"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 қарашада № 9873 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 3 қазандағы № 688 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.10.2018 № 688 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 7 қарашада
№ 137 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда,
Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша
Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Өңіраралық инспекция) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және Комитеттің құзыреті шегінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы аумағында ұшу қауіпсіздігі саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

      2. Өңіраралық инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Өңіраралық инспекция ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауымен мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады.

      4. Өңіраралық инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

      5. Өңіраралық инспекцияның құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы (бұдан әрі - Жауапты хатшы) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің келісімінен кейін бекітеді.

      6. Өңіраралық инспекцияның толық атауы:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Өңіраралық инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин көш., 38 "А".

      8. Өңіраралық инспекцияның құрылтайшысы мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

      9. Осы Ереже Өңіраралық инспекцияның құрылтайшы құжаты болып табылады.

      10. Өңіраралық инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Өңіраралық инспекцияның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Заңнамалық актілерде Өңіраралық иснпекцияға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру бойынша құқықтарды ұсынған жағдайда, онда осындай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      12. Негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін оны пайдаланушылардың қауіпсіз пайдалануын, адамдардың өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қауіп төндірмей ұшуын қамтамасыз ету.

      13. Функциялары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін тұрақты қадағалауды жүзеге асыру;

      2) қызметі сертификатталуға жатпайтын заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;

      3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      4) азаматтық әуе кемелерімен әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың жолын кесу;

      5) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер айқындалған жағдайда үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру;

      6) азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысын сертификаттауға қатысу;

      7) авиациялық жұмыстарды орындау құқығын пайдаланушыны сертификаттауға қатысу;

      8) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына сертификаттау кезінде қатысу;

      9) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, иеленушілер сертификаттық талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттардың әрекеттерін шақыртып алу, қолданысын тоқтата тұруға қатысу;

      10) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      11) аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына сертификаттау жүргізуге қатысу;

      12) азаматтық әуе кемесі сертификаттау және оған дана сертификатын беруге қатысу;

      13) сертификаттау және азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беруге қатысу;

      14) әуе кемесі, оның құрамдауыштары, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      15) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      16) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымын сертификаттауға қатысу;

      17) шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесін перрондық және жоспардан тыс перрондық тексеруді жүзеге асыру;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      14. Өңіраралық инспекцияның құқықтары:

      1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан ақпаратты, құжаттарды сұратуға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсіндіру мен материалдарды талап ету;

      2) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысын және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жаңа және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3) азаматтық авиацияны дамыту, оларды іске асырудың ұйымдастыру және қаржылық механизмдері, азаматтық авиация саласының дамуына инвестициялар тарту үшін жағдайлар мен басымдықтар қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) Өңіраралық инспекцияның мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұшуға рұқсаты бар лауазымды тұлғалары өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде әуе кемесінің кабинасында, ондай рұқсаты жоқ адамдар - бос орын болған кезде әуе кемесінің пайдаланушыларымен келісім бойынша әуе кемесінің жолаушылар салонында болуға құқылы;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге құқықтарға ие болу.

      15. Өңіраралық инспекцияның міндеттеріне мыналар жатады:

      1) оған жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, заңды және жеке тұлғалардың заңда қорғалатын мүдделерін және құқықтарын сақтау;

      3) өз құзыреті және заңнама шеңберінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және мемлекеттік органдарынан ресми сұрау салу болған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      4) оның теңгеріміндегі мемлекеттік жеке меншіктің сақталуын қаматамасыз ету.

3. Өңіраралық инспекцияның қызметін ұйымдастыру

      16. Өңіраралық инспекцияның басшысын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      17. Өңіраралық инспекцияның басшысы Өңіраралық инспекцияның қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және оған жүктелген міндеттер оның өз функцияларын орындалуына жеке жауапты болады.

      18. Осы мақсатта Өңіраралық инспекцияның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде:

      1) Өңіраралық инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

      2) Комитеттің төрағасына Өңіраралық инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындау және одан босату, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін кандидаттарды ұсынады;

      3) Комитет басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды;

      4) өз өкілеттігі шегінде Өңіраралық иснпекцияның мүдделерін мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;

      5) Өңіраралық инспекцияның қызметін үйлестіреді және бақылайды;

      6) оның құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

4. Өңіраралық инспекцияның мүлігі

      19. Өңіраралық инспекцияның шұғыл басқару құқығындағы жекешеленген мүлігі бар.

      20. Өңіраралық инспекцияның мүлігі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Өңіраралық инспекцияның теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

      21. Өңіраралық инспекцияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өңіраралық инспекция оған бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге де жолдармен басқаруға құқылы емес.

5. Өңіраралық инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Өңіраралық инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ Өңіраралық инспекцияны тарату жағдайында мүлікті пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Межрегиональная инспекция по безопасности полетов по Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Южно-Казахстанской областям и городу Алматы Комитета гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 137. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 ноября 2014 года № 9873. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 3 октября 2018 года № 688 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 03.10.2018 № 688 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 995 "Некоторые вопросы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Межрегиональная инспекция по безопасности полетов по Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Южно-Казахстанской областям и городу Алматы Комитета гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, официальное опубликование в средствах массовой информации, в том числе размещение его на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      3) представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений о государственной регистрации и о направлении на опубликование в средствах массовой информации в течение 5 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Касымбек Ж.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


  Утверждено
приказом Министра по
инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 7 ноября 2014 года № 137

Положение
о государственном учреждении
"Межрегиональная инспекция по безопасности полетов по
Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Южно-Казахстанской
областям и городу Алматы Комитета гражданской авиации
Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Межрегиональная инспекция по безопасности полетов по Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Южно-Казахстанской областям и городу Алматы Комитета гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан" (далее - Межрегиональная инспекция) является территориальным органом Комитета гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее - Комитет) и осуществляет в пределах компетенции Комитета функции в области безопасности полетов на территориях Алматинской, Жамбылской, Кызылординской и Южно-Казахстанской областей, а также города Алматы.

      2. Межрегиональная инспекция в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Межрегиональная инспекция является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также, в соответствии с законодательством, счета в органах казначейства.

      4. Межрегиональная инспекция вступает в гражданско-правовые отношения от своего имени.

      5. Структура и штатная численность Межрегиональной инспекции утверждается Ответственным секретарем Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее - Ответственный секретарь) после согласования с Министром по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      6. Полное наименование Межрегиональной инспекции:

      республиканское государственное учреждение "Межрегиональная инспекция по безопасности полетов по Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Южно-Казахстанской областям и городу Алматы Комитета гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан".

      7. Местонахождение Межрегиональной инспекции: Республика Казахстан, 050039, город Алматы, Турксибский район, ул. Майлина, 38 "А".

      8. Учредителем Межрегиональной инспекции является государство в лице Правительства Республики Казахстан.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом Межрегиональной инспекции.

      10. Финансирование деятельности Межрегиональной инспекции осуществляется из республиканского бюджета.

      11. Межрегиональной инспекции не допускается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Межрегиональной инспекции.

      В случае предоставления законодательными актами Межрегиональной инспекции прав по осуществлению деятельности, приносящей доходы, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.

2. Основные задачи, функции, права и обязанности

      12. Основными задачами являются:

      1) государственный контроль и надзор за использованием воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности гражданской и экспериментальной авиации;

      2) обеспечение безопасного использования воздушного пространства Республики Казахстан его пользователями, выполнения полетов без угрозы жизни или здоровью людей, окружающей среде, интересам государства.

      13. Функции:

      1) осуществление постоянного надзора за обеспечением безопасности полетов физическими и юридическими лицами;

      2) осуществление контроля за обеспечением безопасности полетов физическими и (или) юридическими лицами, деятельность которых не подлежит сертификации;

      3) осуществление государственного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации и (или) международных стандартов;

      4) пресечение нарушений порядка использования воздушного пространства гражданскими воздушными судами;

      5) приостановление действия сертификата типа в случае выявления недостатков, угрожающих безопасности полетов;

      6) участие в сертификации эксплуатанта гражданских воздушных судов;

      7) участие в сертификации эксплуатанта на право выполнения авиационных работ;

      8) участие в допуске эксплуатанта авиации общего назначения, эксплуатирующего самолеты с максимальной сертифицированной взлетной массой свыше пяти тысяч семисот килограмм и (или) самолеты, оснащенные одним или несколькими турбореактивными (турбовинтовыми) двигателями;

      9) участие при внесении изменений и дополнений в действующие сертификаты, выданные уполномоченным органом в сфере гражданской авиации, отзыве, приостановлении действия сертификатов при несоблюдении владельцами сертификационных требований;

      10) осуществление контроля и надзора за поддержанием норм летной годности гражданских воздушных судов организациями гражданской авиации;

      11) участие в сертификации летной годности воздушных судов сверхлегкой авиации;

      12) участие в проведении сертификации и выдачи сертификата экземпляра гражданского воздушного судна;

      13) участие в проведении сертификации и выдачи сертификата летной годности гражданского воздушного судна;

      14) осуществление контроля и надзора за соответствием состояния воздушного судна, его компонентов, запасных частей и вспомогательных приборов требованиям выданного эксплуатанту сертификата летной годности и требованиям эксплуатационно-технической документации, определяющей летную годность;

      15) осуществление контроля и надзора за соответствием требованиям летной и технической эксплуатации авиационной техники и средств ее наземного обслуживания;

      16) участие в сертификации организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники гражданской авиации;

      17) осуществление перронных и внеплановых проверок гражданского воздушного судна иностранного эксплуатанта;

      18) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      14. Права Межрегиональной инспекции:

      1) запрашивает от должностных лиц организаций гражданской авиации и эксплуатантов информацию, документы, а также объяснения и материалы, необходимые для выполнения своих функций, с установлением сроков их предоставления;

      2) вносит предложения по разработке новых и совершенствованию действующих нормативных правовых актов, регламентирующих вопросы использования воздушного пространства, организации воздушного движения и деятельности гражданской и экспериментальной авиации;

      3) вносит предложения по развитию гражданской авиации, организационных и финансовых механизмов их реализации, формированию условий и приоритетов для привлечения инвестиций в развитие отрасли гражданской авиации;

      4) при выполнении служебных обязанностей должностные лица Межрегиональной инспекции, уполномоченные на осуществление государственного контроля и надзора в сфере гражданской и экспериментальной авиации, имеющие допуск к полетам, могут находиться в кабине воздушного судна, а не имеющие такого допуска - в пассажирском салоне воздушного судна по согласованию с эксплуатантами воздушного судна при наличии свободных мест;

      5) осуществляет иные права, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      15. В обязанности Межрегиональной инспекции входит:

      1) обеспечение реализации возложенных на нее задач и функций;

      2) соблюдение законодательства Республики Казахстан, прав и охраняемых законом интересов физических и юридических лиц;

      3) представление необходимых материалов и справок в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом структурными подразделениями Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и государственными органами;

      4) обеспечение сохранности государственной собственности, находящейся на ее балансе.

3. Организация деятельности Межрегиональной инспекции

      16. Руководитель Межрегиональной инспекции назначается на должность и освобождается от должности Ответственным секретарем по согласованию с Министром по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      17. Руководитель Межрегиональной инспекции организует и руководит работой Межрегиональной инспекции и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на нее задач и осуществление ею своих функций.

      18. В этих целях руководитель Межрегиональной инспекции в пределах компетенции, определенной законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением:

      1) определяет обязанности и полномочия работников Межрегиональной инспекции;

      2) представляет председателю Комитета кандидатуры к назначению, освобождению от должности, поощрению, оказанию материальной помощи и наказанию работников Межрегиональной инспекции;

      3) исполняет указания и поручения руководства Комитета;

      4) в пределах своих полномочий представляет интересы Межрегиональной инспекции в государственных органах и иных организациях;

      5) координирует и контролирует деятельность Межрегиональной инспекции;

      6) принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.

4. Имущество Межрегиональной инспекции

      19. Межрегиональная инспекция имеет на праве оперативного управления обособленное имущество.

      20. Имущество Межрегиональной инспекции формируется за счет имущества, переданного ей государством, и состоит из основных фондов, оборотных средств, а также иного имущества, стоимость которых отражается в балансе Межрегиональной инспекции.

      21. Имущество, закрепленное за Межрегиональной инспекцией, относится к республиканской собственности.

      22. Межрегиональная инспекция самостоятельно не отчуждает или иным способом не распоряжается закрепленным за ним имуществом, если иное не установлено законами Республики Казахстан.

5. Реорганизация и ликвидация Межрегиональной инспекции

      23. Реорганизация и ликвидация Межрегиональной инспекции, а также порядок использования имущества в случае ликвидации Межрегиональной инспекции осуществляется в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.