Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10071 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.07.2016 № 345 бұйрығымен (10.10.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 5-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарт бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Смағұлов Б.А.) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлтық экономика министрінің
2014 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 123 бұйрығымен
бекітілген

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарт

      ______________ қаласы 20 ____ жылғы "____" _________

      Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, бұдан әрі

      "Құрылыс салушы" деп аталатын, _____________________ негізінде әрекет

      жасайтын ________________ атынан_________, бұдан әрі "Жобалау

      компаниясы" деп аталатын, _______________ негізінде әрекет жасайтын

      __________ атынан _________, бұдан әрі "Үлескер" деп

      аталатын,_______________ негізінде әрекет жасайтын _______________,

      бұдан әрі "Банк-агент" деп аталатын, ________________ негізінде

      әрекет жасайтын ___________________ атынан ___________ мына

      төмендегілер туралы осы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

      шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

Шарттың мәні

      1. Шарт бойынша:

      1.1. Құрылыс салушы тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) (бұдан әрі - тұрғын үй ғимараты) салуды ұйымдастырады және кепілдік берілген мерзім ішінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен Шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      1.2. Жобалау компаниясы ____________________________ мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй ғимаратын ______ дейінгі мерзімде салады және оны пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін Үлескерге оның жалпы алаңынан "___" үлесін (тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайын) беру актісі бойынша береді;

      Үй-жайдың жалпы алаңын есептеу 3.02-43-2007 ҚР ҚНжЕ мемлекеттік нормативіне сәйкес айқындалады, 1-қосымша (міндетті).

      1.3. Үлескер банк шоты шартын жасайды және Шарттың 4, 5-тармақтарында келісілген мөлшерде және тәртіпте үлескердің шотына ақша салады және тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беруге рұқсат болған кезде тұрғын үй ғимаратындағы үлесін алады;

      1.4. Банк-агент:

      банк шоты шартының талаптарында Үлескердің депозитін қабылдайды;

      Үлескер тұрғын үй ғимаратындағы үлесін алғаннан кейін ақшаны Үлескердің депозитінен Жобалау компаниясына аударады, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді;

      егер Үлескер мен Жобалау компаниясы, жаңа Үлескер Шарттағы міндеттемелердегі тұлғаны ауыстыру туралы келісімге қол жеткізсе, оның ішінде жаңа Үлескер жаңа Банк-агентті таңдаған кезде, Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру/борышты аудару туралы келісімге қол қоюға міндетті.

      2. Осы Шарт Жобалау компаниясы тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беруге рұқсат алғанға дейін жасалады.

      3. Жобалау компаниясы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны бірінші кезеңде алғаннан кейін Құрылыс салушы, Жобалау компаниясы, Үлескер және Банк-агент Шарт жасасуға құқылы.

Есеп айырысу тәртібі

      4. Үлескер банк шотының шарты бойынша Үлескер депозитіне үлестік қатысу ретінде тұрғын үй немесе тұрғын емес үй-жайдың жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін "_____" есебіне сүйене отырып, " __ " теңге сомасында ақша салады.

      5. Үлескер бұл соманы Банк-агентке 20_ жылғы "___" дейін мынадай түрде енгізеді:

      Шарт жасасқаннан кейін _________ күн ішінде Шарттың 4-тармағына сәйкес тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді;

      қалған соманы Үлескер төлемдерді Шартта белгіленген мерзімдерде енгізу жолымен жүргізеді.

      6. Егер Шартты жасасқан Үлескер Шарттың бағасын Шарт талаптарына сәйкес толық көлемде төлеген жағдайда, онда тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін бағасын кейіннен өзгертуге жол берілмейді.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Құрылыс салушы тұрғын үй ғимаратын салуды Шартта көзделген мерзімде ұйымдастыруға және кепілдік берілген мерзім ішінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен Шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      8. Жобалау компаниясы:

      меншік және қарыз қаражатын инвестициялау жолымен тұрғын үй ғимаратын салуға;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымды тарта отырып, тұрғын үй ғимаратының салыну барысын техникалық қадағалауды жүзеге асыруға;

      Құрылыс салушыға және Банк-агентке инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның есептерін табыс етуге;

      Тараптар Шартқа (оған енгізілетін өзгерістерге (және (немесе) толықтыруларға); Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге) қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, құжаттарды үлес алаңдары мен олардың салынатын тұрғын үй ғимаратында орналасқан орнын көрсете отырып, есепке қою үшін тұрғын үй ғимараты орналасқан жер бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсынуға;

      Шарт облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзіндіні Үлескерге және Банк-агентіне беруге;

      Шартта белгіленген мерзімде тұрғын үй ғимаратын салуға және пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін Үлескердің Шарттың 4, 5-тармақтарын толық орындауы талабымен 20 _ жылғы "___" ___ кешіктірмей Үлескерге салынған тұрғын үй ғимаратындағы үлесін (тұрғын үй немесе тұрғын емес үй-жайды) беру актісі бойынша беруге;

      Тараптар Шартқа қол қойғанға дейін Үлескерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды бірінші кезеңде ұйымдастыру бойынша лицензияны көрсетуге міндеттенеді.

      9. Үлескер:

      банк шоты шартын жасасуға және депозитке Шарттың 4, 5-тармақтарында келісілген мөлшерде және тәртіпте ақша салуға;

      Жобалау компаниясынан тұрғын үй ғимаратын салудың аяқталғаны (пайдалануға беруге рұқсат алғаны) және тұрғын үй ғимаратындағы үлестің (тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайдың) беруге дайындығы туралы жазбаша хабарламасын алып, оны Шартта көзделген мерзімде немесе егер мұндай мерзім белгіленбесе, көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде беру актісі бойынша қабылдап алуға кірісуге;

      Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге ол Шарттың бағасын төлегеннен немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен борышын бір мезгілде жаңа Үлескерге аударғаннан кейін ғана және Шарт есепке алынған сәттен бастап тұрғызылған тұрғын үй ғимаратындағы тиісті үлесті беру туралы актіге Тараптар қол қойған сәтке дейін жол беруге міндеттенеді. Талап ету құқығын басқаға берудің міндетті шарттары жаңа үлескердің Банк-агентпен немесе жаңа Банк-агент болатын өзге банкпен банк салымы шартын жасасу және Үлескердің депозитіндегі сомасына тең сомадағы ақшаны жаңа үлескердің депозитке салуы жолымен сатып алынатын талап ету құқығына ақы төлеу болып табылады. Аталған шарттарды орындағаннан және Банк-агентке құжаттамалық растағаннан кейін соңғысы Үлескерге салымның барлық сомасын қайтара отырып, Үлескермен банк салымы шартын бұзуға міндеттенеді.

      10. Банк-агент:

      Үлескердің депозитін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен төмен емес сыйақы мөлшерлемесін есептей отырып, банк шоты шартының талаптарымен қабылдауға;

      Жобалау компаниясы мен Үлескер бірлесіп қол қойған тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) тиісті үлесті Үлескерге беру туралы актіні Үлескер Банк-агентке тапсырғаннан кейін Үлескердің депозитінен Жобалау компаниясына ақша аударуға, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны Үлескерге қайтарып беруге;

      Жобалау компаниясына Үлескерлердің тартылған ақшасы шегінде беретін банк қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі Үлескердің депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ставкасының, Банк-агенттің өзінің қарызға қызмет көрсету шығыстарының, қарыз берумен байланысты міндетті талаптар мен төлемдер жөніндегі шығыстардың және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі шығыстардың жиынтық мөлшерінен асырмауға міндеттенеді.

      11. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Үлескер Шарттың 4, 5-тармақтарын орындамаған кезде Жобалау компаниясы тиісті үлесті беру үшін Шартта көзделген күннен бастап он төрт жұмыс күні өткен соң Шарттың 22-тармағында көрсетілген тәртіпке ұқсас тәртіппен Шартты бұзуға құқылы.

      12. Шарт бойынша Жобалау компаниясы салған тұрғын үй ғимаратына кепілдік берілген мерзімі тұрғын үй ғимараты қабылданған күнінен бастап "___" жылды құрайды (объект пайдалануға қабылданған күнінен бастап екі жылдан кем болмауға тиіс).

Форс-мажор

      13. Еңсерілмес күш (форс-мажор) жағдайы Құрылыс салушының, Жобалау компаниясының, Үлескердің, Банк-агенттің тарапынан бақылауға бағынбайтын және Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін оқиғаны білдіреді.

      14. Еңсерілмес күш (форс-мажор) мән-жайы мынадай: әскери қимылдар, табиғи және дүлей зілзалалар, індет, карантин сияқты оқиғаларды қамтиды (бірақ шектелмейді).

      15. Егер осы Шарттың 13-тармағында көрсетілген мән-жайларды тиісті мемлекеттік органдар тиісті түрде растаса, олар заңды болады.

      16. Мыналар еңсерілмес күш (форс-мажор) мән-жайларына жатпайды:

      1) Құрылыс салушының, Жобалау компаниясының, Үлескердің, Банк-агенттің қасақана және байқамай істеген іс-қимылдарынан туындаған оқиғалар;

      2) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған тарап алдын алуға және еңсеруге болатын оқиғалар;

      3) ақшалай қаражаттың болмауы немесе төлемнің жүзеге асырылмауы.

      17. Форс-мажор нәтижесінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауда кедергіге ұшыраған тарап форс-мажор басталғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде форс-мажордың туындағаны туралы басқа Тараптарды жазбаша хабардар етеді.

      18. Егер бұл форс-мажордың салдары болып табылса, форс-мажор мән-жайларының әсеріне ұшыраған тарап осындай салдарларды жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған жағдайда, Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы осы Шартты бұзу немесе одан бас тарту ретінде қаралмайды.

      19. Форс-мажор тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде зардап шеккен тарап форс-мажордың тоқтағаны туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді және осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл ретте осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор мән-жайлары әсер еткен уақытқа мөлшерлес ұзартылады.

      20. Банк-агент Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды адамдардың осы Шарттың талаптарына сәйкес ашылған жинақ шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы шешімі/қаулысы түскен жағдайда, сондай-ақ Үлескердің ақшасына тыйым салынған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны акцептсіз алу құқығы бар үшінші тұлғалардан нұсқаулар түскен кезде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

Тараптардың жауапкершілігі

      21. Үлескер тұрғын үй ғимаратының құрылысын жүзеге асыру кезінде Құрылыс салушының, Жобалау компаниясының және инвестордың қаржылық және өзге де тәуекелдері үшін жауапты болмайды.

      22. Шарттың міндетті талаптары бұзылған жағдайда, Тараптардың кез келгені Шартты орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға және "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлей отырып, оны бастапқы жағдайға келтірілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес залалдардың өтелуін талап етуге құқылы бас. Шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда, бастамашы Тарап облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына Шартты орындаудан бір жақты бас тартуды есепке алу туралы өтініш ұсынады. Бұл ретте бастамашы Тарап басқа Тарапты өтініш берілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде бір жақты бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

      23. Құрылыс салушы мен Жобалау компаниясы толық және дұрыс ақпарат ұсынбаған жағдайда, Үлескер мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, Банк-агент Үлескерге банк шотының шарты бойынша төлеген ақшасын Үлескердің депозитінен қайтаруға міндетті.

      24. Үлескер өзіне тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) үлесін беру туралы актіге қол қойылғанға дейін Жобалау компаниясынан өз үлесінің Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес еместігін беру туралы актіде көрсетуді талап етуге не беру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Жобалау компаниясы осы мәліметтерді актіге енгізуге міндетті.

      25. Жобалау компаниясы Үлескердің Шарттың 4, 5-тармақтарын орындамауы салдарынан болған бұзушылықтарды қоспағанда, Үлескерге салынған тұрғын үй ғимаратындағы үлесін (тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайын) беру мерзімін бұзған жағдайда, Жобалау компаниясы мерзімі өткен әрбір күнге Үлескердің Шарт бойынша төлеген сомасының 0,1 % мөлшерінде Үлескерге тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шығындарды өтейді;

      Үлескер - заңды тұлғаға Шартта белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) өтейді.

      26. Кепілдік берілген мерзім ішінде жұмыстың Шарттан ауытқығанын немесе әдеттегі қабылдау тәсілі кезінде анықталуы мүмкін емес (көрінбейтін кемшіліктер), оның ішінде Жобалау компаниясы әдейі жасырған өзге де кемшіліктерді анықтаған Үлескер бұл туралы Тараптар келіскен мерзімде өз таңдауы бойынша Жобалау компаниясынан:

      1) кемшіліктердің Тараптар келіскен мерзімде өтеусіз жойылуын;

      2) Шарт бағасының мөлшерлес азайтылуын;

      3) кемшіліктерді жоюға жұмсалған өз шығыстарының өтелуін талап етуге құқылы.

      27. Шарттың 4 және 5-тармақтарында белгіленген төлем енгізудің Шартта белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда, Үлескер Шартта белгіленген кезең ішінде Банк-агентке Үлескердің депозитіне салу арқылы төлеуге жататын соманың мерзімі өткен әрбір күніне 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      28. Жобалау компаниясы мен Үлескер Тараптардың келісімімен айқындалатын өз міндеттемелерін орындауға қатысты өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

Қосымша ережелер

      29. Жобалау компаниясы белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензияны бірінші кезеңде алғаннан кейін Құрылыс салушы, Жобалау компаниясы, Үлескер және Банк-агент Шарт жасасуға құқылы.

      30. Осы Шарт салынып жатқан тұрғын үй ғимараты орналасқан жер бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынған сәттен бастап ол Тараптар арасында жасалған болып есептеледі.

      31. Шарт жасалғаннан кейін оған Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі немесе оларды міндетті түрде есепке ала отырып, қосымша келісімдер жасалуы мүмкін.

      32. Үлескердің міндеттемелері Шартқа сәйкес ақша толық көлемде төленген және тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) үлес қабылдап алынған сәттен бастап орындалған болып есептеледі.

      33. Жобалау компаниясының міндеттемелері тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беруге рұқсат алынған және Үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) тиісті үлесті беру туралы актіге Тараптар қол қойған сәттен бастап орындалған болып есептеледі.

      34. Банк-агенттің міндеттемелері Шартқа сәйкес ақша Үлескерлердің депозиттерінен Жобалау компаниясына аударылған және Үлескерге жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақша қайтарып берілген сәттен бастап орындалған болып есептеледі.

      35. Құрылыс салушының міндеттемелері кепілдік берілген мерзім аяқталғаннан және кепілдік берілген мерзім кезеңінде туындаған, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен Шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының бұзылуын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі.

      36. Тұрғызылған тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) үлес Үлескерге берілгенге дейін оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелін Жобалау компаниясы көтереді. Тараптар беру актісіне кол қойғаннан кейін үлестің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі Үлескерге өтеді.

      37. Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада жасалды.

      38. Сәулеттік жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бөлігінде Шартқа міндетті қосымша: үй-жай құрылысының жоспары, қабаты, сондай-ақ жобалау құжаттамасына сәйкес тұрғын үй ғимаратындағы Үлескерге берілуге тиіс үй-жайға қатысты сапалық сипаттамалары.

      39. Шартты орындауға байланысты туындауы мүмкін барлық даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      40. Егер Шартта оны өзгерту жағдайлары мен талаптары көзделген болса, Шарт жасалғаннан кейін Тараптардың келісімі бойынша Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      41. Үлескер Шартты мерзімінен бұрын бұзуға және Үлескердің депозиті сомасын банк шотының шарты жасалған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде талап етуге құқылы.

      Осы мерзім аяқталғаннан кейін Үлескердің ақшаны талап етуі:

      Жобалау компаниясының Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылған;

      Жобалау компаниясы Шартта көрсетілген тұрғын үй ғимаратын пайдалануға беру мерзімін бұзған жағдайларда ғана мүмкін болады.

      42. Шарттың 41-тармағында көзделген жағдайларда Шарт бұзылған кезде Банк-агент Үлескердің депозитіндегі ақшаны және жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны Үлескерге қайтарып береді.

      43. Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Тараптардың бірінің бастамасы бойынша Шарт бұзылуы мүмкін.

      44. Тараптардың өзара келісімі бойынша Шартты бұзу кейіннен есептен шығару үшін бір-біріне наразылықтары жоқ екендігін көрсете отырып, жазбаша түрде жүргізіледі.

Тараптардың заңды мекен жайлары және банктік деректемелері

      ___________________ ___________________

      ___________________ ___________________

      ___________________ ___________________

Об утверждении типового договора о долевом участии в жилищном строительстве

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 декабря 2014 года № 123. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 января 2015 года № 10071. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Казахстан от 28 июля 2016 года № 345

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 28.07.2016 № 345 (вводится в действие с 10.10.2016).

      В соответствии с подпунктом 5-2) статьи 3-1 Законом Республики Казахстан "О долевом участии в жилищном строительстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления учета договоров о долевом участии в жилищном строительстве.

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Смагулов Б.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра национальной экономики Республики Казахстан Ускенбаева К.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Е. Досаев


  Утвержден
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 3 декабря 2014 года № 123

Типовой договор
о долевом участии в жилищном строительстве

      г._______ " " 2014 г.

      ________________________________ именуемое в дальнейшем "Застройщик",

      в лице __________________________________, действующего на основании

      _______________________, ________________________________ именуемое в

      дальнейшем "Проектная компания", в лице ____________________________,

      действующего на основании ___________________, _____________________,

      именуемое в дальнейшем "Дольщик", в лице ___________________________,

      действующего на основании ________________, ________________________

      именуемый(ая) в дальнейшем "Банк-агент", в лице ____________________,

      действующего на основании ___________________, совместно именуемые в

      дальнейшем "Стороны", заключили настоящий Типовой договор о долевом

      участии в жилищном строительстве (далее - Договор) о нижеследующем:

Предмет Договора

      1. По Договору:

      1.1. Застройщик организовывает строительство жилого дома (жилого здания) (далее - жилое здание) и обеспечивает сохранение в течение гарантийного срока качества показателей объекта строительства, указанных в проектной (проектно-сметной) документации и Договоре;

      1.2. Проектная компания в срок до _____ строит жилое здание, которое расположено по адресу _____________________ и после получения разрешения на ввод его в эксплуатацию передает по передаточному акту Дольщику его долю (жилое или нежилое помещения) общей площадью "___";

      Расчет общей площади помещения определяется в соответствии с государственным нормативом СНиП РК 3.02-43-2007, приложение 1 (обязательное).

      1.3. Дольщик заключает договор банковского счета и вносит деньги на депозит Дольщика в размере и порядке, обусловленным пунктами 4, 5 Договора, и принимает долю в жилом здании при наличии разрешения на ввод в эксплуатацию жилого здания;

      1.4. Банк-агент:

      принимает депозит Дольщика на условиях договора банковского счета;

      после получения Дольщиком доли в жилом здании перечисляет деньги с депозита Дольщика Проектной компании, а деньги в размере накопленного вознаграждения возвращает дольщику;

      обязан подписать Соглашение об уступке права требования по договору/переводе долга, если Дольщик и Проектная компания, новый Дольщик достигли согласия о смене лица в обязательстве в Договоре, в т.ч. при выборе новым Дольщиком нового Банка-агента.

      2. Настоящий Договор заключается до получения Проектной компанией разрешения на ввод в эксплуатацию жилого здания.

      3. Застройщик, Проектная компания, Дольщик и Банк-агент вправе заключать Договор после получения Проектной компанией в установленном Законом Республики Казахстан "О долевом участии в жилищном строительстве" порядке на первом этапе лицензии на деятельность по организации строительства жилых зданий за счет привлечения денег дольщиков.

Порядок расчетов

      4. Дольщик вносит в качестве долевого участия деньги на депозит Дольщика по договору банковского счета в сумме "____" тенге, исходя из расчета "____" тенге за 1 квадратный метр общей площади жилого или нежилого помещений.

      5. Дольщик вносит данную сумму в Банк-агент до "__" ____ 20 ___ года следующим образом:

      первоначальный взнос в размере не менее 15 % от стоимости жилого или нежилого помещений согласно п. 4 Договора в течение ____ дней по заключению Договора;

      оставшуюся сумму Дольщик производит путем внесения платежей в установленные Договором сроки.

      6. В случае, если Дольщик, заключивший Договор, уплачивает цену Договора в полном объеме согласно условию Договора, то дальнейшее изменение цены за 1 квадратный метр общей площади жилого здания не допускается.

Права и обязанности Сторон

      7. Застройщик обязуется в предусмотренный Договором срок организовать строительство жилого здания и обеспечить сохранение в течение гарантийного срока качества показателей объекта строительства, указанных в проектной (проектно-сметной) документации и Договоре.

      8. Проектная компания обязуется:

      построить жилое здание путем инвестирования собственных и заемных средств;

      осуществлять технический надзор за ходом строительства жилого здания с привлечением организации по оказанию инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности;

      предоставлять отчеты организации по оказанию инжиниринговых услуг Застройщику и Банку-агенту;

      не позднее пяти рабочих дней со дня подписания Сторонами Договора (вносимых в него изменений (и (или) дополнений); уступки права требования по Договору) представить документы с указанием площадей долей и их местоположения в строящемся жилом здании в местный исполнительный орган области (города республиканского значения, столицы) по местонахождению жилого здания для постановки на учет;

      представить Дольщику и Банку-агенту выписку об учетной записи Договора в течение десяти рабочих дней после учета Договора в местном исполнительном органе области (города республиканского значения, столицы);

      в установленный Договором срок построить жилое здание и после получения разрешения на ввод его в эксплуатацию передать по передаточному акту Дольщику его долю (жилое или нежилое помещение) в построенном жилом здании не позднее "__"_____ 20 ___ года, при условии полного выполнения Дольщиком пунктов 4, 5 Договора;

      до подписания Договора Сторонами представить Дольщику лицензию на первом этапе по организации строительства жилых зданий за счет привлечения денег физических и юридических лиц для долевого участия в жилищном строительстве.

      9 Дольщик обязуется:

      заключить договор банковского счета и внести деньги на депозит Дольщика в размере и порядке, обусловленным пунктами 4, 5 Договора;

      получив письменное уведомление Проектной компании о завершении строительства жилого здания (получения разрешения на ввод в эксплуатацию) и готовности доли в жилом здании (жилого или нежилого помещении) к передаче, приступить к ее принятию по передаточному акту в предусмотренный Договором срок или, если такой срок не установлен, в течение семи рабочих дней со дня получения указанного уведомления;

      уступку права требования по Договору допускать только после уплаты им цены Договора или одновременно с переводом долга на нового Дольщика в порядке, установленном Гражданским кодексом Республики Казахстан, и с момента учета Договора до момента подписания Сторонами акта о передаче соответствующей доли в построенном жилом здании. Обязательными условиями уступки права требования являются заключение новым Дольщиком договора банковского вклада с Банком-агентом или иным банком, который становится новым Банком-агентом, и оплата выкупаемых прав требований путем внесения новым дольщиком на депозит денег в сумме, равной сумме на депозите Дольщика. После выполнения названных условий и документального подтверждения Банку-агенту последний расторгает с Дольщиком договор банковского вклада с возвратом Дольщику всей суммы вклада.

      10. Банк-агент обязуется:

      принять депозит Дольщика с начислением ставки вознаграждения не менее ставки рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан на условиях договора банковского счета;

      после предоставления Дольщиком совместно подписанного Проектной компанией и Дольщиком акта о передаче Дольщику соответствующей доли в жилом доме (жилом здании) Банку-агенту перечислить деньги с депозита Дольщика Проектной компании, а деньги в размере накопленного вознаграждения вернуть Дольщику;

      не превышать ставку вознаграждения по банковскому займу, выдаваемому им Проектной компании в пределах привлеченных денег Дольщиков, выше совокупного размера ставки вознаграждения по депозиту Дольщика, расходов самого Банка-агента на обслуживание займа, расходов по обязательным требованиям и платежам, связанным с выдачей займов, и расходов по уплате налогов и других платежей в бюджет.

      11. Если иное не установлено Договором, при неисполнении Дольщиком пунктов 4, 5 Договора Проектная компания по истечении четырнадцати рабочих дней со дня, предусмотренного Договором для передачи соответствующей доли, вправе расторгнуть Договор в порядке, аналогичном порядку, указанному в п. 22 Договора.

      12. Гарантийный срок на жилое здание, построенное Проектной компанией по Договору, составляет "___" года со дня приемки жилого здания в эксплуатацию (не может быть менее двух лет со дня приемки объекта в эксплуатацию).

Форс-мажор

      13. Обстоятельство непреодолимой силы (форс-мажор) означает событие, не подвластное контролю со стороны Застройщика, Проектной компании, Дольщика, Банка-агента и делает невозможным выполнение Сторонами обязательств по настоящему Договору.

      14. Обстоятельства непреодолимой силы (форс-мажор) включают в себя (но не ограничиваются) такие события как: военные действия, природные и стихийные бедствия, эпидемия, карантин.

      15. Обстоятельства, указанные в пункте 13 настоящего Договора правомочны, если они должным образом подтверждены соответствующими государственными органами.

      16. К обстоятельствам непреодолимой силы (форс-мажор) не относятся:

      1) события, вызванные умышленными и неосторожными действиями Застройщика, Проектной компании, Дольщика, Банка-агента;

      2) события, которые сторона, добросовестно выполняющая свои обязательства по настоящему Договору, могла предвидеть и преодолеть;

      3) отсутствие денежных средств или неосуществление оплаты.

      17. В течение 5 рабочих дней с начала форс-мажора сторона, встречающая помехи в результате форс-мажора в исполнении своих обязательств по настоящему Договору, письменно уведомляет другие Стороны о возникновении форс-мажора.

      18. Невыполнение стороной своих обязательств по настоящему Договору не рассматривается как нарушение или отступление от настоящего Договора, если это является следствием форс-мажора, при условии, что сторона, подвергшаяся воздействию обстоятельств форс-мажора, предприняла все необходимые меры для устранения таких последствий.

      19. В течение трех рабочих дней после прекращения форс-мажора, пострадавшая сторона письменно уведомляет другие Стороны о прекращении форс-мажора и возобновляет осуществление своих обязательств по настоящему Договору. При этом срок исполнения обязательств по настоящему Договору продлевается соразмерно времени воздействия обстоятельств форс-мажора.

      20. Банк-агент не несет ответственности за неисполнение/ненадлежащее исполнение своих обязанностей по Договору в случае поступления в Банк решений/постановлений уполномоченных государственных органов и/или должностных лиц о приостановлении расходных операций по сберегательному счету, открытому в соответствии с условиями настоящего Договора, а также при аресте денег Дольщика или поступлений указаний третьих лиц, имеющих право без акцептного изъятия денег в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Ответственность Сторон

      21. Дольщик не несет ответственности за финансовые и прочие риски Застройщика, Проектной компании и инвестора при осуществлении строительства жилого здания.

      22. В случае нарушения обязательных условий Договора любая из Сторон в одностороннем порядке вправе отказаться от исполнения Договора и потребовать приведения его в первоначальное положение с уплатой неустойки в соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан "О долевом участии в жилищном строительстве", а также возмещения убытков в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан.

      При одностороннем отказе от исполнения Договора в местный исполнительный орган области (города республиканского значения, столицы) Стороной-инициатором представляется заявление об учете одностороннего отказа от исполнения Договора. При этом Сторона-инициатор обязана письменно уведомить об одностороннем отказе от исполнения Договора другие Стороны в течение десяти календарных дней со дня подачи заявления.

      23. В случае предоставления Застройщиком и Проектной компанией неполной и недостоверной информации, Дольщик вправе обратиться в суд с иском о признании сделки недействительной.

      В случае признания сделки недействительной Банк-агент обязан возвратить деньги Дольщику с депозита Дольщика, уплаченные им по договору банковского счета.

      24. Дольщик до подписания акта о передаче ему его доли в жилом доме (жилом здании) вправе потребовать от Проектной компании указать в акте о передаче несоответствие его доли требованиям, указанным в Договоре, либо отказаться от подписания передаточного акта. При этом Проектная компания обязана внести в акт данные сведения.

      25. В случае нарушения Проектной компанией срока передачи Дольщику его доли (жилого или нежилого помещении) в жилом здании, за исключением, когда нарушение произошло вследствии неисполнения Дольщиком пунктов 4, 5 Договора, Проектная компания уплачивает Дольщику неустойку (пеню) в размере 0,1 % от суммы, уплаченной Дольщиком по Договору за каждый день просрочки, а также возмещает убытки в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан;

      Дольщику - юридическому лицу - неустойку (пеню) в размере, установленном Договором.

      26. Дольщик, обнаруживший в течение гарантийного срока, отступления работы от Договора или иные недостатки, которые не могли быть установлены при обычном способе приемки (скрытые недостатки), в том числе такие, которые были умышленно скрыты Проектной компанией, по своему выбору вправе потребовать от Проектной компании в согласованный Сторонами срок:

      1) безвозмездного устранения недостатков в согласованный Сторонами срок;

      2) соразмерного уменьшения цены Договора;

      3) возмещения своих расходов на устранение недостатков.

      27. В случае нарушения установленного Договором сроков внесения платежей, определенных п. 4 и п. 5 Договора, Дольщик уплачивает Проектной компании неустойку (пеню) в размере 0,1 % за каждый день просрочки от суммы, подлежащей уплате Дольщиком в установленный Договором период, путем внесения на депозит Дольщика в Банке-агенте.

      28. Проектная компания и Дольщик вправе осуществлять страхование своей гражданско-правовой ответственности по отношению к исполнению своих обязательств, которые определяются соглашением Сторон.

Дополнительные положения

      29. Застройщик, Проектная компания, Дольщик и Банк-агент вправе заключить Договор после получения Проектной компанией в установленном порядке на первом этапе лицензии на деятельность по организации строительства жилых зданий за счет привлечения денег дольщиков.

      30. Настоящий Договор считается заключенным между Сторонами с момента его учета в местном исполнительном органе области (города республиканского значения, столицы) по местонахождению строящегося жилого здания.

      31. В Договор после его заключения по согласию Сторон могут быть внесены изменения или заключены дополнительные соглашения с обязательной постановкой их на учет.

      32. Обязательства Дольщика считаются исполненными с момента уплаты в полном объеме денег и принятия доли в жилом доме (жилом здании) в соответствии с Договором.

      33. Обязательства Проектной компании считаются исполненными с момента получения разрешения на ввод в эксплуатацию жилого здания и подписания Сторонами акта о передаче Дольщику соответствующей доли в жилом доме (жилом здании).

      34. Обязательства Банка-агента считаются исполненными с момента перечисления Проектной компании денег с депозитов Дольщиков в соответствии с Договором и возвращения денег в размере накопленного вознаграждения Дольщикам.

      35. Обязательства Застройщика считаются исполненными по истечении гарантийного срока и после выполнения им обязательств по устранению возникших в период гарантийного срока нарушений качества показателей объекта строительства, указанных в проектной (проектно-сметной) документации и Договоре.

      36. Риск случайной гибели или случайного повреждения доли в возведенном жилом доме (жилом здании) до ее передачи Дольщику несет Проектная компания. После подписания передаточного акта Сторонами риск случайной гибели или случайного повреждения переходит к Дольщику.

      37. Договор составлен в четырех экземплярах, имеющих равную юридическую силу.

      38. Обязательное приложение к Договору в части архитектурной проектной (проектно-сметной) документации: план застройки жилого помещения, этажность, а также качественные характеристики, относящиеся к жилому помещению в жилом здании, подлежащем передаче Дольщику в соответствии с проектной документацией.

      39. Все споры, которые могут возникнуть в связи с исполнением Договора, разрешаются путем переговоров, а при недостижении согласия - в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      40. В Договор после его заключения по согласию Сторон могут быть внесены изменения и (или) дополнения, если Договором предусмотрены случаи и условия его изменения.

      41. Дольщик вправе досрочно расторгнуть Договор и истребовать сумму депозита Дольщика в течение 30 (тридцати) календарных дней с момента заключения договора банковского счета.

      По истечении данного срока истребование денег Дольщиком возможно только в случаях:

      прекращения действия лицензии Проектной компании на деятельность по организации строительства жилых зданий за счет привлечения денег Дольщиков;

      нарушения Проектной компанией сроков ввода жилого здания в эксплуатацию, указанных в Договоре.

      42. При расторжении Договора в случаях, предусмотренных пунктом 41 Договора, Банк-агент возвращает Дольщику деньги с депозита Дольщика и деньги в размере накопленного вознаграждения.

      43. Договор может быть расторгнут по инициативе одной из Сторон в случаях, предусмотренных Договором и законодательством Республики Казахстан.

      44. Расторжение Договора по взаимному согласию Сторон производится в письменном виде с указанием отсутствия претензий друг к другу для последующего снятия с учета.

Юридические адреса и банковские реквизиты Сторон

      _______________________ ___________________

      _______________________ ___________________

      _______________________ ___________________