"Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қазанда № 9828 тіркелді

      «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 тіркелген, 2011 жылғы 20 шілдеде № 101 (2092) «Юридическая газета»; 2011 жылғы 21 қыркүйекте № 304 (26695) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасында:
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. КБ бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      10. Екі жылда бір рет 31 қаңтарға дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда КБ қағидаттарын енгізуге алдын ала мониторинг жүргізу ақпараты және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсыныстарының негізінде мониторингілеуге жататын объектілердің тізбесі қалыптастырылады. Бағалау ішінара жүргізіледі, акционерлік қоғамдардың жалпы санынан кемінде 5% қызметтің түрлі салаларының Объектілерін қамтиды.
      Мониторинг жүргізу мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 28 ақпанға дейін мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарға Қағидаға сәйкес ақпаратты ұсынулары үшін сұрау жібереді. Акционерлік қоғамдар осы ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бір уақытта ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға КБ-ға бағалау жүргізу кезінде талқылауды талап ететін мәселелерді, КБ-ны бағалаудың қандай да бір мәселелері бойынша орын алған ұстанымды жолдайды.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган КБ-ға бағалау жүргізген кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен комментарийлер мен негіздемелерді ұсыну үшін Объектінің өкілдерін шақырады. КБ-ны бағалау жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келісу үшін және Объектіге ақпараттандыру үшін жолданады. КБ-ны бағалау Объекті құжаттар мен негіздемелерді ұсынған жағдайда бір ай ішінде нақтылануы мүмкін.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (Қ.Б. Ибраев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр

Е. Досаев

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 6 июня 2011 года № 157 "Об утверждении Правил оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 23. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 октября 2014 года № 9828

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2013 года «О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 6 июня 2011 года № 157 «Об утверждении Правил оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7047, опубликованный в газетах «Юридическая газета» от 20 июля 2011 года № 101 (2092); «Казахстанская правда» от 21 сентября 2011 года № 304 (26695) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах оценки корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, утвержденных указанным приказом:
       пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:
      «9. Оценка КУ проводится уполномоченным органом по государственному планированию совместно с Национальной палатой предпринимателей в порядке, установленном настоящими Правилами.
      10. Раз в два года до 31 января уполномоченным органом по государственному планированию на основании информации предварительного мониторинга внедрения принципов КУ в контролируемых государством акционерных обществах и предложений Национальной палаты предпринимателей формируется перечень объектов, подлежащих мониторингу. Оценка производится выборочно, включает Объекты различных отраслей деятельности не менее 5% от общего числа акционерных обществ.
      До 28 февраля в целях проведения мониторинга уполномоченным органом по государственному планированию направляется запрос в контролируемые государством акционерные общества для представления информации в соответствии с Правилами. Данная информация представляется акционерными обществами одновременно в уполномоченный орган по государственному планированию и Национальную палату предпринимателей Республики Казахстан.»;
      дополнить пунктом 10-1 следующего содержания:
      «10-1. В срок не позднее 30 календарных дней со дня получения информации, указанной в пункте 10 настоящих Правил, Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан направляет уполномоченному органу по государственному планированию имеющиеся вопросы, требующие обсуждения при проведении оценки КУ, имеющуюся позицию по тем или иным вопросам оценки КУ.»;
       пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. Уполномоченный орган по государственному планированию при проведении оценки КУ приглашает представителей Объекта для представления комментариев и обоснований с участием представителей Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан. Проект Оценки КУ направляется в Национальную палату предпринимателей Республики Казахстан для согласования и Объекту для информирования. Оценка КУ может уточняться в течении одного месяца в случае представления Объектом документов и обоснований.».
      2. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики (Ибраев К.Б.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
 
 

      Министр

Е. Досаев