Жеке сот орындаушысы куәлігінің, жеке мөрінің үлгілерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 тамызда № 7146 тіркелді

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына үлгілер бекітілсін:
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі;
      3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына    
1-қосымша      

Жеке сот орындаушысының куәлігінің үлгісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сот орындаушысы куәлігінің сипаттамасы:
      1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі – куәлік) мұқабасы мен жапсырмасынан тұрады.
      2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыштан немесе бумвинилден жасалады, ашық түріндегі көлемі – 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен «КУӘЛІК» сөзі белгіленеді.
      3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көп деңгейлі қорғалады.
      4. Куәліктің жапсырмасының негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады.
      5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады.
      Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ» жазуы және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палатаның атауы жазылады.
      Жапсырманың сол бөлігінің сол жағында жеке сот орындаушысының суретін жабыстыруға арналған 3 x 4 см көлеміндегі орын болады.
      Жапсырманың сол бөлігінің төменгі жағында өңірлік палата жетекшісінің лауазымы, қол қоятын орны, тегі және аты-жөні көрсетіледі (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі).
      6. Жапсырманың оң жағы орыс тілінде толтырылады.
      Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial қою қарпімен «РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПАЛАТА ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» және қызыл түсті Arial қою қарпімен өңірлік палата атауы жазылады.
      Көк түсті шеңберлі жапсырманың оң бөлігінің сол жағында диаметрі 26 мм екі шеңбермен бөлінген көк түсті дұрыс шеңбер түрінде эмблема бейнеленген.
      Бірінші шеңбердің ішінде алтын түсті қазақ оюы орналасқан, оның жоғарғы бөлігінде көк түсті ЖСО әріптері және төменгі бөлігінде ЧСИ әріптері орналасқан, олар ЖСО – жеке сот орындаушысы, ЧСИ – частный судебный исполнитель қысқартылған түрі болып табылады.
      Екінші шеңбердің ішінде төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген алтын түсті геральдикалық қалқан орналасқан.
      Қалқанның төменгі бөлігінде көк түстің үстінен алтын түспен еркіндікті бейнелеген қанатын жайған бүркіт орналасқан.
      Ортасында төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген төрт бұрышты көк түсті геральдикалық қалқан орналасқан, оның ішінде өзара айқастырылған және төмен қаратылған сот әділдігінің екі семсері орналасқан.
      Қалқанның үстінгі бөлігінде заңдылықты, тараптардың теңдігін және сот билігін көрсететін көк түсті таразы бейнеленген.
      Жапсырманың оң бөлігінің төменгі жағында лицензияның нөмірі және берілген күні (цифрлармен, қара түсті баспа әріптерімен толтырылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпімен).
      7. Жапсырманың сол және оң бөліктерінің оң жағында ортада куәліктің нөмірі (цифрлармен, қызыл түсті баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), жеке сот орындаушысының тегі (қара түсті бас баспа әріптерімен жазылады, Arial қарпі), аты, әкесінің аты (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп - бас әріп, Arial қарпі), атқарушылық округінің атауы (қара түсті баспа әріптерімен жазылады, бірінші әріп – бас әріп, Arial курсивті қарпі).
      8. Жеке сот орындаушысының куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосуреттің төменгі оң жақтағы бұрышта өңірлік палата мөрінің бедері қойылады, содан кейін сыртқы беті ламинатталады және сыртқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі жағына жабыстырылады.
      9. Белгіленген ресiмдердің қойылған талаптарына сәйкес келмейтін, түзетiлген жері және тазарту болған куәліктер жарамсыз болып есептеледi.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына   
2-қосымша     

Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің сипаттамасы:
      1. Жеке сот орындаушысының жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құрал-жабдықпен жасалады, жасандыларынан жоғары дәрежеде қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Мөрдің диаметрі 40 мм құрайды.
      2. Жеке сот орындаушысының мөріндегі барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылады.
      3. Жеке сот орындаушысы мөрінің мәтіні жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауынан, жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауынан, жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің атынан, лицензия нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жеке сот орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты жеке басын растайтын куәлігіне сәйкес жазылады.
      4. Мөр мәтінінде үш жиек бейнеленген. Бірінші жиектің (сыртқы) сызығының қалыңдығы 0,4 мм құрайды. Екінші жиек сызығының қалыңдығы 0,25 мм құрайды. Үшінші жиек сызығының қалыңдығы 0,35 мм. құрайды.
      5. Екінші және үшінші жиектердің арасында:
      жоғарғы жағында бас баспа әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауы;
      ортасында екі бүйірінен сегіз бұрышты жұлдыздар;
      төменгі жағында цифрлармен, бірінші әрпі – бас әріп, Tahoma қарпі лицензияның нөмірі және берілген күні бейнеленеді.
      6. Үшінші жиектің ішінде жоғарғы жағында баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен жеке сот орындаушысының атқарушылық округінің атауы; ортасында екі шеңбермен бөлінген көк түсті дұрыс шеңбер түрінде белгі бейнеленген.
      Бірінші шеңбердің ішінде алтын түсті қазақ оюы орналасқан, оның жоғарғы бөлігінде көк түсті ЖСО әріптері және төменгі бөлігінде ЧСИ әріптері орналасқан, олар ЖСО – жеке сот орындаушысы, ЧСИ – частный судебный исполнитель қысқартылған түрі болып табылады.
      Екінші шеңбердің ішінде төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген алтын түсті геральдикалық қалқан орналасқан.
      Қалқанның төменгі бөлігінде көк түстің үстінен алтын түспен еркіндікті бейнелеген қанатын жайған бүркіт орналасқан.
      Ортасында төменгі жағы дөңгелектенген, ұшы үшкірленген төрт бұрышты көк түсті геральдикалық қалқан орналасқан, оның ішінде өзара айқастырылған және төмен қаратылған сот әділдігінің екі семсері орналасқан.
      Қалқанның үстінгі бөлігінде заңдылықты, тараптардың теңдігін және сот билігін көрсететін көк түсті таразы бейнеленген, төменгі жағында жеке сот орындаушысының тегі баспа бас әріптерімен Tahoma қарпімен, аты және әкесінің атының бірінші әрпі бас әріппен, Tahoma қарпімен жазылады.
      Ескерту:
      Жеке сот орындаушысының бекітілген куәліктегі және жеке мөрдегі мәліметтері өзгерген жағдайда, жеке сот орындаушысы он бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер енгізеді және олар әзірленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жеке мөрінің баспа-таңбасын міндетті түрде ұсынумен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына хабарлайды.
      Ескі үлгідегі куәліктер мен мөрлер олардың қолдану мерзімі өткенге дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 296 бұйрығына    
3-қосымша       

Жеке сот орындаушысының жетонның үлгісі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 96 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады