Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9263 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 30 қазанда № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес, сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді";.

      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Сақтандыру агенттерінің тізілімі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші жұмыс күнінен кешiктiрмей, берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдағышта қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылуы тиіс.

      Сақтандыру агенттерінің тізіліміне сақтандыру ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезде – оның орнындағы адам) қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру ұйымында қағаз тасымалдағышта сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағышта есептілікті ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Заңды тұлғалар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар – актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) бекітілген Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесіне сәйкес айқындалады.";

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) үлгі талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген) бекітілген Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделетін сақтандыру полисін беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу.";

      2-қосымшасы 1-жолының 7-бағаны:

      "

Сақтандыру агентінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса, жеке тұлға үшін)

7


      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, бар болса)

7


      ".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам страховой деятельности

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 8. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2014 года № 9263.

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 16.07.2014 № 151 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      2. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 25 "Об утверждении требований к осуществлению страховой организацией страховой деятельности, в том числе по взаимоотношениям с участниками страхового рынка, и полномочий страхового агента на осуществление посреднической деятельности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6164, опубликованное 22 сентября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 249 (26310)) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Требований к осуществлению страховой организацией страховой деятельности, в том числе по взаимоотношениям с участниками страхового рынка, и полномочия страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые требования к осуществлению страховой организацией страховой деятельности, в том числе по взаимоотношениям с участниками страхового рынка, и полномочия страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке (далее - Требования).";

      в Требованиях к осуществлению страховой организацией страховой деятельности, в том числе по взаимоотношениям с участниками страхового рынка, и полномочия страхового агента на осуществление посреднической деятельности, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Требования к осуществлению страховой организацией страховой деятельности, в том числе по взаимоотношениям с участниками страхового рынка, и полномочия страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие требования к осуществлению страховой организацией страховой деятельности, в том числе по взаимоотношениям с участниками страхового рынка, и полномочия страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке (далее - Требования) разработаны в соответствии со статьями 11-1 и 18 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" (далее - Закон) в целях урегулирования процессов, возникающих при заключении и исполнении договоров страхования, в том числе при осуществлении страховым агентом посреднической деятельности по заключению договоров страхования от имени и по поручению страховой организации.";

      пункт 8-1 изложить в следующей редакции:

      "8-1. Реестр страховых агентов подлежит представлению в уполномоченный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – уполномоченный орган) ежеквартально, не позднее пятого рабочего дня месяца, следующего за отчетным кварталом на электронном носителе с использованием транспортной системы гарантированной доставки информации с криптографическими средствами защиты, обеспечивающей конфиденциальность и некорректируемость представляемых данных.

      Реестр страховых агентов подписывается первым руководителем страховой организации (на период его отсутствия - лицом, его замещающим), заверяется печатью и хранится на бумажном носителе у страховой организации. По требованию уполномоченного органа страховая организация не позднее двух рабочих дней со дня получения запроса представляет отчетность на бумажном носителе.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Порядок документирования, управления документацией и хранения документов в страховых (перестраховочных) организациях, страховых брокерах и страховых агентах - юридических лицах, актуариях и страховых агентах - физических лицах определяется в соответствии с Правилами хранения документов профессиональными участниками страхового рынка и страховыми агентами, осуществляющими предпринимательскую деятельность, утвержденными постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 декабря 2010 года № 182 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6932).";

      подпункт 1) пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "1) заключение договора страхования путем присоединения страхователя к типовым условиям (правилам страхования), разработанным страховщиком в одностороннем порядке (договор присоединения), и выдачи страховщиком страхователю страхового полиса, оформляемого в соответствии с Требованиями к содержанию и изготовлению бланков страховых полисов, к оформлению страхового полиса по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, а также к содержанию заявлений страхователя для заключения договоров обязательного страхования по отдельным видам обязательного страхования, утвержденными постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 24 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6171).";

      графу, столбец 7 строки 1 приложения 2:

      "

Регистрационный номер налогоплательщика (РНН), бизнес-идентификационный номер (для юридического лица) или индивидуальный идентификационный номер (для физического лица, при наличии) страхового агента

7


      "

      изложить в следующей редакции:

      "

Бизнес–идентификационный номер (для юридического лица) или индивидуальный идентификационный номер (для физического лица, при наличии) страхового агента

7


      ".

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов