Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11642 тіркелді.

      "Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 293 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9676 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің № 8 (28486) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
М. Әзілханов

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 209 бұйрығымен
бекітілген

Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 04.05.2020 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе осы спорт мектептерінің және спорт түрлерінен бөлімшелердің қызметкерлерін материалдық ынталандыру, сондай-ақ олардың жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға және Қазақстан Республикасы құрама командаларының резервін дайындауға мүддесін арттыру мақсатында беріледі.

      3. Облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелері көрсетілетін қызмет беруші берген күннен бастап төрт жыл бойы қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Спорт мектебіне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін мынадай шарттар сақталады:

      1) меншікті немесе жалға алынған спорттық объектісінің (үй - жайдың) болуы;

      2) әр спорт мектебіндегі спорт түрі бойынша бөлімшелерінде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылар құрамының болуы;

      3) "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атақтары, республикалық және халықаралық жарыстардың спорттық нәтижелері (чемпионы, жүлдегері) бар спортшылардың болуы;

      4) спорт түрі бойынша кемінде 2/3 мамандандырылған бөлімшелердің болуы;

      5) спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік - дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған шарттың болуы.

      6. Спорт түрлері бойынша спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру үшін мынадай шарттар сақталады:

      1) спорт түрі бойынша бөлімше өз қызметін жүзеге асыратын спорт мектебінде меншікті немесе жалға алынған спорт объектісінің (үй - жайдың) болуы;

      2) спорт түрі бойынша бөлімшеде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылар құрамының болуы;

      3) спорт түрі бойынша бөлімшеде "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атақтары және разрядтары, республикалық және халықаралық жарыстардың спорттық нәтижелері (чемпионы, жүлдегері) бар спортшылардың болуы;

      4) спорт түрі бойынша бөлімшеде кемінде екі спорттық жетілдіру тобының болуы (бір спорттық жетілдіру тобында спортпен айналысатын адамдардың жалпы саны дамытылатын спорт түріне қарай 2-ден 6 адамға дейін);

      5) спорт түрі бойынша бөлімше оқушыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған шарттың болуы.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін спорт мектебі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың пакетін ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кіретін мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына (портал арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Мемлекеттік корпорациясы, Бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушілерге ұсынады.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі спорт объектісіне (үй-жайға) берілген техникалық сипаттамалары туралы құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштері тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қоса бере отырып, өз басшысының атына қорытынды шығарады, оның негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.

      Жауап теріс болған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-1. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

      14. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілген қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      19. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  Спорт мектептеріне және спорт
мектептерінің бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру.
2. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын тапсыруға арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
Мемлекеттік қызметтің кіші түрлері бойынша: спорт мектептеріне "мамандандырылған" мәртебе беру:
1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидалардың 2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер;
4) спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт;
5) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;
6) спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер
3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;
4) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама;
5) электрондық құжат нысанында спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтар;
Мемлекеттік корпорацияға:
Мемлекеттік қызметтің кіші түрі бойынша: спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебе беру:
1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидалардың 2–қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер;
4) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт;
5) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы Қағидалардың 3–қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй – жай) туралы мәліметтер;
3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт түрі бойынша бөлімше спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;
4) осы Қағидалардың 4–қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 5, 6 және 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелері көрсетілетін қызмет беруші берген күннен бастап төрт жыл бойы қолданылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрде жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Кімге ____________________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы

      _________________________________________

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,

      ________________________________________

      астананың жергілікті атқарушы органның

      _________________________________________

      басшысының лауазымы, аты, әкесінің аты, тегi

      _________________________________________

      (болған жағдайда)

      кімнен___________________________________

      (спорт мектебінің басшысының немесе уәкілетті

      _________________________________________

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      _________________________________________

      мекенжайы, телефон нөмірі

Өтініш

      Сізді _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________ сұраймын.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының

      2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бектілген "Спорт мектептеріне және спорт

      мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет осы Қағиданың 9-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      __________________ ______________________________________________

      (қолы)                  (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20____жылғы "_____" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"

      ____________ _____________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
3-қосымша

Спорт объектісі (үй - жайлар) туралы мәліметтер

Спорт объектісінің (үй - жай) атауы және заңды мекенжайы

Меншікті

Жалдамалы




  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
4-қосымша

Спорт мектебі бөлімшелерінің жұмысы туралы анықтама

      1. Спорт мектебінің атауы____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Спорт мектебіндегі бөлімшелердің саны______________________________________

      3. Ашылған жылы__________________________________________________________

      4. Құрылтайшысы __________________________________________________________

      5. Заңды мекенжайы_________________________________________________________

  1-кесте

      6. Спорт мектебінің әкімшілігі туралы мәліметтер

Әкімшілік

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Білімі

Құрметті атағы

Еңбек өтілі

әкімшілік

жаттықтырушылық

Директор






Оқу бөлімінің меңгерушісі






Аға әдіскер






Әдіскер






  2-кесте

      7. Спорт мектебі бөлімшесінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер

Жаттықтырушылар саны

Барлығы:

соның ішінде:


штаттағы

қоса атқарушылар



Арнайы білім:
жоғары




орта




Біліктілігі:
жоғары




бірінші




екінші




"Еңбек сіңірген жаттықтырушы"




  3-кесте

      8. Спорт мектебі бөлімшесінің жасақталуы

Дайындық кезеңдері

Оқу жылы

Саны

топтар

топтардағы оқушылар

Алғашқы дайындық

1 жыл



2 жыл



Оқу-жаттығу

1 жыл



2 жыл



3 жыл



3 жылдан жоғары



Спорттық жетілдіру

1 жыл



2 жыл



2 жылдан жоғары



Жоғары спорт шеберлігі

барлық кезең



  4-кесте

      9. Спорттық жетілдіру мен жоғары спорт шеберлігі топтарының тізімі

Спортшылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Спорттық атағы

Жаттықтырушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

1





2





  5-кесте

      10. Жасына және спорттық дайындығына қарай бөлімше контингентінің құрамы (бастапқы дайындықсыз)

Оқушылардың жасы (толық жасы)

Спортшылардың саны

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Спорт шебері

Спорт шеберлігіне кандидат

I спорттық разряд

22 және жоғары





21





20





19





18





17





16





15





14





13





12





11





10





  6-кесте

      11. Соңғы олимпиадалық цикл үшін бөлімшенің жұмыс көрсеткіштері (ең үздік нәтиже бойынша тек бір рет көрсету)

Жарыс түрі

Қатысушылар саны

Қатысушылардың жалпы санынан

Ересектер

Юниорлар

Жасөспірімдер

1-3 орын

10-дықта

1-3 орын

10-дықта

1-3 орын

10-дықта

Республикалық








Халықаралық








  7-кесте

      12. Соңғы олимпиадалық цикл бойынша спорттық шеберлікті одан әрі жетілдіру үшін бөлімшелерден жіберілген оқушылар саны

Мекеме атауы

Адам саны

20____жыл

20____жыл

20____жыл

20____жыл

Спорт колледжі





Жоғары спорттық шеберлік мектебі





Мектеп-интернат-колледж





Олимпиада резервін даярлау орталығы





Олимпиадалық даярлау орталығы





  8-кесте

      13. Соңғы олимпиадалық циклда спорттық атақтарға ие болған және спорттық разряд алып, дайындалған спортшылар саны

Спорттық атағы

жыл

20_____жыл

20_____жыл

20_____жыл

20_____жыл

Еліміздің құрама командасына үміткерлер





Халықаралық дәрежедегі спорт шебері





Спорт шебері





Спорт шеберлігіне кандидат





1 спорттық разряд





Бұқаралық разрядтар





  9-кесте

      14. Соңғы олимпиадалық циклде дайындалған спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің тізімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Спорттық атағы

Құрама команда (негізгі, стажер, резерв)

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

1






2






  10-кесте

      15. Бөлімшеде шұғылданатын Қазақстан Республикасының құрама командалары мүшелерінің тізімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Құрама команда (негізгі, стажер, резерв)

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

1





2





  11-кесте

      16. Ресми халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаз спортшылары мен жүлдегерлерінің тізімі

Жарыс атауы және өткізу мерзімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Бағдарлама түрі, бағдарламаның атауы

Алған орны











  Спорт мектептеріне және спорт
мектептерінің бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  __________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________
тегi аты, әкесінің аты,
(болған жағдайда)
__________________________
не ұйымның атауы)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

      арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес

      акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

      филиалының № _______________ бөлімі __________________________

      ______________________________________________________________

      (мекенжайы көрсетілсін)

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің

      8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға

      байланысты "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне

      "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда құжаттардың қолданылу

      мерзімі өтіп кеткен және (немесе) жоқ құжаттардың атауы:

      1)____________________________________________________________;

      2)____________________________________________________________;

      3)____________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір – бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы: _____________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Байланыс телефонының нөмірі ____________________

      Алдым: __________________________________________ ___________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___"_________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады