаттары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-бабынан үзінділер), жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі іс-қимыл, күдікті пошталық (аудару) жіберу алған кездегі іс-әрекет, телефон арқылы қатер төндіргендегі іс-қимыл, террорлық актілерді өткізу тәсілдері, террорлық актілерді жасау объектілері, террорлық актілер кезінде пайдаланатын құралдар, террористер басып алған кезде кепілдікке алған адамдардың іс-әрекеті.
      Халықтың:
      жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі;
      телефон арқылы қауіпті хабар алғанда;
      кепілдікке алғанда;
      ұшақты террористер басып алғанда;
      күдікті пошталық жіберу алған кездегі;
      жарылғыш құрылғы іске қосылған кездегі іс-әрекеті.
      Террорлық акті жасалу қаупін ескерту кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Әр түрлі террорлық актілердің салдарынан болған төтенше жағдайлар салдарларын жоюды ұйымдастыру»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында мамандарды төтенше жағдайлар саласында даярлаудың үлгі бағдарламасында:
      «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері 25-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
      «25-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері.
      Күнделікті әзірлік кезінде, бейбіт уақытта төтенше жағдай қатері туындаған кезде, азаматтық қорғанысты соғыс жағдайына көшірген кездегі басшы құрамның функционалдық міндеттері. ТЖК төрағасының міндеттері. Қысылтаяң жағдайлар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар топтамаларының құрамын, санын айқындау. Зілзалалар, апаттар, авариялар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орынға алып шығу (әкету) және оны орналастыру. Негізгі басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттар.»;
      «Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру 28-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
      «28-тақырып. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру.
      Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің мақсаты; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.»;
      «35-тақырыбын. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы» мына редакцияда жазылсын:
      «35-тақырып. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы.
      Терроризмді айқындау («Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан – Қазақстан Республикасындағы күрес мақсаттары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 232-бабынан үзінділер), жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі іс-қимыл, күдікті пошталық (аудару) жіберу алған кездегі іс-әрекет, телефон арқылы қатер төндіргендегі іс-қимыл, террорлық актілерді өткізу тәсілдері, террорлық актілерді жасау объектілері, террорлық актілер кезінде пайдаланатын құралдар, террористер басып алған кезде кепілдікке алған адамдардың іс-әрекеті. Халықтың:
      жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі;
      телефон арқылы қауіпті хабар алғанда;
      кепілдікке алғанда;
      ұшақты террористер басып алғанда;
      күдікті пошталық жіберу алған кездегі;
      жарылғыш құрылғы іске қосылған кездегі іс-әрекеті.
      Террорлық акті жасалу қаупін ескерту кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Әр түрлі террорлық актілердің салдарынан болған төтенше жағдайлар салдарларын жоюды ұйымдастыру».
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Төтенше жағдайлар
            министрі                               В. Божко

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 2 мая 2013 года № 181 "Об утверждении типовых программ подготовки руководящего состава и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 5 февраля 2014 года № 39. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 марта 2014 года № 9191. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 20 мая 2014 года № 235

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 20.05.2014 № 235 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 12 Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций, утвержденный постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 2 мая 2013 года № 181 «Об утверждении типовых программ подготовки руководящего состава и специалистов в области чрезвычайных ситуаций» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8490; опубликован в газете «Казахстанская правда» от 23 октября 2013 года № 299 (27573) следующие изменения:
      в типовой программе подготовки руководящего состава в области чрезвычайных ситуаций в учебно-методических центрах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:
      «Тему 25. Функциональные обязанности руководящего состава по вопросам чрезвычайных ситуаций и гражданской обороны» изложить в следующей редакции:
      «Тема 25. Функциональные обязанности руководящего состава по вопросам чрезвычайных ситуаций и гражданской обороны.
      Функциональные обязанности руководящего состава при повседневной готовности, при угрозе возникновения чрезвычайных ситуаций в мирное время, при переводе гражданской обороны на военное положение. Обязанности председателя КЧС. Организация оповещения населения и организаций об экстремальных ситуациях. Оценка обстановки, принятие решения. Определение состава, численности группировки сил и средств, привлекаемых для проведения спасательных и других неотложных работ. Организация управления силами и средствами, привлекаемыми для выполнения работ в районе бедствия, аварии, катастрофы. Вывоз (вывод) населения в безопасные места и его размещение. Основные руководящие и нормативные документы.»;
      «Тему 28. Действия руководящего состава при организации мероприятий по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, организация спасательных и других неотложных работ» изложить в следующей редакции:
      «Тема 28. Действия руководящего состава при организации мероприятий по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, организация спасательных и других неотложных работ.
      Понятие о чрезвычайной ситуации, ликвидация чрезвычайных ситуаций; назначение Государственной системы по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций; временные периоды ликвидации чрезвычайных ситуаций и основные мероприятия по ликвидации чрезвычайных ситуаций; чрезвычайное положение, его суть и роль при ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций. Алгоритм действий руководящего состава при принятии решения на ликвидацию последствий чрезвычайных ситуаций.»;
      «Тему 35. Действия населения и должностных лиц при возникновении чрезвычайных ситуаций в ходе террористического акта» изложить в следующей редакции:
      «Тема 35. Действия населения и должностных лиц при возникновении чрезвычайных ситуаций в ходе террористического акта.
      Определение терроризма (выдержки из Закона Республики Казахстан «О борьбе с терроризмом» – цели борьбы в Республике Казахстан, из статьи 232 Уголовного кодекса Республике Казахстан), действия при обнаружении предмета, похожего на взрывное устройство, действия при получении подозрительного почтового (перевода) отправления, действия при угрозе по телефону, способы проведения террористических актов, объекты совершения террористических актов, средства, использующиеся при террористических актах, действия заложников при захвате террористов.
      Действия населения:
      при обнаружении предмета, похожего на взрывное устройство;
      при получении угрозы по телефону;
      при захвате заложников;
      при захвате террористами самолета;
      при обнаружении подозрительных веществ в почтовых отправлениях;
      при срабатывании взрывного устройства.
      Действия руководящего состава по предупреждению совершения террористических актов. Организация ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, вызванных вследствие различных террористических актов.»;
      в типовой программе подготовки специалистов в области чрезвычайных ситуаций в учебно-методических центрах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:
      «Тему 25. Функциональные обязанности руководящего состава по вопросам чрезвычайных ситуаций и гражданской обороны» изложить в следующей редакции:
      «Тема 25. Функциональные обязанности руководящего состава по вопросам чрезвычайных ситуаций и гражданской обороны.
      Функциональные обязанности руководящего состава при повседневной готовности, при угрозе возникновения чрезвычайных ситуаций в мирное время, при переводе гражданской обороны на военное положение. Обязанности председателя КЧС. Организация оповещения населения и организаций об экстремальных ситуациях. Оценка обстановки, принятие решения. Определение состава, численности группировки сил и средств, привлекаемых для проведения спасательных и других неотложных работ. Организация управления силами и средствами, привлекаемыми для выполнения работ в районе бедствия, аварии, катастрофы. Вывоз (вывод) населения в безопасные места и его размещение. Основные руководящие и нормативные документы.»;
      «Тему 28. Действия руководящего состава при организации мероприятий по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, организация спасательных и других неотложных работ» изложить в следующей редакции:
      «Тема 28. Действия руководящего состава при организации мероприятий по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, организация спасательных и других неотложных работ.
      Понятие о чрезвычайной ситуации, ликвидация чрезвычайных ситуаций; назначение Государственной системы по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций; временные периоды ликвидации чрезвычайных ситуаций и основные мероприятия по ликвидации чрезвычайных ситуаций; чрезвычайное положение, его суть и роль при ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций. Алгоритм действий руководящего состава при принятии решения на ликвидацию последствий чрезвычайных ситуаций.»;
      «Тему 35. Действия населения и должностных лиц при возникновении чрезвычайных ситуаций в ходе террористического акта» изложить в следующей редакции:
      «Тема 35. Действия населения и должностных лиц при возникновении чрезвычайных ситуаций в ходе террористического акта.
      Определение терроризма (выдержки из Закона Республики Казахстан «О борьбе с терроризмом» – цели борьбы в Республике Казахстан, из статьи 232 Уголовного кодекса Республике Казахстан), действия при обнаружении предмета, похожего на взрывное устройство, действия при получении подозрительного почтового (перевода) отправления, действия при угрозе по телефону, способы проведения террористических актов, объекты совершения террористических актов, средства, использующиеся при террористических актах, действия заложников при захвате террористов.
      Действия населения:
      при обнаружении предмета, похожего на взрывное устройство;
      при получении угрозы по телефону;
      при захвате заложников;
      при захвате террористами самолета;
      при обнаружении подозрительных веществ в почтовых отправлениях;
      при срабатывании взрывного устройства.
      Действия руководящего состава по предупреждению совершения террористических актов. Организация ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, вызванных вследствие различных террористических актов.».
      2. Департаменту Гражданской обороны Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Петрова В. В.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      по чрезвычайным ситуациям
      Республики Казахстан                       В. Божко