"Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 13 шiлдедегi № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 шiлдеде № 28822 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10252 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі, жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей аварияларды жою жоспарын (бұдан әрі – АЖЖ) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне келісуге ұсынады. АЖЖ-ға өзгерістер мен қосымшалар енгізгенде, ол қайта келісуге жатады. Егер АЖЖ әрекет ету ағымындағы жағдай кезінде, қауіпті өндірістік объектіні иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым басқа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісім-шарт жасайды, ол кәсіпорын он күнтізбелік күн ағымында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аталған кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісім жасауға жолданады.

      8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі ұсынылған АЖЖ-ны алған күнінен бастап он күнтізбелік күні ішінде қарайды.

      9. АЖЖ Заңның 80-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымға АЖЖ-мен келіспеушілікті негіздейтін дәлелді құжатты жазбаша нысанда жібереді және анықталған сәйкессіздіктер жойылатын он күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімді белгілейді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне АЖЖ келісуге қайта ұсынады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. "Дабыл" белгісі бойынша аварияға шығу тәртібі, аварияны жоюға қатысушы жедел бөлімшелер саны және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға қажетті құрал-жабдықтар тізімі, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның АЖЖ-на сәйкес анықталады.

      Авариялық-құтқару жабдықтарын қолдану авариялық объектідегі іс-қимылдарға жеке құрамның жедел дайындығының, "Дабыл" белгісі бойынша нормативтік келу уақыты, қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланыатын, қызмет көрсететін ұйымның аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің шоғырланған орнында әр объектінің арақашықтығы мен ерекшелігіне байланысты өңделеді және ұйымға қызмет көрсететін басшы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысымен бекітіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады