Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 08.09.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 08.09.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму Министірінің | |
2014 жылғы 30 желтоқсандағы | |
№ 347 бұйрығымен бекітілген |
Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 08.09.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 109) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтеріне қолданылады.
3. Ұйымдарға қызмет көрсетуге қызмет көрсететін ұйым жүзеге асыратын өндірістік қызмет түріне аттестатталған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жіберіледі.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету бойынша өз қызметінде "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аварияларды жою жоспары – адамдарды құтқару жөніндегі іс-шараларды, басшылар мен қызметкерлердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қыймылдарын көздейтін, қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның басшысы бекітетін және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен келісілетін құжат;
2) "Дабыл" белгісі – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жедел бөлімшелерін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдардағы аварияларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындыққа тарту үшін дабылда немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын авариялық-құтқару қызметі;
2-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету тәртібі
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсетуі жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Ерекше жағдайларда, авария туындаған кезде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгеннен кейін шарт жасасуға жол беріледі.
7. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі, жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей аварияларды жою жоспарын (бұдан әрі – АЖЖ) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне келісуге ұсынады. АЖЖ-ға өзгерістер мен қосымшалар енгізгенде, ол қайта келісуге жатады. Егер АЖЖ әрекет ету ағымындағы жағдай кезінде, қауіпті өндірістік объектіні иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым басқа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісім-шарт жасайды, ол кәсіпорын он күнтізбелік күн ағымында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аталған кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісім жасауға жолданады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.07.2022 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі ұсынылған АЖЖ-ны алған күнінен бастап он күнтізбелік күні ішінде қарайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.07.2022 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. АЖЖ Заңның 80-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымға АЖЖ-мен келіспеушілікті негіздейтін дәлелді құжатты жазбаша нысанда жібереді және анықталған сәйкессіздіктер жойылатын он күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімді белгілейді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне АЖЖ келісуге қайта ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.07.2022 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдармен авариялық-құтқару қызметін көрсету шарты АЖЖ келіскен кезде оны ұзарту мүмкіндігімен кем дегенде бір күнтізбелік жыл мерзімге жасалады.
11. Шартта АЖЖ орындау тәртібі, жедел бөлімшелерінің сандық құрамы қарастырылады.
12. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жедел бөлімшелерінің "Дабыл" белгісі бойынша аварияларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шығуға тәулік бойы тұрақты әзірлігін;
2) жеке құрамның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесі басшысына мүлтіксіз бағына отырып авариялық-құтқару жұмыстарын орындауын;
3) аварияны жою қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы аталған жұмыстарды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайды қоспағанда, авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанына дейін оларды жүргізу міндеттілігін қамтамасыз етеді.
13. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсетуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшелері жүзеге асырады, олар:
1) кәсіби авариялық-құтқару бөлімшесінен;
2) кәсіби авариялық-құтқару взводынан;
3) кәсіби авариялық-құтқару жасағынан тұрады.
14. Кәсіби авариялық-құтқару бөлімшесі, бөлімше командирі мен жедел көлік жүргізушісін қосқанда, саны жетіден одан да аса адам болатын құтқарушылардан тұрады.
15. Кәсіби авариялық-құтқару взводы екі және одан да көп авариялық-құтқару бөлімшелерінен құрылады.
16. Кәсіби авариялық-құтқару жасағы екі және одан да көп взводтардан құрылады.
17. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жедел бөлімшелері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Талаптар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23812 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес аппаратурамен, жабдықтармен, штаттық материалдар қорымен және автокөлікпен қамтамасыз етіледі.
18. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшелері жұмыстардың мынадай негізгі түрлерін атқарады:
1) авариялық-құтқару жұмыстары;
2) профилактикалық жұмыстар;
3) техникалық жұмыстар.
19. Авариялық-құтқару жұмыстары қауіпті өндірістік объектілерде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде авария аймағындағы адамдарды іздеу және құтқару, оларға алғашқы және психологиялық көмек көрсету, қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдарды өткізу мақсатында жүргізіледі. Авариялық-құтқару жұмыстары жеке шарт немесе қосымша келісім бойынша не орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
20. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы басқарады.
21. Қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы құтқарушыларға аварияны жоюға байланысты өкімдерін тек өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесінің басшысы арқылы береді.
22. Аварияны жою қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысының адамдарды құтқару мен аварияны жоюға бағытталған шешімдерін орындау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесінің басшысына, авария аймағындағы ұйымдар мен азаматтар орындауға тиіс.
23. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жедел бөлімшесінің авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті толық және нақты ақпарат алады.
24. Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы бірінші кезектегі тәртіппен төтенше жағдайлар аймағындағы адамдарды құтқару жөнінде барлық шараларды қабылдай отырып, аталған жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
25. Авариялық-құтқару жұмыстары аварияны жою жөніндегі бекітілген жедел жұмыс жоспарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.
26. "Дабыл" белгісі бойынша аварияға шығу тәртібі, аварияны жоюға қатысушы жедел бөлімшелер саны және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға қажетті құрал-жабдықтар тізімі, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның АЖЖ-на сәйкес анықталады.
Авариялық-құтқару жабдықтарын қолдану авариялық объектідегі іс-қимылдарға жеке құрамның жедел дайындығының, "Дабыл" белгісі бойынша нормативтік келу уақыты, қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланыатын, қызмет көрсететін ұйымның аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің шоғырланған орнында әр объектінің арақашықтығы мен ерекшелігіне байланысты өңделеді және ұйымға қызмет көрсететін басшы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысымен бекітіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.07.2022 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Уақтылы ден қою үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметі авария болған шақыру түскен жерге дереу шығуды ұйымдастыруы және ең қысқа мерзімде жетуі қажет.
28. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жедел бөлімшесі жүргізетін профилактикалық жұмыстар, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерді адамдарды құтқару және аварияларды жоюға дайындығын, өртке қарсы қорғаныстарын, қосымша шығу жолдарының болуын, АЖЖ-ның қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердің іс жүзіндегі жағдайына сәйкестігін анықтауға бағытталған.
29. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны, оның ішінде тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қорғаныстың, АЖЖ қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердің іс жүзіндегі жағдайынан айырмашылық анықталған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесінің басшысы қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның басшылығына анықталған кемшіліктерді үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою қажеттігі туралы жазбаша түрде хабарлайды. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің басшысы бұл туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
30. Техникалық жұмыстар арнайы авариялық-құтқару жабдығын қолданумен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының бір түрі болып табылады және қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіз және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді көздейді.
31. Техникалық жұмыстар аварияларды жою, оқшаулау, олардың зардаптарын жоюмен байланысты емес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің, арнайы қорғаныс құралдарын қолданып және (немесе) оларды қолданбай, қауіпті өндірістік объектілер аумағында, сондай-ақ оның шегінен тыс, оның ішінде көлікте жүргізіледі.