Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 маусымда № 11293 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 280 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін;

      3) "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4) "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:

      1) "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9368 болып тіркелген және "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 101 (28325) санында жарияланған);

      2) "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 351 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9583 болып тіркелген және "Заң газеті" 2014 жылғы 30 шілдеде № 111 (2505) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
М. Демеуов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 75 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) ішкі істер органдарының аумақтық тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК), оның ішінде КҚТК-де есептен шығарылғаны туралы белгісімен және/немесе мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін (бұдан әрі – МТНБ) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      8. ТЕБ-ке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға толтыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) бекітілген, Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі – акт) беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы актіні толтырады, онда қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (мемлекеттік тіркеу, көлік құралын мемлекеттік есептен шығару) құжаттар ұсынылып отырғанын көрсетеді.

      Толтырылған актімен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік корпорацияның (Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының) қызметкері немесе облыстық ТЕП қызметкері бастапқы тіркеу кезінде (көлік құралын өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған көлік құралдарын қоспағанда) көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өту үшін жібереді. Көлік құралын байқап тексеру 20 минут ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушы толтырылған актіні ұсынған және көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өткені туралы белгі болған кезде құжаттардың толық ұсынылғанын және көлік құралы иесінің деректерін не оның көлік құралының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) ақпараттық ресурстары бойынша 30 минут ішінде тексереді.

      10. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көлік иесінің не оның көлік құралының деректері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне береді;

      2) іздестіру базасында деректер болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді және құжаттарды ТЕБ операторына береді.

      11. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін "Автомобиль" автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің электрондық базасын қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының және оның көлік құралының тіркеу деректерін 30 минут ішінде енгізуді жүзеге асырады.

      12. ТЕБ қызметкері 20 минут ішінде "Автомобиль" автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.

      13. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК дайындауды жүзеге асырады.

      ТЕБ операторы КҚТК бланкісін дайындағаннан кейін 10 минут ішінде мөр мен қол қою үшін оны ТЕБ қызметкеріне береді.

      Одан әрі КҚТК бланкісі 10 минут ішінде КҚТК бланкісін ламинаттау жолымен түпкілікті дайындау рәсімін жүргізу үшін ТЕБ операторына қайтарылады.

      14. Көлік құралдарын тіркеу есебінен шығарған кезде осы Регламенттің 8-10 және 12-тармақтарында көзделген іс-әрекеттер жүргізіледі.

      15. ТЕБ қызметкері КҚТК-ны не КҚТК-мен бірге МТНБ-ны КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхаттың негізінде (жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған) әрекет ететін оның өкіліне береді.

      16. Осы Регламенттің 15-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.

3-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.

      18. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      19. Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін және баждар мен алымдар төленгені туралы мәліметтерді, көлік құралына салық төленгенін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексереді.

      20. Мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 20 минут.

      21. Мемлекеттік корпорация қызметкері 20 минут ішінде қажетті құжаттар пакетін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.

      22. Электрондық өтінішке Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      23. Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына жібереді, онда 15 минут ішінде орындау үшін құжаттарды уәкілетті секторға беруге арналған тізілім қалыптастырылады.

      24. ТЕБ қызметкері Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторынан құжаттар ұсынылған кезде олардың толық ұсынылғанын және көрсетілетін қызметті алушы деректерінің не оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көлік құралы иесі деректерінің бар екенін ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша 15 минут ішінде тексереді.

      Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көлік иесінің не оның көлік құралының деректері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне береді;

      2) деректер іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына береді.

      25. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін "Автомобиль" автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің электрондық базасын қалыптастыру үшін 5 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының және оның көлік құралының тіркеу деректерін енгізуді жүзеге асырады.

      26. ТЕБ қызметкері "Автомобиль" автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, 5 минут ішінде осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.

      27. ТЕБ операторы құжаттарды тексергеннен және алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК дайындауды жүзеге асырады.

      ТЕБ операторы КҚТК бланкісін дайындағаннан кейін мөр мен қол қою үшін оны ТЕБ қызметкеріне береді.

      Одан әрі КҚТК бланкісі КҚТК бланкісін ламинаттау жолымен түпкілікті дайындау рәсімін жүргізу үшін ТЕБ операторына қайтарылады.

      28. ТЕБ қызметкері дайындалған КҚТК-ны Мемлекеттік корпорация қызметкеріне береді.

      29. Көлік құралдарын тіркеу есебінен шығарған кезде осы Регламенттің 19-24 және 26-тармақтарында көзделген іс-әрекеттер жүргізіледі.

      30. Мемлекеттік корпорация қызметкері бірыңғай электрондық кезекке сәйкес 10 минут ішінде КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша КҚТК-ны не КҚТК-мен бірге МТНБ-ны көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхаттың негізінде (жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған) әрекет ететін оның өкіліне береді.

      31. Осы Регламенттің 30-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.

      31-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің толықтай сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тарау 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

      Ескерту. Регламент 4-тараумен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталуы үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандартта белгіленген құжаттар пакетін портал арқылы беруі негіз болып табылады.

      34. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін порталда өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы одан әрі көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайындалатын ТЕП немесе Мемлекеттік корпорация туралы ақпарат алады.

      35. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      36. Өтінімді алғаннан кейін ТЕП қызметкері мәліметтерді электрондық-цифрлықпен қолымен растайды.

      37. ТЕП қызметкері Стандартта белгіленген құжаттар пакеті ұсынылған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 15 минут ішінде ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеруді жүргізеді.

      Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕП қызметкері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ІІО-ның аумақтық бөлінісіне береді;

      көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда, ТЕП қызметкері көрсетілетін қызметті алушының "Автомобиль" автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі базасына енгізілген деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы деректерді электрондық-цифрлық қолымен растайды, одан кейін құжаттарды ТЕП операторына береді.

      38. ТЕП операторы өтінімді алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК бланкісін дайындауды жүзеге асырады.

      39. ТЕП қызметкері КҚТК-ны, не МТНБ-мен КҚТК-ны, КҚТК және МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушыға немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілген сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсету бойынша береді.

      40. Осы Регламенттің 39-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.

  "Көлік құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген
түрлерін мемлекеттік тіркеу,
есепке алу және есептен шығару,
сондай-ақ көлік құралдарын
тіркеу туралы куәліктер мен
мемлекеттік тіркеу нөмірі
белгілерін беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



      *ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимылдары;



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 75 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Жүргізуші куәліктерін беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жүргізуші куәлігін (бұдан әрі – ЖК), уақытша ЖК беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ТЕБ қызметкері ұсынылған құжаттарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) ақпараттық ресурстары бойынша 30 минут ішінде бастапқы тексеруді жүргізеді.

      7. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының деректері сот көлік құралдарын басқару құқығынан айырған жүргізушілердің деректер базасында болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау фактісі анықталған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері "Жүргізуші" автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, осыдан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.

      8. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері, заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушыны теориялық дайындық деңгейін, сондай-ақ практикалық жүргізу дағдыларын тексеру үшін емтихан сыныбына емтихан тапсыруға жібереді.

      9. Теориялық емтихан тапсыру рәсімін ТЕБ қызметкері арнайы жабдықталған сыныпта, 40 минут ішінде компьютерлік тестілеу жолымен өткізеді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық емтихан нәтижелерінің бағасы бар құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға теориялық білім деңгейін кем дегенде:

      1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;

      2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі регламенттелмеген.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихан өткізу арқылы практикалық дайындық деңгейін тексеруге жіберіледі.

      12. Бағытта (автодромда) практикалық жүргізу бойынша емтиханның ұзақтығы 20 минут.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтиханның нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық және практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға практикалық дағдыларының деңгейін кем дегенде:

      1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;

      2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі регламенттелмеген.

      14. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) бекітілген Емтихандар қабылдау және Жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін беруге толтырылған бланкіні ұсынған, теориялық және практикалық дайындық деңгейін тексерудің оң нәтижелері туралы белгілер болған кезде 20 минут ішінде көрсетілген Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

      15. Құжаттарды қабылдағаннан және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат бергеннен кейін ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына береді, ал көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсу үшін кабинаға жібереді.

      16. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының қажетті деректерін "Жүргізуші" автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі базасына енгізуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді.

      17. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының "Жүргізуші куәлігі" автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген деректерінің сәйкестігін электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.

      18. ТЕБ операторы жүргізуші куәлігін дайындайды және оны ТЕБ қызметкеріне береді, ол жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға не нотариалды расталған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне жүргізуші куәлігін береді.

      19. Осы Регламенттің 18-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету аяқталған болып есептеледі.

3-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.

      21. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      22. Мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 20 минут.

      23. Мемлекеттік корпорация қызметкері 10 минут ішінде құжаттар пакетін қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышқа басып шығарады.

      24. Электрондық өтінішке Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы теориялық дайындық деңгейін, сондай-ақ практикалық жүргізу дағдыларын тексеру үшін емтихан сыныбына емтихан тапсыруға жіберіледі.

      25. Теориялық емтиханды тапсыру рәсімін ТЕБ жауапты қызметкері арнайы жабдықталған сыныпта, компьютерлік тестілеу жолымен 40 минут ішінде өткізеді.

      26. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық емтихан нәтижелерінің бағасымен құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға теориялық білім деңгейін кем дегенде:

      1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;

      2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі реттелмеген.

      27. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихан өткізу арқылы практикалық дайындық деңгейін тексеруге жіберіледі. Мемлекеттік корпорацияда теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі практикалық емтиханды тапсыру мерзімі басталғанға дейін автоматты түрде тоқтатыла тұрады.

      28. Бағытта практикалық жүргізу бойынша емтиханның ұзақтығы 20 минут болуы тиіс.

      29. Көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтиханның нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық және практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға практикалық дағдыларын кем дегенде:

      1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;

      2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі реттелмеген.

      30. Теориялық және практикалық емтиханның оң нәтижелері кезінде Мемлекеттік корпорацияның жауапты қызметкері көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігін дайындауға арналған құжаттарды ТЕБ қызметкеріне жібереді.

      31. ТЕБ қызметкері Стандартта белгіленген құжаттар пакетін ұсынған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 15 минут ішінде ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеруді жүргізеді.

      32. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының деректері сот көлік құралдарын басқару құқығынан айырған жүргізушілердің деректер базасында болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау фактісі анықталған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері "Жүргізуші" автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, осыдан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.

      33. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан және тексергеннен кейін 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін дайындауды жүзеге асырады.

      34. Дайындалған жүргізуші куәлігін ТЕБ операторы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне береді, ол жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша, көрсетілетін қызметті алушыға не нотариалды расталған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне жүргізуші куәлігін береді.

      35. Осы Регламенттің 34-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.

4-тарау. Жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда, электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 460 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Көрсетілетін қызметті алушының Стандартта белгіленген құжаттар пакетін электрондық үкімет порталына (бұдан әрі – портал) беруі мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.

      37. Жүргізуші куәлігін алуға порталда өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы одан әрі жүргізуші куәлігі дайындалатын ТЕБ немесе Мемлекеттік корпорация туралы ақпарат алады.

      38. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

      39. ТЕБ қызметкері өтінімді алғаннан кейін мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.

      40. ТЕБ қызметкері Стандартта белгіленген құжаттар пакетін ұсынған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 30 минут ішінде ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексереді.

      Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне тапсырады;

      көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері "Жүргізуші" автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, осыдан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.

      41. ТЕБ операторы өтінімді алғаннан кейін 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін дайындауды жүзеге асырады.

      42. Дайындалған жүргізуші куәлігін ТЕБ қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, бұрын берілген жүргізуші куәлігін және медициналық анықтаманы көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін береді.

      43. Осы Регламенттің 42-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.

      44. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің толықтай сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

  "Жүргізуші куәліктерін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

      нысан

"Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы



      *ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимыл жасасуы;



      Ескертпе* теориялық және практикалық емтиханды тапсырмаған жағдайда құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
3-қосымша

"Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Бұйрық регламентпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.

      2. Құжаттар пакетін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті алушы арқылы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің (бұдан әрі - МТНБ) телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаты

      5. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық пакетін (құжаттар пакеті) ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіздеме болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):

      1) көрсетілетін қызметті алушы жиналған құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорация 15 минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүргізеді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) ұсынылған құжаттардың толықтығын және иесінің деректерінің, не оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын 30 минут ішінде ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) ақпараттық ресурстары бойынша тексеруді жүргізеді.

      7. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көлік иесінің не оның көлік құралының деректері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда, құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне береді;

      2) іздестіру базасында деректер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді және құжаттарды аумақтық ІІО тіркеу-емтихан бөліністерінің (бұдан әрі - ТЕБ) операторына береді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде МТНБ дайындауға өтінім қалыптастырады және бекіту үшін ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жолдайды.

      9. МТНБ дайындауға өтінім 1 жұмыс күні ішінде бекітіледі және дайындау үшін жіберіледі.

      10. МТНБ дайындау және тасымалдау процесі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары үшін 3 жұмыс күні ішінде, ал Шымкент қаласы мен облыстар үшін 13 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

      11. Жүгіну тәртібі мен мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-әрекеттері) ретінің сипаты:

      Мемлекеттік корпорация арқылы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы 15 (он бес) минут ішінде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскеріне құжаттар пакетін тапсырады;

      2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде өтінішті тіркейді;

      3) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттардың бар-жоғы туралы белгілеу бөлігінде қағаз нысанындағы сұрау салудың нысанын 15 (он бес) минут ішінде толтырады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

      4) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде тиісті құжаттардың электрондық көшірмесі нысанында қабылдау туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторынан құжаттар ұсынылған кезде ұсынылған құжаттардың толықтығын және иесі деректерінің, не оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша 15 минут ішінде тексереді.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің толықтай сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      14. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) және Мемлекеттік корпорация МТНБ-ның телнұсқасын МТНБ-ны беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхаттың негізінде (жеке тұлғалар үшін нотариаттық расталған) әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсету бойынша береді.

      16. Осы Регламенттің 14-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентке қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары полиция департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

  "Көлік құралдары үшін
мемлекеттік тіркеу нөмірі
белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы




  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
4-қосымша

"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Бұйрық регламентпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2019 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) 20 минут ішінде құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 20 минут ішінде құжаттар пакетін қайтарады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші (қызметкер) көлік құралын қарап тексеруді жүргізеді, содан кейін мәліметтерді автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтау куәлігіне толтырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшының қарауына жолдайды, басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және қол қояды.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхаттың негізінде (жеке тұлғалар үшін нотариаттық расталған) әрекет ететін оның өкіліне автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер береді.

      9. Осы Регламенттің тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентке қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Автокөлік құралын және
(немесе) оның тіркемелерін
қайта жабдықтауға
куәліктер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады