Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.05.2015 № 585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық келісімшарт жасау» мемлекеттік қызмет Регламенті бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (Е. Хаиров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күндік мерзімде бұқаралық ақпарттарда және «Әділет» ақпараттық – құқық жүйесінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушысының
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген
«Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды
жүзеге асыратын инвестициялық келісімшартты жасау»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік кызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет қағаз жүзінде көрсетіледі.
3. Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық келісімшарт жасау, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады (бұдан әрі – келісімшарт).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс қимыл тәртібін сипаттау
4. Іс қимыл негізі болып инвестициялық преференция беруге өтініммен Қазақстан Республикасы Үкметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық келісімшартты жасау» мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартының 9-тармағына сәйкес ұсыналған құжаттар (бұдан әрі – келісімшарт) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1-рәсім: он бес минуттың ішінде мерзімі, тіркеу номері көрсетілген құжаттар тіркеліп қызмет берушінің басшысына немесе орынбасарына беріледі;
2-рәсім: қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары құжаттарды үш сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады;
3-рәсім: құрылымдық бөлімшенің басшысы үш сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтап құжаттарды қарастыру үшін береді;
4-рәсім: жауапты орындаушы құжаттарды тіркелген сәтінен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде қарастырады;
5-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар қарастырылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде инвестициялық преференцияларды беру жөнінде шешім қабылдайды;
6-рәсім: жауапты орындаушы инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде келiсiмшарт жобасын қол қоюға дайындап, көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
7-рәсім: тараптармен қол қойылған келісімшарт жобасы бес жұмыс күнi iшiнде тiркеледі де тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
8-рәсім: тіркелген сәтінен бастап 1 сағат ішінде келісімшарт көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2014 № 273 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілу рәсімінің (іс-қимыл) нәтижесі, іс әрекеттердің негізі және келесі рәсімінің іс-қимылы, осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Маемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсететін қызмет берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;
2) көрсететін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесі;
3) көрсететін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
4) қызмет берушінің кеңсесінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттмасы (іс-қимылдар) осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Инвестициялық преференцияларды
көздейтiн инвестицияларды жүзеге
асыратын инвестициялық келісімшартты
жасау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз
болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің
(іс-қимылдың) нәтижесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2014 № 273 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Іс-қимыл |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Құрылымдық бөлімшенің атауы |
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Құрылымдық бөлімше басшысы |
Жауапты орындаушы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Жауапты орындаушы |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы |
Құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу |
Құжаттарға қарар жазу және құрылымдық бөлімшенің басшысына қарастыру үшін жіберу |
Жауапты тұлғаны анықтау және оған құжаттарды беру |
Құжаттарды қарастыру |
Келісімшартты қол қоюға дайындау |
Келісімшартты тіркеу |
Келісімшартты көрсетілетін қызметті алушыға жіберу |
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) |
тіркелген құжаттар |
қарар |
қарар |
Қарастырылған құжаттар |
шешім |
келісімшарт жобасы |
келісімшарт |
ілеспе хат, келісімшарт |
Орындау мерзімі |
15 минут |
3 сағат |
3 сағат |
18 жұмыс күні |
2 жұмыс күні |
10 жұмыс күні |
5 жұмыс күні |
1 сағат |
Келесі іс-қимыл № |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
«Инвестициялық преференцияларды
көздейтiн инвестицияларды жүзеге
асыратын инвестициялық келісімшартты
жасау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып,
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен рәсімдер (іс-қимылдар)
бірізділігінің сипаттамасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2014 № 273 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шартты белгілер:
рәсім хабарламалар ағыны