Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және Дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9676 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 09.06.2015 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидалары бекітілсін.
      2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында  және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру істері
      агенттігінің төрағасы                      Т.Есентаев

Қазақстан Республикасы   
Спорт және дене шынықтыру 
істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі  
№ 293 бұйрығымен     
бекітілген        

Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) мәртебелер беру тәртібін анықтайды.
      2. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелері аталған спорттық мектептердің және спорт түрлерінен бөлімшелердің қызметкерлерін материалдық ынталандыру, сонымен қатар олардың жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға және Қазақстан Республикасы құрама командаларының резервін дайындауға мүддесін арттыру мақсатында беріледі.
      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.
      4. Осы Қағидада мынадай ұғым қолданылады:
      1) спорттық жетілдіру топтары - мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
      2) спорттың ойын түрлерінен (футбол, шағын футбол, жағажай футболы, волейбол, жағажай волейболы, баскетбол, қол добы, су добы, шайбалы хоккей, допты хоккей, көгалдағы хоккей), көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңіл атлетикадан - 1-спорттық разряд;
      3) спорттың басқа түрлерінен - «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер».

2. Мәртебелерді беру тәртібі

      5. Спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін мынадай шарттар сақталады:
      1) өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;
      2) спорт мектептерінің барлығындағы спорт түрінен бөлімшелерде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушы құрамының болуы;
      3) «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылардың, республикалық және халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің болуы;
      4) кемінде 2/3 бөлігінде спорт түрінен мамандандырылған бөлімшелердің болуы.
      6. Спорт мектептерінің спорт түрлері бойынша бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін мына шарттар сақталады:
      1) спорт түрлері бойынша бөлімшелер өз қызметін жүзеге асыратын спорт мектептерінің өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;
      2) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушы құрамының болуы;
      3) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде «Қазақстан Республикасы спорт шеберіне үміткер», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылардың, республикалық және халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің болуы;
      4) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде екі спорттық жетілдіру тобының болуы (бір спорттық жетілдіру тобында шұғылданушылар саны дамытылған спорт түріне қарай 3 адамнан бастап 6 адамды құрайды).
      7. Спорт мектептерінің және спорт мектептері бөлімшелерінің «мамандандырылған» мәртебесі оны уәкілетті орган берген күннен бастап төрт жыл бойына қолданыста болады.
      8. Спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін қажетті құжаттар:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органнан (бұдан әрі - жергілікті орган) еркін нысанда жазылған қолдаухат, онда спорт мектебінің штат саны, спорт мектебіндегі спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың құрамы туралы ақпарат болады;
      2) спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;
      3) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері мен спорт мектебінің арасында жасалған қолданыстағы шарттың көшірмесі.
      9. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін қажетті құжаттар:
      1) жергілікті атқарушы органның еркін нысанда жазылған қолдаухаты, онда спорт түрлерінен бөлімшелерінің штат саны, спорт түрлерінен бөлімшелердегі спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың құрамы туралы ақпарат болады;
      2) көшірмелері:
      спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттарының және спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасалған спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;
      3) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері мен спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары үнемі медициналық тексерістен өтетін спорт мектебі арасында жасалған қолданыстағы шарттың көшірмесі;
      4) жергілікті атқарушы орган бекіткен спорттық жетілдіру топтарының тізімдері.
      10. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне  «мамандандырылған» мәртебесін беруге ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырады.
      11. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындысы бойынша спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      12. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті органмен дәлелді жауап беріледі.
      13. Уәкілетті органның мәртебе беру туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді, бұйрықтың көшірмесі спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беруге құжаттарды тапсырған жергілікті органға жіберіледі.

Об утверждении Правил присвоения статусов "специализированная" спортивным школам, "специализированное" отделениям спортивных школ

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 293. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2014 года № 9676. Утратил силу приказом и.о. Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 9 июня 2015 года № 209

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра культуры и спорта РК от 09.06.2015 № 209 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 43) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года «О физической культуре и спорте» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения статусов «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ.
      2. Департаменту спорта высших достижений и спортивного резерва (Жарасбаев С.М.) в установленном законодательством порядке:
      1) представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет».
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры Канагатова И.Б.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Агентства Республики Казахстан
      по делам спорта и физической культуры      Т. Есентаев

Утверждены       
приказом Агентства   
Республики Казахстан  
по делам спорта    
и физической культуры 
от 28 июля 2014 года № 293

Правила присвоения статусов
«специализированная» спортивным школам,
«специализированное» отделениям спортивных школ

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения статусов «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ (далее – Правила) определяют порядок присвоения статусов.
      2. Статусы «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ присваивается с целью материального стимулирования работников данных спортивных школ и отделений по видам спорта, а также повышения их заинтересованности в подготовке спортсменов высокого класса и подготовки резерва сборных команд Республики Казахстан.
      3. Уполномоченный орган в области физической культуры и спорта (далее – уполномоченный орган) является органом, принимающим решение о присвоении статусов «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ.
      4. В настоящих Правилах используется следующее понятие:
      1) группы спортивного совершенствования – группы спортсменов, выполнившие следующие спортивные звания и разряды:
      2) в игровых видах спорта (футбол, мини-футбол, пляжный футбол, волейбол, пляжный волейбол, баскетбол, гандбол, водное поло, хоккей с шайбой, хоккей с мячом, хоккей на траве), кокпаре, конькобежном спорте, легкой атлетике – 1 спортивный разряд;
      3) в остальных видах спорта – «Кандидат в мастера спорта Республики Казахстан».

2. Порядок присвоения статусов

      5. Для присвоения статуса «специализированная» спортивной школе соблюдаются следующие условия:
      1) наличие собственного или арендуемого спортивного объекта (помещения);
      2) наличие в каждом из имеющихся в «специализированных» спортивных школах отделений по виду спорта тренерско-преподавательского состава численностью не менее 4 человек;
      3) наличие спортсменов, имеющих спортивные звания «Мастер спорта Республики Казахстан», «Мастер спорта Республики Казахстан международного класса», чемпионов и призеров республиканских и международных соревнований;
      4) наличие не менее 2/3 специализированных отделений по виду спорта.
      6. Для присвоения статуса «специализированное» отделениям по видам спорта спортивных школ соблюдаются следующие условия:
      1) наличие в спортивной школе, в которой осуществляет свою деятельность отделение по виду спорта, собственного или арендуемого спортивного объекта (помещения);
      2) наличие в отделении по виду спорта тренерско-преподавательского состава численностью не менее 4 человек;
      3) наличие в отделении по виду спорта спортсменов, имеющих спортивные звания «Кандидат в мастер спорта Республики Казахстан», «Мастер спорта Республики Казахстан», «Мастер спорта Республики Казахстан международного класса», чемпионов и призеров республиканских и международных соревнований;
      4) наличие в отделении по виду спорта не менее двух групп спортивного совершенствования (в одной группе спортивного совершенствования общее число занимающихся в зависимости от культивируемого вида спорта составляет от 3 до 6 человек).
      7. Статус «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ действует в течение четырех лет с момента его присвоения уполномоченным органом.
      8. Документы, необходимые для присвоения статуса «специализированная» спортивным школам:
      1) письмо ходатайство местного исполнительного органа в области физической культуры и спорта (далее – местный орган), составленное в произвольной форме, в котором содержится информация о штатной численности спортивной школы, составе спортсменов и тренеров-преподавателей спортивной школы.
      2) копии правоустанавливающих документов на спортивный объект (помещение), принадлежащий спортивной школе, или копия договора аренды спортивного объекта (помещения), в котором занимаются спортом учащиеся спортивной школы;
      3) копия действующего договора, заключенного между врачебно-физкультурным диспансером и спортивной школой.
      9. Документы, необходимые для присвоения статуса «специализированное» отделениям спортивных школ:
      1) письмо ходатайство местного исполнительного, составленное в произвольной форме, в котором содержится информация о штатной численности отделения по виду спорта, составе спортсменов и тренеров-преподавателей отделения по виду спорта.
      2) копии:
      правоустанавливающих документов на спортивный объект (помещение), принадлежащий спортивной школе, в котором занимаются спортом учащиеся отделения по виду спорта или договора аренды спортивного объекта (помещения), заключенного спортивной школой, в котором занимаются спортом учащиеся отделения по виду спорта;
      3) копия действующего договора, заключенного между врачебно-физкультурным диспансером и спортивной школой, согласно которому учащиеся отделения по виду спорта проходят регулярное медицинское обследование;
      4) списки групп спортивного совершенствования, утвержденные местным исполнительным органом.
      10. Документы, представленные на присвоение статуса «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ, рассматриваются уполномоченным органом в течение 30 календарных дней со дня регистрации.
      11. Уполномоченный орган по итогам рассмотрения представленных документов принимает решение о присвоении статуса или отказе в присвоении статуса «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ.
      12. При отказе в присвоении статуса «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ уполномоченным органом дается мотивированный ответ.
      13. Решение уполномоченного органа о присвоении статуса оформляется приказом, копия которого направляется местному исполнительному органу, представившему документы на присвоение статуса «специализированная» спортивным школам, «специализированное» отделениям спортивных школ.