Бюджеттік бағдарламалар Әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қарашада № 9897 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 68 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.02.2018 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті (В.Р. Хисматулин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 59 бұйрығымен
Бекітілген

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары
1. Негізгі ережелер

      1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауы тәртібін айқындайды.

      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруы үшін айқындалады.

      4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттердің шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды өз бетінше бөледі.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бірінші кезекті басымдығын өз бетінше айқындайды.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер шегінде ескерілмеген шығыстар макроэкономикалық сценарий мен кірістер болжамы көрсеткіштердің жақсаруы жағына қарай екінші кезеңде өзгерген жағдайда және (немесе) тиісті бюджет комиссиясына қорытынды дайындау барысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар жекелеген шығыстарды қабылдамаған жағдайда бюджет жобасына енгiзiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау

      5. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен қаржыландырылатын, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар айқындайды.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жылдарға бөле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әрқайсысы үшін жоспарланатын үшжылдық кезеңге жыл сайын өзгермелі негізде айқындалады.

      Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған лимиттер әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы өзгерістер ескеріле отырып, кезекті үшжылдық кезеңге лимиттерді айқындаған кезде өзгертілуі мүмкін.

      Макроэкономикалық болжам мен экономиканың өсу болжамы азаю жағына өзгерген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстары лимиттерінің және жаңа бастамаларға арналған лимиттердің сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген жоспардан номиналды Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) немесе Жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) тиісті жылға болжанатын өсуінен аспауы тиіс.

      Бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілмейді.

      7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде:

      1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;

      2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;

      3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;

      4) өткен және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;

      6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;

      7) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іс-шаралары есепке алынады.

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша стратегиялық жоспарлар, өзге стратегиялық және бағдарламалық құжаттар ескеріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде лимиттердің құрамында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқа шығыстарға қайта бөлуге жатпайтын бюджеттің мына шығыстары жеке бөлінеді:

      1) іске асырылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен көзделетін жобалар бойынша шығыстар;

      2) бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алып қоюлар;

      3) үкіметтік борышқа немесе жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет қөрсету;

      4) мемлекеттік кепілдік;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резерві.

      9. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттің нысаналы трансферттері және жергілікті атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттер ескерілусіз айқындалады.

      Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер көлемі ескеріле отырып айқындалады.

      Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері ескеріледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірінші кезеңінде мақұлданған болжамда көрсетілген үшжылдық кезеңге арналған бюджет шығыстарының болжамына сүйене отырып, ағымдағы шығыстардың жалпы лимиті және үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының лимиті айқындалады.

      Ағымдағы шығыстар мен үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының жалпы лимиті номиналды ЖІӨ-нің (ЖӨӨ) және соңғы пайдалану бойынша оның құрамдауыштарының болжанатын көлемін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады.

1-параграф. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының
лимиттерін айқындау

      11. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттің базалық шығыстарына сүйене отырып айқындалады.

      Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар мен қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау шығыстары базалық шығыстар болып табылады.

      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, трансферттерді төлеуге және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.

      12. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде есептеледі.

      13. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерін есептеу үшін база ретінде ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген (нақтыланған) жоспар, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған шығыстардың бекітілген жоспары пайдаланылады.

      14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері мына формула бойынша есептеледі:

      Лимитt = Ағымдағы шығыстарt + Даму бюджетіt,

      мұндағы

      Лимитt – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының лимиті;

      Ағымдағы шығыстарt – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының шығыстары бойынша лимиті;

      Даму бюджетіt – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит.

      15. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерін есептеу үшін әрбір әкімші үшін шығыстар мынадай санаттарға топтастырылады:

      1) ағымдағы шығыстар:

      тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар;

      күрделі шығындар;

      ауыспалы шығыстар;

      2) бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары.

      Тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығыстарын;

      мемлекеттік тікелей міндеттемелерді;

      шығыстардың көлемі бойынша негіздемелерді талап ететін мемлекеттік міндеттемелерді қамтиды.

      Күрделі шығындар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты күрделі шығындарды;

      мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға байланысты күрделі шығындарды қамтиды.

      Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары:

      республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстарды;

      төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қамтиды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      16. Ағымдағы шығыстар бойынша лимиттерді есептеу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес тиісті жылға болжанатын инфляция деңгейі, сондай-ақ жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына бекітілген шығыстар көлемі есепке алынады.

      17. Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит мына формулаға сәйкес есептеледі:

      Даму бюджетіt = Жалғасатын республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстарt + Жалғасатын бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттеріt.

      Жалғасатын бюджеттік инвестициялар шығыстарының лимиті іске асырылуы ағымдағы немесе өткен қаржы жылдарында басталып кеткен бюджеттік инвестициялар бойынша бюджетте көзделген қаражат ескеріле отырып айқындалады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы жоқ бюджеттік инвестициялар есепке алынбайды.

      18. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар лимитін айқындау кезінде республикалық, облыстық немесе аудандық бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша пул айқындалады.

      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бойынша пул мына формула бойынша айқындалады:

      НДТПt = ЖДБt * Кt-1,

      мұндағы

      НДТПt – тиісті қаржы жылына арналған төмен тұрған бюджеттің нысаналы даму трансферттері бойынша пул;

      ЖДБt – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).

      Бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарын айқындау кезінде тиісті үшжылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша нақтыланған жоспары ескеріледі.

      Кt-1 – нысаналы даму трансферттері түрінде жоғары тұрған бюджеттен тартылған, бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттен (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде) бөлінген бір теңгеге теңге санын айқындайтын коэффициент.

      Осы коэффициент ағымдағы қаржы жылында қалыптасқан жоғары тұрған бюджеттің нысаналы даму трасферттерінен жергілікті бюджеттердің меншікті даму бюджетінің тәуелділігін айқындайды және мына формула бойынша есептеледі:

      Кt-1 = НТt-1 / ЖДБt-1

      мұндағы

      НТt-1 – жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері;

      ЖДБt-1 – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).

      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бойынша пул жалғасатын және жаңа бюджеттік инвестициялардың нысаналы даму трансферттерін қамтиды.

      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері пулын айқындау кезінде Астана және Алматы қалаларының пулы жеке бөлінеді.

      Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерін объектілер бойынша бөлу Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, бюджеттік өтінімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға енгізгенге дейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2-параграф. Жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау

      19. Жаңа бастамаларға арналған лимиттер жаңа бастамаларға арналған шығыстарға сүйене отырып айқындалады.

      Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:

      1) әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес іске асыруға;

      2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және қолданыстағы бюджеттiк бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын көздейтін (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемін кеңейту) базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.

      20. Жаңа бастамаларға арналған лимиттерді есептеу кезінде:

      1) Мемлекет басшысының тапсырмалары, оның ішінде жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдайтын Жолдауындағы тапсырмалары;

      2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда көзделген іс-шаралар;

      3) жаңадан енгізілетін объектілерді ұстауға бағытталған шығыстар есепке алынады.

      Жоспарлы кезеңнің бірінші жылына жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде жоспарлы кезеңнің бірінші жылында қаржыландыруды талап ететін, Мемлекет басшысының тапсырмалары есепке алынады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      21. Жаңа бастамаларға арналған лимиттер тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамында көрсетілген бюджет шығыстарының болжамы мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Жаңа бастамаларға арналған лимиттер ағымдағы шығыстар бойынша жаңа бастамалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамаларды қамтиды.

      Ағымдағы шығыстар бойынша жаңа бастамаларды айқындау кезінде, бірінші кезекте еңбекақы төлеуді, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдерді арттыруға бағытталған жаңа бастамалар ескеріледі.

      22. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамалар мына формула бойынша айқындалады:

      ДББЖБt = ДББЖЛt / Даму бюджетіt

      мұндағы

      ДББЖБt – бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамалар;

      ДББЖЛt – номиналды ЖІӨ немесе ЖӨӨ болжамының негізінде айқындалатын бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстардың жалпы лимиті;

      Даму бюджетіt – тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша лимиті.

      23. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар бойынша жаңа бастамалар нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстарды және жаңа бюджеттік инвестицияларға нысаналы даму трансферттерін қамтиды.

      24. Жаңа бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері нысаналы даму трансферттері бойынша төмен тұрған бюджеттердің жалпы пулы мен жалғасатын бюджеттік инвестицияларға нысаналы даму трансферттері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Жаңа бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері салалар (аялар) бөлінісінде жергілікті бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың қалыптасқан құрылымын (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін ескере отырып) ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлінеді.

      25. Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар мына формула бойынша айқындалады:

      ЖЖШt = ДББЖБt / ЖЖНДТt

      мұндағы

      ЖЖШt – нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар;

      ДББЖБt – бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстар бойынша жаңа бастамалар;

      ЖЖНДТt – жаңа бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері.

      Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары мен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда көзделген іс-шаралар ескеріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлінеді.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік комиссияларда
қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне дейін жеткізу

      26. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тиісті бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей:

      1) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін;

      2) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде жаңа бастамаларға арналған лимиттерді енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей:

      1) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін;

      2) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін енгізеді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.08.2017 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      27. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер одан әрі бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу үшін тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.

      Тиісті бюджет комиссиясы мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар бес күн мерзім ішінде пысықтайды.

      28. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және жергілікті уәкілетті органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып айқындалған, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жолдайды.

  Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
шығыстарының лимиттерін, жаңа
бастамаларға арналған лимиттерді
айқындау қағидаларына
қосымша

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері,
жаңа бастамаларға арналған лимиттер

      ___________________________________________________

      арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы

      мың теңге

Атауы

Жоспарлы кезеңнің 1-жылы

Жоспарлы кезеңнің 2-жылы

Жоспарлы кезеңнің 3-жылы

1

2

3

4

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиті, оның ішінде




қайта бөлуге жатпайтын шығыстар




2. Жаңа бастамаларға арналған лимиттер





Об утверждении Правил определения лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 октября 2014 года № 59. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 ноября 2014 года № 9897. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 февраля 2018 года № 68 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.02.2018 № 68 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 65-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы.

      2. Департаменту бюджетной политики Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Хисматулин В.Р.) обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр Е. Досаев

  Утверждены
  приказом Министра
  национальной экономики
  Республики Казахстан
  от 27 октября 2014 года № 59

Правила
определения лимитов расходов администраторов бюджетных
программ, лимитов на новые инициативы
1. Основные положения

      1. Настоящие Правила определения лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 65-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года.

      2. Правила определяют порядок определения лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию и местными уполномоченными органами по государственному планированию.

      3. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы определяются для формирования бюджетных заявок администраторами бюджетных программ.

      4. В пределах доведенных лимитов расходов администраторов бюджетных программ и лимитов на новые инициативы администратор бюджетных программ самостоятельно распределяет расходы по бюджетным программам (подпрограммам) с учетом приоритетов своей деятельности, реализации государственных и правительственных программ.

      Администратор бюджетных программ самостоятельно определяет первоочередную приоритетность расходов.

      Расходы, не учтенные в пределах лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы, могут быть включены в проект бюджета при условии изменения макроэкономического сценария и прогноза доходов в сторону улучшения показателей на втором этапе и (или) отклонения отдельных расходов центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию или местными уполномоченными органами по государственному планированию в ходе подготовки заключения на соответствующую бюджетную комиссию.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Определение лимитов расходов администраторов бюджетных
программ, лимитов на новые инициативы

      5. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы определяются центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию и местными уполномоченными органами по государственному планированию соответственно, за исключением лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы администраторов бюджетных программ, финансируемых из бюджетов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, которые определяются местными уполномоченными органами по государственному планированию районов (городов областного значения) в соответствии со статьей 65-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан.

      Лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы определяются на основе прогнозных показателей социально-экономического развития Республики Казахстан или области, городов республиканского значения, столицы, республиканского и местного бюджетов, приоритетных направлений расходования бюджетных средств, размера дефицита соответствующего бюджета на плановый период.

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы определяются на плановый трехлетний период ежегодно на скользящей основе для каждого администратора бюджетных программ с разбивкой по годам при формировании проекта бюджета.

      Лимиты на второй и третий годы планового периода могут изменяться при определении лимитов на очередной трехлетний период с учетом изменения прогноза социально-экономического развития.

      В случае изменения макроэкономического прогноза и прогноза по росту экономики в сторону уменьшения, сумма лимитов расходов администраторов бюджетных программ и лимитов на новые инициативы не должна превышать утвержденный план по расходам на текущий финансовый год более, чем на прогнозируемый рост номинального Валового внутреннего продукта (далее – ВВП) или Валового регионального продукта (далее – ВРП) на соответствующий год.

      При уточнении бюджета лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы не доводятся администраторам бюджетных программ.

      7. При определении лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы учитываются:

      1) одобренный прогноз социально-экономического развития на соответствующий период;

      2) утвержденный (уточненный) объем расходов администраторов бюджетных программ на текущий финансовый год;

      3) утвержденный объем расходов администраторов бюджетных программ на соответствующий финансовый год;

      4) итоги исполнения бюджетных программ в предыдущем и текущем финансовых годах;

      5) итоги оценки реализации бюджетных инвестиций;

      6) заключения и рекомендации Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета к отчету об исполнении республиканского бюджета (ревизионной комиссии области, города республиканского значения, столицы к отчету об исполнении местного бюджета);

      7) мероприятия государственных и правительственных программ.

      По администраторам бюджетных программ, не разрабатывающим государственные и правительственные программы, учитываются стратегические планы, иные стратегические и программные документы.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. При определении лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы в составе лимитов отдельно выделяются следующие расходы бюджета, не подлежащие перераспределению администраторами бюджетных программ на другие расходы:

      1) расходы по проектам, реализация которых предусмотрена за счет целевых трансфертов из Национального фонда Республики Казахстан;

      2) бюджетные субвенции, бюджетные изъятия;

      3) обслуживание правительственного долга или долга местных исполнительных органов;

      4) государственная гарантия;

      5) резерв Правительства Республики Казахстан или местного исполнительного органа.

      9. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы по местным бюджетам определяются без учета целевых трансфертов и бюджетных кредитов из вышестоящего бюджета местным исполнительным органам.

      Лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы по местным бюджетам определяются с учетом объемов трансфертов общего характера, установленных законом Республики Казахстан, решением областного маслихата об объемах трансфертов общего характера, решением маслихата района (города областного значения) о районном (города областного значения) бюджете.

      При определении лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы по местным бюджетам учитываются минимальные объемы финансирования отдельных направлений расходов, установленных законом Республики Казахстан, решением областного маслихата об объемах трансфертов общего характера, решением маслихата района (города областного значения) о районном (города областного значения) бюджете.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными приказом Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Исходя из прогноза расходов бюджета на трехлетний период, отраженного в одобренном на первом этапе прогнозе социально-экономического развития, определяется общий лимит текущих расходов и расходов на бюджетные программы развития на трехлетний период. Общий лимит текущих расходов и расходов на бюджетные программы развития на трехлетний период определяется с учетом обеспечения прогнозируемого объема номинального ВВП (ВРП) и его компонентов по конечному использованию.

      Параграф 1. Определение лимитов расходов администраторов бюджетных программ

      11. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ определяются исходя из базовых расходов бюджета.

      Базовыми расходами являются расходы постоянного характера, капитальные расходы, а также расходы на начатые (продолжающиеся) бюджетные инвестиционные проекты и выполнение принятых государственных концессионных обязательств.

      Расходами постоянного характера являются расходы, связанные с выполнением государственных функций, полномочий и оказанием государственных услуг, выплатами трансфертов и другими обязательствами государства.

      12. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ рассчитываются в разрезе бюджетных программ.

      13. В качестве базы для расчета лимитов расходов администраторов бюджетных программ используется утвержденный (уточненный) план по расходам на финансовый год по состоянию на 1 апреля текущего финансового года, а также утвержденный план по расходам на соответствующий финансовый год.

      14. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ рассчитываются по следующей формуле:

      Лимит t =Текущие расходы t + Бюджет развития t

      где,

      Лимитt – лимит расходов администратора бюджетных программ на соответствующий финансовый год;

      Текущие расходыt – лимит по расходам на текущие бюджетные программы администратора бюджетных программ на соответствующий финансовый год;

      Бюджет развитияt – лимит по расходам на бюджетные программы развития администратора бюджетных программ на соответствующий финансовый год.

      15. Для расчета лимитов расходов администраторов бюджетных программ для каждого администратора расходы группируются в следующие категории:

      1) текущие расходы:

      текущие расходы постоянного характера;

      капитальные затраты;

      переменные расходы;

      2) расходы на бюджетные программы развития.

      Текущие расходы постоянного характера включают в себя:

      расходы на обеспечение функционирования государственных органов и их подведомственных учреждений;

      государственные прямые обязательства;

      государственные обязательства, требующие обоснования по объемам расходов.

      Капитальные затраты включают в себя:

      капитальные затраты, связанные с обеспечением функционирования государственных органов и их подведомственных учреждений;

      капитальные затраты, связанные с реализацией государственных и правительственных программ.

      Расходы на бюджетные программы развития включают в себя:

      расходы на реализацию республиканских (местных) бюджетных инвестиций;

      целевые трансферты на развитие нижестоящим бюджетам.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными приказом Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. При расчете лимитов по текущим расходам учитывается прогнозируемый на соответствующий год уровень инфляции в соответствии с прогнозом социально-экономического развития, а также утвержденный объем расходов на второй и третий годы планового периода.

      17. Лимит по расходам на бюджетные программы развития рассчитывается согласно следующей формуле:

      Бюджет развитияt= Расходы на бюджетные программы развития на продолжающиеся республиканские (местные) бюджетные инвестицииt+ Целевые трансферты на развитие на продолжающиеся бюджетные инвестицииt.

      Лимит расходов на продолжающиеся бюджетные инвестиции определяется с учетом средств, предусмотренных в бюджете по бюджетным инвестициям, реализация которых уже начата в текущем или предыдущих финансовых годах.

      При определении лимитов расходов администраторов бюджетных программ на бюджетные программы развития не учитываются бюджетные инвестиции, не имеющие положительного предложения соответствующей бюджетной комиссии.

      18. При определении лимита расходов на бюджетные программы развития определяется пул по целевым трансфертам на развитие нижестоящим бюджетам из республиканского, областного или районного бюджетов.

      Пул по целевым трансфертам на развитие нижестоящим бюджетам определяется по следующей формуле:

      ПЦТР t= МБР t * К t-1

      где,

      ПЦТР t – пул по целевым трансфертам на развитие нижестоящим бюджетам на соответствующий финансовый год;

      МБР t – расходы местных бюджетов на бюджетные программы развития (без учета целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета).

      При определении расходов местных бюджетов на бюджетные программы развития учитывается прогноз расходов местных бюджетов на бюджетные программы развития, учтенный при расчете трансфертов общего характера на соответствующий трехлетний период, а также уточненный план по расходам местных бюджетов на соответствующий финансовый год;

      Кt-1 – коэффициент, определяющий количество тенге, привлеченных из вышестоящего бюджета в виде целевых трансфертов на развитие, к одной тенге, выделенной из местных бюджетов на бюджетные программы развития (без учета целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета).

      Данный коэффициент определяет зависимость собственного бюджета развития местных бюджетов от целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета, сложившуюся в текущем финансовом году, и рассчитывается по следующей формуле:

      К t-1 = ЦТ t-1 / МБР t-1

      где,

      ЦТ t-1 – целевые трансферты на развитие из вышестоящего бюджета;

      МБР t-1 – расходы местных бюджетов на бюджетные программы развития (без учета целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета).

      Пул по целевым трансфертам на развитие нижестоящим бюджетам включает целевые трансферты на развитие на продолжающиеся и новые бюджетные инвестиции.

      При определении пула по целевым трансфертам на развитие нижестоящим бюджетам отдельно выделяется пул для городов Астаны и Алматы.

      Распределение целевых трансфертов на развитие из республиканского бюджета по объектам осуществляется с учетом предложений Межведомственной комиссии по вопросам региональной политики до внесения бюджетных заявок в центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию в сроки, установленные бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными приказом Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Параграф 2. Определение лимитов на новые инициативы

      19. Лимиты на новые инициативы определяются исходя из расходов на новые инициативы.

      К расходам на новые инициативы относятся расходы, направленные на:

      1) реализацию новых приоритетных направлений социально-экономического развития в соответствии со стратегическими и программными документами;

      2) увеличение базовых расходов, не связанное с изменением макроэкономических и социальных показателей и предусматривающее дополнительные направления расходования бюджетных средств (расширение объема выполняемых государственных функций, полномочий и оказываемых государственных услуг) в рамках существующих бюджетных программ.

      20. При расчете лимитов на новые инициативы учитываются:

      1) поручения Главы государства, в том числе в ежегодных посланиях народу Казахстана;

      2) мероприятия, предусмотренные в государственных и правительственных программах;

      3) расходы, направленные на содержание вновь вводимых объектов.

      При определении лимитов на новые инициативы на первый год планового периода учитываются поручения Главы государства, требующие финансирования в первом году планового периода.

      Сноска. Пункт 20 с изменениями, внесенными приказом Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Лимиты на новые инициативы определяются как разница между прогнозом расходов бюджета, отраженном в одобренном прогнозе социально-экономического развития на соответствующий период, и суммой лимитов расходов администраторов бюджетных программ.

      Лимиты на новые инициативы включают в себя новые инициативы по текущим расходам и новые инициативы по расходам на бюджетные программы развития.

      При определении новых инициатив по текущим расходам в первую очередь учитываются новые инициативы, направленные на повышение оплаты труда, пенсий, пособий и других социальных выплат.

      22. Новые инициативы по расходам на бюджетные программы развития определяются по следующей формуле:

      НИБПР t = ОЛБПР t – Бюджет развития t

      где,

      НИБПР t – новые инициативы по расходам на бюджетные программы развития;

      ОЛБПР t – общий лимит расходов на бюджетные программы развития, определяемый на основе прогноза номинального ВВП или ВРП;

      Бюджет развития t – лимит по расходам на бюджетные программы развития администраторов бюджетных программ на соответствующий финансовый год.

      23. Новые инициативы по расходам на бюджетные программы развития включают в себя расходы на новые республиканские (местные) бюджетные инвестиции за исключением бюджетных инвестиций, реализуемых за счет целевых трансфертов на развитие, и целевые трансферты на развитие на новые бюджетные инвестиции.

      24. Целевые трансферты на развитие на новые бюджетные инвестиции определяются как разница между общим пулом по целевым трансфертам на развитие нижестоящим бюджетам и целевыми трансфертами на развитие на продолжающиеся бюджетные инвестиции.

      Целевые трансферты на развитие на новые бюджетные инвестиции распределяются по администраторам бюджетных программ с учетом сложившейся структуры расходов на бюджетные программы развития местного бюджета (с учетом целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета) в разрезе отраслей (сфер).

      25. Расходы на новые республиканские (местные) бюджетные инвестиции за исключением бюджетных инвестиций, реализуемых за счет целевых трансфертов на развитие, определяются по следующей формуле:

      РНП t = НИБПР t – ЦТРНП t

      где,

      РНП t – расходы на новые республиканские (местные) бюджетные инвестиции за исключением бюджетных инвестиций, реализуемых за счет целевых трансфертов на развитие;

      НИБПРt – новые инициативы по расходам на бюджетные программы развития;

      ЦТРНПt – целевые трансферты на развитие на новые бюджетные инвестиции.

      Расходы на новые республиканские (местные) бюджетные инвестиции за исключением бюджетных инвестиций, реализуемых за счет целевых трансфертов на развитие, распределяются по администраторам бюджетных программ с учетом поручений Главы государства и мероприятий, предусмотренных в государственных и правительственных программах.

      Сноска. Пункт 25 с изменениями, внесенными приказом Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Рассмотрение на бюджетных комиссиях и доведение лимитов
расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые
инициативы до администраторов бюджетных программ

      26. Центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию вносит на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии не позднее 15 апреля года, предшествующего планируемому периоду, местные уполномоченные органы по государственному планированию области, города республиканского значения, столицы вносят на рассмотрение соответствующей бюджетной комиссии не позднее 20 апреля года, предшествующего планируемому периоду:

      1) лимиты расходов администраторов бюджетных программ в разрезе администраторов бюджетных программ по годам планового периода;

      2) лимиты на новые инициативы в разрезе администраторов бюджетных программ по годам планового периода.

      Местный уполномоченный орган по государственному планированию района (города областного значения) не позднее 20 апреля года, предшествующего планируемому периоду, вносит на рассмотрение бюджетной комиссии района (города областного значения):

      1) лимиты расходов администраторов бюджетных программ, финансируемых из районного (города областного значения) бюджета, бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа, в разрезе администраторов бюджетных программ по годам планового периода;

      2) лимиты на новые инициативы администраторов бюджетных программ, финансируемых из районного (города областного значения) бюджета, бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа, в разрезе администраторов бюджетных программ по годам планового периода.

      Сноска. Пункт 26 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 23.08.2017 № 310 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      27. Лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы для дальнейшего доведения до администраторов бюджетных программ определяются с учетом предложений соответствующей бюджетной комиссии.

      В случае наличия замечаний и предложений членов соответствующей бюджетной комиссии лимиты расходов администраторов бюджетных программ и лимиты на новые инициативы дорабатываются центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию или местными уполномоченными органами по государственному планированию в пятидневный срок.

      28. Центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию и местные уполномоченные органы по государственному планированию до 1 мая года, предшествующего планируемому периоду, направляют администраторам бюджетных программ лимиты расходов администраторов бюджетных программ, лимиты на новые инициативы, определенные с учетом предложений соответствующей бюджетной комиссии, по форме согласно приложению к настоящим Правилам.


  Приложение
  к Правилам определения
  лимитов расходов
  администраторов бюджетных
  программ, лимитов на новые
  инициативы

Лимиты
расходов администраторов бюджетных программ,
лимиты на новые инициативы
для ___________________________________________

      наименование администратора бюджетных программ

      тыс. тенге

Наименование

1-ый год

планового

периода

2-ой год

планового

периода

3-ий год

планового

периода

1

2

3

4

1. Лимит расходов администратора бюджетных программ, в том числе




расходы, не подлежащие перераспределению




2. Лимит на новые инициативы