Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2018 № 517 (13.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (Б.Ш. Әбішев):
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығымен бекітілген |
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясы - біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрылатын комиссия;
2) біліктілік емтиханы - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі.
3. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдар құрамындағы мүшелерінің саны тақ болатын, кемінде бес мүшесі болатын Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында (бұдан әрі - Комиссия) біліктілік емтиханынан өтеді.
Комиссия Қазақстан Республикасы әділет органдарының, бағалау палаталарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Бағалаушылар палатасы өкілдерінің саны комиссия құрамының жалпы санының екіден бір бөлігінен кем болмауы тиіс.
4. Біліктілік емтиханы тест нысанында жүргізіледі.
2. Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар қабылдау
5. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына үміткер адам (бұдан әрі - Үміткер) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай мәліметтер көрсетілген сұрау салу жібереді:
диплом туралы мәлімет:
жоғары оқу орнының атауы;
мамандықтың шифрі;
дипломның нөмірі;
дипломның берілген күні немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат туралы:
сериясы және нөмірі;
негіздеме: күні және нөмірі;
тіркеу нөмірі және күні.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Түскен материалдар олар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Үміткердің құжаттары қойылған талаптарға сәйкес келсе, ол біліктілік емтиханынан өтуге жіберілді және оған осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес бұл туралы хабарланады.
Осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттар берілмеген не тиісінше ресімделмеген жағдайда, өтініш келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге біліктілік емтиханына жіберуден бас тарту туралы дәлелді хат жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттары
7. Біліктілік емтиханына "бағалау" мамандығы бойынша жоғарғы білімі және (немесе) жоғарғы техникалық немесе экономикалық білімі бар жеке тұлғалар жіберіледі.
8. Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер жеке басын куәландыратын құжаты ұсынады.
9. Біліктілік емтиханына жіберілген үміткер біліктілік емтиханы өтетін жері, күні және уақыты туралы оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей, аумақтық әділет органдары арқылы хабардар етіледі.
10. Комиссия емтиханды бір тоқсанда кемінде бір рет өткізеді.
11. Комиссия тестілеуді өткізудің объективтілігін, оның шарттарының, уақытының, қорытындыларын есептеудің және мазмұнының стандарттылығын қамтамасыз етеді.
12. Комиссияның отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі, онда отырыстың өткен күні, уақыты және орны, комиссияның құрамы, үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тестілеудің қорытындысы көрсетіледі.
Хаттамаға Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
13. Тестілеу:
Мүлікті бағалау теориясына (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) - 50 сұрақ, зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалауға - 60 сұрақ;
азаматтық, жер, әкімшілік, салық кодекстері, бағалау қызметі, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, авторлық құқық және аралас құқықтар саласындағы заңнаманы, сондай-ақ бағалау стандарттары - бағалау қызметінің әрбір түрі бойынша 20 сұрақтан;
мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) - 30 сұрақ, зияткерлік меншік, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша - 20 сұрақтары бойынша модульдық есептерді білуіне сұрақтарды пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына үміткерлер үшін тестілерді Әділет министрлігі Республикалық бағалаушылар палатасының ұсынымдарын ескере отырып, қызметтің әрбір түріне жеке әзірлейді.
Тестілер біреуі дұрыс кемінде үш нұсқадағы жауаптан тұруы тиіс.
Тестілер құпия ақпарат болып табылады және еркін таратуға жатпайды.
14. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру құқығына үміткерлерді тестілеу бөлек жүргізіледі.
15. Үміткер өз қалауы бойынша тестілеуден мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтуге құқылы.
16. Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі.
17. Біліктілік емтиханы басталар алдында үміткер тестілеуден өту жөнінде егжей-тегжейлі нұсқау алады.
Тестілеуден өту кезінде үміткердің басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қағаз және электрондық тасығыштарда ақпаратты пайдалануына жол берілмейді.
Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, Комиссия оны біліктілік емитханынан өтуден шеттетеді, ол туралы хаттамаға тиісті жазба енгізіледі.
18. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері екі данада басылады және ол біте салысымен үміткерге жеке қол қойғызу жолымен танысу үшін ұсынылады.
Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы үміткерге тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі.
19. Тестілеу кезіндегі ұсынылған сұрақтардың жалпы саны - жүз. Біліктілік емтиханын өтуге әрбір үміткерге берілген уақыт тоқсан минутты құрайды.
20. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының жетпіс бес және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады.
21. Хаттаманың негізінде осы Қағидаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша емтихан өткізілген күнінен кейінгі екі жұмыс күні ішінде мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткен/өтпегені туралы шешім шығарылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Емтиханнан өткен адамдар оны тапсырған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімін алады.
23. Емтиханнан өтпеген адамдар емтихан өткеннен кейінгі күні Комиссия хаттамасынан үзіндінің көшірмесін алады.
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесіне 1-қосымша |
|
Нысан |
Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________ қаласы 20_____жылғы "___"________
_________________________________ мүлікті бағалау (зияткерлік меншік
(Т.А.Ә.)(болған жағдайда)
объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына біліктілік емтиханынан өтті/өтпеді деп танылсын
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________ қаласы 20___жылғы "___"__________
_____________________________ зияткерлік меншікті, материалдық емес
(Т.А.Ә.) (болған жағдайда)
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан
өтті/өтпеді деп танылсын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан
өткені туралы шешім
___________қаласы 20_____жылғы "___"________
_________________________________мүлікті бағалау (зияткерлік меншік
(Т.А.Ә.)(болған кезде)
объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өтті деп танылсын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы
М.О.
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан
өткені туралы шешім
_________қаласы 20___жылғы "___"__________
_____________________________зияткерлік меншікті, материалдық емес
(Т.А.Ә.) (болған кезде)
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өтті деп танылсын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның хатшысы
М.О