"Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9267 тіркелді

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7146 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазанда № 493 (26885) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке сот орындаушысы куәлігінің, жеке мөрінің үлгілерін бекіту туралы»;
      1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               З. Баймолдина

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 296 "Об утверждении образцов удостоверения, личной печати и жетона частного судебного исполнителя"

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 96. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2014 года № 9267

      В соответствии со статьей 154 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 296 «Об утверждении образцов удостоверения, личной печати и жетона частного судебного исполнителя» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7146, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 12 октября 2011 года, № 326 (26717)) следующие изменения:
      наименование изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении образцов удостоверения, личной печати частного судебного исполнителя»;
      подпункт 3) пункта 1 исключить.
      2. Комитету по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан (Ешмагамбетов Ж.Б.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет».
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан Ешмагамбетова Ж.Б.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              З. Баймолдина