Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 22.05.2015 № 473 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
1) «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 501 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7278 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған);
2) «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 502 бұйрығының; (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7280 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған);
3) «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7281 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары тиісті қызметтер қызметкерлерінің осы бұйрықты зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 192 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін
көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта
тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі – ТЕБ);
халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер (бұдан әрі – КҚТК) мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ), сондай-ақ олардың телнұсқаларын бере отырып, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу, есептен шығару мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
6. ТЕБ-ке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға толтыру үшін осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі – акт) беріледі, онда көрсетілетін қызметті алушы қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар ұсынылып отырғанын көрсетеді.
7. Актіні алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өту үшін ТЕБ-тің жауапты қызметкеріне жіберіледі. Көлік құралын байқап тексеру 20 минут ішінде жүзеге асырылады.
8. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушы толтырылған актіні ұсынған және көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өткені туралы белгі болған кезде құжаттардың толық ұсынылғанын және көрсетілетін қызметті алушы деректерінің не оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көлік құралы иесі деректерінің бар екенін 15 минут ішінде ІІМ-нің ақпараттық ресурстары бойынша тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралының деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді және құжаттарды ТЕБ операторына береді.
9. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің электрондық базасын қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының және оның көлік құралының қажетті тіркеу деректерін енгізуді жүзеге асырады.
10. ТЕБ қызметкері «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.
11. ТЕБ операторы тексергеннен және құжаттарды алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК дайындауды жүзеге асырады.
ТЕБ операторы КҚТК бланкісін дайындағаннан кейін мөр мен қол қою үшін оны ТЕБ қызметкеріне береді.
Одан әрі КҚТК бланкісі КҚТК бланкісін ламинаттау жолымен түпкілікті дайындау рәсімін жүргізу үшін ТЕБ операторына қайтарылады.
12. Дайындалған КҚТК-ны ТЕБ операторы ТЕБ қызметкеріне береді, ол КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде, КҚТК-ны не КҚТК-мен бірге МТНБ-ны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
13. Осы Регламенттің 12-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
14. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
16. Орталықтың жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін, баждар мен алымдар төленгені туралы мәліметтерді, көлік құралына салық төленгенін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексереді.
17. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 20 минут.
18. Орталықтың жауапты қызметкері 20 минут ішінде құжаттардың қажетті тізбесін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышқа басып шығарады.
19. Электрондық өтінішке Орталықтың жауапты қызметкерінің электрондық-цифрлық қолы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға:
1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса берілетін құжаттардың саны және атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
20. Орталықтың жауапты қызметкері қабылданған құжаттарды Орталықтың жинақтау секторына жібереді, онда орындау үшін құжаттарды уәкілетті секторға беру үшін 15 минут ішінде тізілім қалыптастырылады.
21. ТЕБ қызметкері Орталықтың жинақтау секторынан құжаттар ұсынылған кезде олардың толық ұсынылғанын және және көрсетілетін қызметті алушы деректерінің не оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көлік құралы иесі деректерінің бар екенін ІІМ-нің ақпараттық ресурстары бойынша 15 минут ішінде тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралының деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына береді.
22. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің электрондық базасын қалыптастыру үшін 5 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының және оның көлік құралының қажетті тіркеу деректерін енгізуді жүзеге асырады.
23. ТЕБ қызметкері «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, 5 минут ішінде осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.
24. ТЕБ операторы тексергеннен және құжаттарды алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК дайындауды жүзеге асырады.
ТЕБ операторы КҚТК бланкісін дайындағаннан кейін мөр мен қол қою үшін оны ТЕБ қызметкеріне береді.
Одан әрі КҚТК бланкісі КҚТК бланкісін ламинаттау жолымен түпкілікті дайындау рәсімін жүргізу үшін ТЕБ операторына қайтарылады.
25. Дайындалған КҚТК-ны ТЕБ операторы ТЕБ қызметкеріне береді, ол КҚТК-ны Орталықтың жинақтау секторының жауапты қызметкеріне береді.
26. Орталықтың жауапты қызметкері бірыңғай электрондық кезекке сәйкес 10 минут ішінде КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде, КҚТК-ны не КҚТК-мен бірге МТНБ-ны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
27. Осы Регламенттің 26-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
28. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Ескерту. Регламент 28-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі тіркейтін
көлік құралдарын қоспағанда,
автокөлік құралдарын тіркеу,
қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу
белгілерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Нысан
Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (заңды тұлғаның атауы)
______________________________________ үшін мынадай құжаттарды ұсынды
_____________________________________________________________________
ЖСН (БСН) ____________________ Туған күні ___________________________
(күні, айы, жылы)
Жеке басын куәландыратын құжат ______________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Мекенжайы ___________________________________________________________
________________________________________ Телефоны____________________
Көлік құралы туралы мәліметтер
VIN _________________________________________________________________
Мемлекеттік нөмірі _________ Шасси нөмірі ___________________________
Моделі _________________________ Шанақ нөмірі _______________________
Дайындаушы-кәсіпорын _________ Түсі _________________________________
КҚ түрі _______________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. Vсм3) ____________
КҚ санаты ________ Рұқсат етілген ең жоғарғы масса, kg ______________
Шығарылған жылы ___________ Жүктемесіз массасы, kg __________________
КҚ тіркеу куәлігі ___________________________________________________
(сериясы, нөмірі, берілген күні)
Иесінің өкілі
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
Туған күні _______________ Жеке басын куәландыратын құжат ___________
(күні, айы, жылы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
_____________________________________________________________________
Мекенжайы __________ Телефоны _______________________________________
Сенімхат ____________________________________________________________
(қашан, кім берді, тізілімнің нөмірі)
20___ жылғы «____»_________________. Иесінің қолы ___________________
МНТБ берді _________________ КҚТК ___________________________________
Қызметтік белгілер
Байқаудың қорытындысы бойынша көлік құралы туралы мәліметтер:
МНТБ __________ Дайындаушы-кәсіпорын __________ КҚ санаты ___________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) ______________ Шығарылған жылы ___________
Маркасы, моделі ____________ Шасси (рама) нөмірі ____________________
Шанақ нөмірі ________________________________________________________
Түсі ________________ Байқау нәтижесі _______________________________
(ақаусыз, ақауы бар)
ЖП лауазымды адамы __________________________________________________
(қолы немесе коды) (тегі)
Айдап әкетілген және ұрланған автокөліктер базасы бойынша тексеріс жүргізілді
_____________________________________________________________________
(нәтижесі, күні, уақыты)
_____________________________________________________________________
(тексеріс жүргізген лауазымды адамның қолы, тегі)
Иесінен қабылданды
___________________ сериясы ___________ № ___________________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері ________________ саны ______________________________
КҚ паспорты сериясы _________№ ______________________________________
___________________ сериясы _________ № _____________________________
(меншік құқығын растайтын құжат)
«Транзит» белгісі ________________________ саны _____________________
Кепілді тіркеу туралы куәлік ________________________________________
Түбіртектердің №№ ___________________________________________________
Өзге құжаттар: ______________________________________________________
(тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту туралы
лауазымды адамының қорытындысы)
20___ жылғы «____» ___________________________________________ (қолы)
Иесіне берілді
сериясы____________№ ___________________(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері ______________ «Транзит» белгілері _________________
КҚ паспорты сериясы __________________ № ____________________________
Өзге құжаттар: ______________________________________________________
20__ жылғы «___»______________.
Оператор ____________________________________________________________
(қолы, тегі)
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі тіркейтін
көлік құралдарын қоспағанда,
автокөлік құралдарын тіркеу,
қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу
белгілерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Нысан
ТАЛОН № __
мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.___________________________________________________________________
2____________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
Қабылдады:
___________/____________ /____________/ _____________________________
(ТЕБ қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, атағы, қолы)
20____ жылғы «__» ________
Берілген уақыты мен күні: ___ сағ. ___ мин. 20____ж. «__» _______
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
тіркейтін көлік құралдарын
қоспағанда, автокөлік құралдарын
тіркеу және қайта тіркеу және
нөмірлік тіркеу белгілерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
нысан
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін
көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және
қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік
қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Регламент 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимыл жасасуы;
КҚ - көлік құралы;
ІІО - ішкі істер органдары.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 192 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін
куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі – ТЕБ);
халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Белгіленген үлгідегі жүргізуші куәлігін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ТЕБ қызметкері ұсынылған құжаттарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін ІІМ-нің ақпараттық ресурстары бойынша 15 минут ішінде алғашқы тексеруді жүргізеді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері «Жүргізуші куәлігі» автоматтандырылған іздеу жүйесінің базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, одан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
7. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері, егер бұл заңнамада көзделсе, көрсетілетін қызметті алушыны теориялық дайындық деңгейін, сондай-ақ практикалық жүргізу дағдыларын тексеру үшін емтихан класына емтихан тапсыруға жібереді.
8. Теориялық емтиханды тапсыру рәсімін ТЕБ қызметкері арнайы жабдықталған сыныпта, 40 минут ішінде компьютерлік тестілеу арқылы өткізеді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде ТЕБ қызметкері теориялық емтихан нәтижелерінің бағасымен, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға теориялық білім деңгейін кем дегенде:
көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде күнтізбелік бір күннен;
көлік құралдарын жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихан өткізу арқылы практикалық дайындық деңгейін тексеруге жіберіледі.
11. Бағытта практикалық жүргізу бойынша емтиханның ұзақтығы 20 минуттан аспау керек.
12. Көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтиханның нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде ТЕБ-тің жауапты қызметкері теориялық және практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға практикалық дағдыларын кем дегенде:
жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаннан, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін практикалық дағдыларын тексеру кезінде бір күннен;
көлік құралдарын жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды.
13. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін беруге толтырылған бланкіні ұсынған, теориялық және практикалық дайындық деңгейін тексерудің оң нәтижелері жақсы болған кезде 15 минут ішінде осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы талон (бұдан әрі - талон) береді.
14. Құжаттарды қабылдағаннан және көрсетілетін қызметті алушыға талон бергеннен кейін ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына береді, ал көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсу кабинасына жібереді.
15. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін 25 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының қажетті деректерін «Жүргізуші куәлігі» автоматтандырылған іздеу жүйесінің базасына енгізуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді.
16. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының «Жүргізуші куәлігі» автоматтандырылған іздеу жүйесінің базасына енгізілген деректерінің сәйкестігін тексеріп, көрсетілетін қызметті алушы туралы енгізілген деректердің дұрыстығын өз паролінің көмегімен растайды.
17. ТЕБ операторы жүргізуші куәлігін дайындайды және оны ТЕБ қызметкеріне береді, ол жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін береді.
18. Осы Регламенттің 17-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету аяқталған болып есептеледі.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
19. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
20. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
21. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 20 минут.
22. Орталықтың жауапты қызметкері 10 минут ішінде құжаттардың қажетті тізбесін қабылдайды, өтініш берушіні суретке түсіреді, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышқа басып шығарады.
23. Электрондық өтінішке Орталықтың жауапты қызметкерінің электрондық-цифрлық қолы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға:
1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса берілетін құжаттардың саны және атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Егер бұл заңнамада көзделсе, көрсетілетін қызметті алушы теориялық дайындық деңгейін, сондай-ақ практикалық жүргізу дағдыларын тексеру үшін емтихан класына емтихан тапсыруға жіберіледі.
24. Теориялық емтиханды тапсыру рәсімін ТЕБ қызметкері арнайы жабдықталған сыныпта, 40 минут ішінде компьютерлік тестілеу арқылы өткізеді.
25. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Орталықтың жауапты қызметкері теориялық емтихан нәтижелерінің бағасымен, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға теориялық білім деңгейін кем дегенде:
көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде күнтізбелік бір күннен;
көлік құралдарын жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды.
26. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихан өткізу арқылы практикалық дайындық деңгейін тексеруге жіберіледі.
27. Бағытта практикалық жүргізу бойынша емтиханның ұзақтығы 20 минуттан аспау керек.
28. Көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтиханның нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Орталықтың жауапты қызметкері теориялық және практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға практикалық дағдыларын кем дегенде:
жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаннан, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін практикалық дағдыларын тексеру кезінде күнтізбелік бір күннен;
көлік құралдарын жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды.
29. Теориялық және практикалық емтиханның оң нәтижелері кезінде Орталықтың жауапты қызметкері көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігін дайындауға арналған құжаттарды ТЕБ қызметкеріне жібереді.
30. ТЕБ қызметкері Стандартта белгіленген құжаттардың тізбесі ұснылған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 15 минут ішінде ІІМ-нің ақпараттық ресурстары бойынша тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері «Жүргізуші куәлігі» автоматтандырылған іздеу жүйесінің базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, одан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
31. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан және тексергеннен кейін 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін дайындауды жүзеге асырады.
32. Дайындалған жүргізуші куәлігін ТЕБ операторы Орталықтың жауапты қызметкеріне береді, ол көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде, жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін береді.
33. Осы Регламенттің 32-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
34. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Ескерту. Регламент 34-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4. Қолданылу мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстырған
жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы
арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі
34. Көрсетілетін қызметті алушының Стандартта белгіленген құжаттар тізбесін электрондық үкімет порталына (бұдан әрі - портал) беруі мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
35. Жүргізуші куәлігін алуға порталда өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы одан әрі жүргізуші куәлігі дайындалатын ТЕБ немесе Орталық туралы ақпарат алады.
36. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
37. ТЕБ қызметкері өтінімді алғаннан кейін мәліметтерді электрондық-цифрлық қолымен растайды.
38. ТЕБ қызметкері Стандартта белгіленген құжаттардың тізбесі ұснылған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 15 минут ішінде ІІМ-нің ақпараттық ресурстары бойынша тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері «Жүргізуші куәлігі» автоматтандырылған іздеу жүйесінің базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, одан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
39. ТЕБ операторы өтінімді алғаннан кейін 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін дайындауды жүзеге асырады.
40. Дайындалған жүргізуші куәлігін ТЕБ қызметкері немесе Орталықтың жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, бұрын берілген жүргізуші куәлігін және медициналық анықтаманы көрсеткенде, жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін береді.
41. Осы Регламенттің 40-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі беретін
куәліктерді қоспағанда, азаматтарға
жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Жүргізуші куәлігін беру бланкісі
______________________________________________________________ ТЕБ-ге
(облыс, қала, аудан)
туған жылы __________ ЖСН ___________________________________________
туған жері __________________________________________________________
(облыс, қала)
____________________________________________________________ тұратын,
______________________________________________________ жұмыс істейтін
жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы ________, № _______________
____________________________________________________________ берілген
(қашан, кім)
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
жүргізуші куәлігі ауыстырылсын, телнұсқасы берілсін _________________
_____________________________________ (керек емесі сызылып тасталсын)
жүргізуші куәлігінің сериясы __________, № __________________________
_____________________________________________________________________
(облыс, өлке, республика)
______________________________________________________________ алған.
(күні, айы, жылы)
20__жылғы «__»_____жүргізуші куәлігі мынадай жағдайларда жоғалды (ұрланды), төмендегі құжаттарды қоса беремін: (баяндау):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұрлық фактісі бойынша АІІБ-ден анықтама (егер ұрланса)
_____________________________________________________________________
ЖК жоғалған (ұрланған) кезде қажетті белгілер:
Өтініш берушінің қолы _________________________________________
Ауыстыру, телнұсқаны беру үшін құжаттарды қабылдаған ТЕБ лауазымды адамы _____________________________________________________
(қолы)
Қызметтік белгілер:
Сериясы ______, №_______ жүргізуші куәлігі 20__жылғы «____» _________ берілді.
ТЕБ операторы _______________________________________________________
(қолы)
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі беретін
куәліктерді қоспағанда, азаматтарға
жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Нысан
ТАЛОН № __
мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.________________________________________________________________
2_________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
4.________________________________________________________________
5.________________________________________________________________
Қабылдады:
___________/____________ /____________/ ____________________________
(ТЕБ қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, атағы, қолы)
20____ жылғы «__» ________
Берілген уақыты мен күні: ___ сағ. ___ мин. 20____ж. «__» _______
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі беретін
куәліктерді қоспағанда, азаматтарға
жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
нысан
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін
куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Регламент 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимыл жасасуы;
КҚ - көлік құралы;
ІІО - ішкі істер органдары.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 192 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге
асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша
басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі – ТЕБ);
халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Көрсетілетін қызметті алушының деректерін көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне енгізу және сенімхатқа тиісті мөртаңба мен ТЕБ жауапты қызметкерінің қол қоюы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ТЕБ қызметкері құжаттардың толық ұсынылғанына тексеріс жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыға осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7. ТЕБ қызметкері көлік құралының деректерін «Автомобиль» автоматтандырылған іздеу жүйесі бойынша, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралы иесінің деректерін 15 минут ішінде ІІМ-нің ақпараттық ресурстары бойынша тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралы иесінің және көлік құралының өзінің деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралы иесінің және көлік құралының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда сенімхаттың бланкісіне тиісті мөртаңба мен қол қояды, одан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
8. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін:
«Сенімхат» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінде электрондық есептерді қалыптастыру үшін 25 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен оның көлік құралының қажетті деректерін теруді жүзеге асырады.
9. Сенімхат пен құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша ТЕБ-те көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
10. Осы Регламенттің 9-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа жүгінген кезде электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 10 минут.
14. Орталықтың жауапты қызметкері 5 минут ішінде құжаттардың қажетті тізбесін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышқа басып шығарады.
15. Электрондық өтінішке Орталықтың жауапты қызметкерінің электрондық-цифрлық қолы қойылғаннан кейін 5 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға:
1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса берілетін құжаттардың саны және атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Өтінішті қабылдағаннан кейін Орталықтың жауапты қызметкері 5 минут ішінде құжаттарды ТЕБ қызметкеріне береді.
17. ТЕБ қызметкері 15 минут ішінде көлік құралының деректерін «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі бойынша, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының, иесінің, көлік құралының деректерін ІІМ-нің ақпараттық ресурстары бойынша тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралы иесінің және көлік құралының өзінің деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралы иесінің және көлік құралының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда сенімхаттың бланкісіне тиісті мөртаңба мен қол қояды, одан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
18. ТЕБ операторы «Сенімхат» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінде электрондық есептерді қалыптастыру үшін 25 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен оның көлік құралының қажетті деректерін теруді жүзеге асырады.
19. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ операторы құжаттарды ТЕБ-тің жауапты қызметкеріне береді, ол құжаттарды Орталық қызметкеріне қайтарады.
20. Сенімхат пен құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша ТЕБ-те көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде 10 минут ішінде беріледі.
21. Осы Регламенттің 20-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Ескерту. Регламент 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді
қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Нысан
ТАЛОН № __
мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.___________________________________________________________________
2____________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
Қабылдады:
___________/____________ /____________/ ____________________________
(ТЕБ қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, атағы, қолы)
20____ жылғы «__» ________
Берілген уақыты мен күні: ___ сағ. ___ мин. 20____ж. «__» _______
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді
қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
нысан
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге
асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша
басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Регламент 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 № 351 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимыл жасасуы;
КҚ - көлік құралы;
ІІО - ішкі істер органдары.