«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ұлттық, Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық, Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы»:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымына тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әpi - Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әpi - Еңбек кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әpi - Ұлттық, Банк туралы заң) сәйкес әзірленді.»;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) талаптар - Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер адамдарға олардың кәсіби дайындық, деңгейін, құзыреттілігін және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына сәйкестігін айқындау мақсатында Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес талаптар;»;
2)тармақша алынып тасталсын;
3)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кадр қызметі - Ұлттық Банктің кадрмен қамтамасыз ету бөлімшесі (филиалдарда - қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі маман);»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Ұлттық Банк - Ұлттық Банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдігі;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Конкурстық комиссияны Ұлттық Банк Төрағасы (филиалдарда - филиал басшысы) не оның орнындағы адам бекітеді.»;
16-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Конкурстық комиссияның шешіміне Ұлттық Банк Төрағасының (филиалдарда - филиал басшысының) атына не оның орнындағы адамға, не сот тәртібінде шағымдануға болады.»;
1-қосымша осы қаулының қосымшасына
сәйкес редакцияда жазылсын; 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ, бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметшілерін лауазымға тағайындау және
олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына
2-қосымша»;
3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына
3-қосымша»;
16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ, ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) қатынастарда барсыз ба».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ.Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 132 қаулысына қосымша
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен
еңбек шартын тоқтату қағидаларына
1-қосымша
Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасуға
үміткер адамдарға қойылатын
талаптар
1. 02 тобы үшін - департамент директоры, департамент директоры-бас бухгалтер, Өкілдік Басшысы, дербес басқарманың бастығы.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық, актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Бaнкi туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Департамент директорының орынбасары, дербес басқарма бастығының орынбасары.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
2. 03 тобы үшін - департамент құрамындағы басқарма бастығы, Ұлттық Банк Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі, консультант, баспасөз хатшысы, бөлім бастығы.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық. бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды (магистратура) немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтаған кезде жұмыс стажы кемінде екі жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Департамент құрамындағы басқарма бастығының орынбасары.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде бip жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
3. 04 тобы үшін - бас маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог, Басқарма хатшысы, Директорлар кеңесінің хатшысы және басқа да атаулар.
Білім - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде бip жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бip жарым жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
4. 05 тобы үшін - жетекші маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кенесшісі, тәуекел-менеджер,тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы,азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.
Білімі - жоғары кәсіби.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актлерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
5. 06 тобы үшін - маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.
Білімі - жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы - орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде бip жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бip жарым жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкте туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
6. Ф1 тобы үшін - филиал директоры, Кассалық операциялар және
құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) директоры.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдеу туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Филиал директорының орынбасары, филиал директорының орынбасары - бас инженер, филиал директорының режим және күзет жөніндегі орынбасары, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) директорының орынбасары - бас бухгалтер.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдың бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Әкімшілік рәсімдеу туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
7. Ф2 тобы үшін - аумақтық филиалдың бөлім бастығы - бас бухгалтері, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) бөлім бастығы - бас бухгалтерінің орынбасары, бөлімше меңгерушісі, құндылықтар қоймасының бастығы, бөлім бастығы.
Білім - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл не басшы лауазымдарда кемінде бip жыл, не шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдеу туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық, міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Бөлім бастығының орынбасары.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде бip жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл не басшы лауазымдарда кемінде бip жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
8. ФЗ тобы үшін - инкассация тобының бастығы, қойма (құндылықтар) меңгерушісі.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Касса (айналым кассасы, қайта есептеу кассасы және басқа да атаулар) меңгерушісі.
Білімі - жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы - орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде eкi жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
9. Ф4 тобы үшін - бас маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист,инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер,байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик,инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
Білімі - жоғары кәсіби.
Жұмыс стажы - Ұлттық Банкте кемінде бip жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық, бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бip жарым жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды, не Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
10. Ф5 тобы үшін - жетекші маман: экономист, заң кеңесшісі,қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау,қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер,инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик,инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер,сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог,бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
Білімі - жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы - орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бip жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
11. Ф6 тобы үшін - маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.
Білімі - жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.
Жұмыс стажы - орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бip жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бip жыл.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.».