Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.12.2023 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.12.2023 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.12.2023 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 16-07/296 бұйрығымен бекітілген |
Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.12.2023 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және диагностикалық зерттеулер жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.12.2023 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу келесі кезеңдерден тұрады:
1) биологиялық және патологиялық материалдарды және ілеспе құжаттарды салыстырып тексеру және қабылдау;
2) зерттеулерді жүргізу;
3) қорытындысын беру.
3. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау басқа арнайы есіктен және арнайы жасақталған (алыс-беріс) терезе арқылы атқарылады.
4. Диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдайтын арнайы есіктен, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері үшін кіруіне қолданылмайды.
5. Жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын қызметтік жұмыс барысында қолдануына байланысты, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлеріне ветеринариялық зертхананың бөлімінің өндірістік мекенжайына кіру, санитарлық өткізгіштен өту арқылы жүзеге асырылады.
6. Жануарлар ауруларын диагностикалау үшін, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың және азықтардың тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау үшін, биологиялық және патологиялық материалдардан сынама іріктеп алу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына (бұдан әрі – Іріктеп алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері атқарады.
8. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалды қабылдауды жүзеге асыратын ветеринариялық зертхананың қызметкерлері мыналарды:
1) ілеспе құжаттардың бар-жоғын;
2) диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдың ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге (сынамалар саны, сынамалар нөмірлері; жануарлардың бірдейлендіру нөмірлері және сынаманы қадағалауды қамтамасыз етуге қажетті және диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер ететін өзге деректер) сәйкестігін;
3) ілеспе құжаттарда (қан сынамаларын алу тізімдемелері) көрсетілген диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық материал санының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы жануарлар басы (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқа да топтары) санының бар-жоғы туралы мәліметтерге сәйкестігін және үйірдегі, табындағы, отардағы, шаруашылық субъектісіндегі және жануарлардың басқа да топтарындағы жануарларды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда (бұдан әрі – Ветеринариялық-санитариялық қағидалар) көзделген жануарлар ауруының түріне және диагностикалық зерттеулердің жиілігіне байланысты) қамтуды және бір уақытта зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында алынған қан сынамалары санының жануарлар басы (табындағы, топтағы, отардағы, шаруашылық субъектісіндегі және жануарлардың басқа да топтарындағы) санына сәйкестігін;
4) диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдың Іріктеп алу қағидаларына сәйкестігін;
5) контейнерлердің, штативтердің және орау материалының бүтіндігін салыстырып тексереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.03.2016 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.9. Ветеринариялық зертхананың қызметкерлері диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдың ілеспе құжаттарын (қан сынамаларын алу тізімдемесін) салыстырып тексеру кезінде, бір жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде:
1) ұсынылған құжаттар мен материалдар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген және Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасы орындалмаған жағдайда, төтенше жағдайлардың (жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдіктену және олардың таралуы, жаппай улану) туындау жағдайларын қоспағанда, биологиялық және патологиялық материалды диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қабылдамайды;
2) ұсынылған құжаттар мен материалдар осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ілеспе құжаттардың (қан сынамаларын алу тізімдемесінің) көшірмесін (түпнұсқа қан сынамаларын жеткізген тұлғаға қайтарылады) қоса бере отырып, Қазақсатан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге биологиялық материалды (осы мерзім ішінде қалған жануарлар басынан (табындағы, топтағы, отардағы, шаруашылық жүргізуші субъектідегі және жануарлардың басқа да топтарында) алынған биологиялық материал сынамалары жіберілуі тиіс) сақтауға қабылдайды;
3) диагностикалық зерттеу жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.03.2016 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды жүзеге асыратын ветеринариялық зертхананың қызметкерлері диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдамаған жағдайда, биологиялық және паталогиялық материалды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада диагностикалық зерттеулерді жүргізуге жарамсыздығы туралы хаттама толтырылады және ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) хабарлайды.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, аумақтық бөлімшеге жолданатын ақпаратта бес жұмыс күні ішінде тиісінше қалған жануарлар басынан (табын, топ, отар, шаруашылық жүргізуші субъекті және жануарлардың басқа да топтары) биологиялық материал сынамаларын жолдау және олар белгіленген мерізімдерде жолданбаған (ұсынылмаған кезде) биологиялық материалдың сынамасын кәдеге жарату жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, аумақтық бөлімшеге жолданатын ақпаратта бес жұмыс күні ішінде, Сынама алу қағидаларына сәйкессіздігі анықталған биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына биологиялық материалдың және паталогиялық материалдың сынамасын жолдау қажеттілігі көрсетіледі.
Аумақтық бөлімше тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарын бес жұмыс күні ішінде қалған жануарлар басынан (табын, топ, отар, шаруашылық жүргізуші субъекті және жануарлардың басқа да топтары) биологиялық материал сынамасын ветеринариялық зерханаға жолдау кажеттілігі белгіленген мерізімдерде жолданбаған (ұсынылмаған кезде) биологиялық материал сынамасын кәдеге жарату жөніндегі шараны қабылдау және/немесе биологиялық және паталогиялық материал сынамасын Сынама алу қағидаларына сәйкессіздігі анықталған биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына жіберу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.03.2016 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеу жағдайларын қоспағанда, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдаған жағдайда, диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды жүзеге асыратын ветеринариялық зертхананың қызметкерлері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау-беру актісін толтырады.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, қабылдау-беру актісі қалған жануарлар басынан (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқада топтары) биологиялық материал сынамасы алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде толтырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, қалған жануарлар басынан (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқа да топтары) алынған биологиялық материал сынамалары бес жұмыс күні ішінде жолданбаған (ұсынылмаған) кезде ветеринариялық зертхана көрсетілген мерзім өткеннен кейін биологиялық материал сынамасын қан сынамаларын алу тізімдемесіне қол қойған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қатысуымен кәдеге жаратады, ол кәдеге жарату нәтижелері бойынша еркін нысанда жасалған тиісті қан сынамаларын кәдеге жарату актісіне қол қояды.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмейтін биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына бес жұмыс күні ішінде сынама жолданбаған (ұсынылмаған) кезде, ветеринариялық зертханакөрсетілген мерзім өткеннен кейін аумақтық бөлімшені хабардар етеді.
Аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8862 болып тіркелген) бекітілген Нұсқамалар нысандарына, оларды жасау және беру қағидаларына сәйкес нұсқама бере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Ветеринариялық зертханаға диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін келіп түскен биологиялық және патологиялық материалдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің "Ветеринариялық есеп және есептілік үлгісін бекіту туралы" 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген, нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9342 болып тіркелген, тиісті үлгідегі ветеринариялық есептілік жорналына тіркеледі.
13. Ветеринариялық зертханаға диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін келіп түскен биологиялық және патологиялық материалдарды, оның ішінде материалдардың бақылау үлгісі, диагностикалық зерттеулерді жүргізуге жолдамас бұрын, арнайы жабдықталған орында (мұздатқыш камералар) сақталады.
14. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдар, зертхананың бөлімдеріне жолданғанда, басқа да зертханаларға жолданғанда, бірнеше құбылысты, оқиғаны болдырмау мақсатында, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтай отырып тасымалданады (орны ауыстырылады).
15. Диагностикалық зерттеулер жануарлардың ауруларына байланысты Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда, халықаралық және ұлттық стандарттарда, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюроның қолдауымен әзірленген стандарттарда, нұсқамаларда және ұсынымдарда көзделген әдістерді пайдалана отырып жүргізіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Диагностикалық зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша сараптама актісі (сынақ хаттамасы) беріледі.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келген кезде, Сынама алу қағидаларына сәйкес келмейтіндігі анықталған биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына жолданған (ұсынылған) биологиялық және патологиялық материалдың сынама нәтижелері бойынша ғана сараптама актісі (сынақ хаттамасы) ресімделеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.03.2016 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдар, аудандық/аумақтық ветеринариялық зертханадан облыстық (аймақтық) зертханаларға жолданғанда, сонымен бірге облыстық ветеринариялық зертханадан, басқа ветеринариялық зертханаларға жолдағанда ветеринариялық үлгілік сынамаларды қайта жолдау бойынша бірдейлендіру кодын беру арқылы тиісті жорналға жазып тіркейді.
Аудандық/аумақтық немесе облыстық (аймақтық) ветеринариялық зертхананың сынаманы қабылдайтын қызметкері, сынамаларды пробиркаға құйып және патологиялық сынаманы мұздатқышта суытып қатырады, тиісінше орамдап дайындайды және барлық құжаттармен бірге жазылған жолдаманы ілеспе хат арқылы, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды облыстық (аймактық) зертханаларалардың филиалдарына немесе басқа ветеринариялық зертханаларға қайта жолдайды.
18. Жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау) үшін, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою үшін биологиялық және патологиялық материалдарды жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясын атқаратын ветеринариялық зертханаға жолдайды.
19. Диагностикалық зерттеулерді жүргізіп болғаннан кейін, биологиялық және патологиялық материалдардың қалдықтары және бақылауға арналған үлгілік материалдардың сақталу мерзімі өткеннен кейін жойылады.
Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасына 1-қосымша |
Үлгі
_____________________________________________________________________
(Ветеринариялық зертхананың аталуы, мекен жайы /
Наименование ветеринарной лаборатории, адрес)
Биологиялық және патологиялық материалдың жарамсыз сынамасына хаттама №_____ / Протокол несоответствия пробы биологического и патологического материала №_______
Тапсырушы / Заказчик | |
Тегі,аты, әкесінің аты (егер бар болса), мекеменің аталуы, мекен-жайы, телефоны / Фамилия и имя, отчество (при наличии), наименование организации, адрес, телефон) | |
Сынаманың (биологиялық және патологиялық материалдың) тіркелу мәліметі / Регистрационные данные проб биологического и патологического материала) | |
Биологиялық және патологиялық материалдың аталуы және сипаттамасы / Наименование и характеристика биологического и патологического материала) | |
Сынаманың мөлшері / Количество проб | |
(дана, килограмм, литр, № ден-№ дейін / штук, килограмм, литр, от № до №) | |
Жеткізілген күні / Дата поступления | 20______ жылғы " __ " _______ " ___ " _________ 20____ года |
Жарамсыз сынама деп саналады / Обнаружены пробы с несоответствием | |
Сынама №, айқындау, жағдайы / №-пробы, пояснение, состояние) | |
Ескертпе хабар / Уведомление: | Сынама қабылдау және ақпарат бөлімі / Отдел приема проб и информации 20___ жылғы " ___ " _________ " ___ "_______ 20______ года Тапсырушы /Заказчик 20__ жылғы " ___ " ___ " 20_____ года |
Хаттама корытындысы / Заключение протокола | 20____ жылғы " ___ " _______ " ___ " ________ 20 года Шешім қабылданды / Принято решение: |
Биологиялық және патологиялық материалды тапсырды /Сдал биологический и патологический материал
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдады / Принял биологический и патологический материал
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасына 2-қосымша |
Үлгі
_____________________________________________________________________
Ветеринариялық зертхананың аталуы, мекен жайы /
Наименование ветеринарной лаборатории, адрес
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдап алу актісі/
Акт приема-передачи биологического и патологического материала
№ _______
Біз төмендегі қол қоюшылар/Мы нижеподписавшиеся;
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /Должность, фамилия, имя, отчество (при наличии),) Биологиялық және патологиялық материалды тексеруге қабылдап алу үшін осы акт жасалды /Составили настоящий акт в том, что произвели прием-передачу биологического и патологического материала, саны/ в количестве _______________________
_____________________________________________________________________
ветеринариялық зертхананың аталуы / наименование ветеринарной лаборатории Биологиялық және патологиялық материалды иелік етуші / Биологический и патологический материал
принадлежит _________________________________________________________
заңды тұлғаның толық мекен-жайы, теле.,факс, E-mail/
_____________________________________________________________________
полный адрес юридического лица, телефон, факс, E-mail Биологиялық және патологиялық материалдың қабылдау кезіндегі қалпы /Состояние биологического и патологического материала в момент передачи
_____________________________________________________________________
Жолдама құжаттары /Сопроводительные документы/ ______________________
_____________________________________________________________________
Биологиялық және патологиялық материалдың аталуы /Наименование биологического и патологического материала | Саны / Количество | Сынама номері / Номера проб | Келісілген зерттеу әдісінің аталуы / Наименование согласованного метода исследований | Әдістің стандарты/ Стандарт метода | Ескерту/ Примечание |
Биологиялық және патологиялық материалды тапсырды / Сдал биологический и патологический материала
_____________ ____________________________________________________
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдады / Принял биологический и патологический материал
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
20____ жылғы " ___ " ________ / " ___ " _________ 20___ года