"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15703 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 68 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.02.2018 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттердің шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды өз бетінше бөледі.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бірінші кезекті басымдығын өз бетінше айқындайды.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер шегінде ескерілмеген шығыстар макроэкономикалық сценарий мен кірістер болжамы көрсеткіштердің жақсаруы жағына қарай екінші кезеңде өзгерген жағдайда және (немесе) тиісті бюджет комиссиясына қорытынды дайындау барысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар жекелеген шығыстарды қабылдамаған жағдайда бюджет жобасына енгiзiлуi мүмкiн.";

      "5. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен қаржыландырылатын, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар айқындайды.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындалады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде:

      1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;

      2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;

      3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;

      4) өткен және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;

      6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;

      7) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іс-шаралары есепке алынады.

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша стратегиялық жоспарлар, өзге стратегиялық және бағдарламалық құжаттар ескеріледі.";

      9-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер көлемі ескеріле отырып айқындалады.

      Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері ескеріледі.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары.

      Тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығыстарын;

      мемлекеттік тікелей міндеттемелерді;

      шығыстардың көлемі бойынша негіздемелерді талап ететін мемлекеттік міндеттемелерді қамтиды.

      Күрделі шығындар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты күрделі шығындарды;

      мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға байланысты күрделі шығындарды қамтиды.

      Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары:

      республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстарды;

      төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қамтиды.";

      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар лимитін айқындау кезінде республикалық, облыстық немесе аудандық бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша пул айқындалады.";

      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда көзделген іс-шаралар;";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, жаңа республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары мен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда көзделген іс-шаралар ескеріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлінеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тиісті бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей:

      1) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін;

      2) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде жаңа бастамаларға арналған лимиттерді енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей:

      1) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін;

      2) жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін енгізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 23 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады