«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.
«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 тіркелген, 2011 жылғы 20 шілдеде № 101 (2092) «Юридическая газета»; 2011 жылғы 21 қыркүйекте № 304 (26695) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасында:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. КБ бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүргізеді.
10.
Екі жылда бір рет 31 қаңтарға дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда КБ қағидаттарын енгізуге алдын ала мониторинг жүргізу ақпараты және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсыныстарының негізінде мониторингілеуге жататын объектілердің тізбесі қалыптастырылады. Бағалау ішінара жүргізіледі, акционерлік қоғамдардың жалпы санынан кемінде 5% қызметтің түрлі салаларының Объектілерін қамтиды.
Мониторинг жүргізу мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 28 ақпанға дейін мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарға Қағидаға сәйкес ақпаратты ұсынулары үшін сұрау жібереді. Акционерлік қоғамдар осы ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бір уақытта ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға КБ-ға бағалау жүргізу кезінде талқылауды талап ететін мәселелерді, КБ-ны бағалаудың қандай да бір мәселелері бойынша орын алған ұстанымды жолдайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган КБ-ға бағалау жүргізген кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен комментарийлер мен негіздемелерді ұсыну үшін Объектінің өкілдерін шақырады. КБ-ны бағалау жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келісу үшін және Объектіге ақпараттандыру үшін жолданады. КБ-ны бағалау Объекті құжаттар мен негіздемелерді ұсынған жағдайда бір ай ішінде нақтылануы мүмкін.».
2.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (Қ.Б. Ибраев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2)
осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3)
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Е. Досаев |