"Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10378 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ______________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 21 қаңтар

Қазақстан Республикасы     
инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының      
2014 жылғы 26 желтоқсандағы  
№ 311 бұйрығымен бекітілген  

«Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру»
кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
      2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
      1) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені;
      2) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
      3) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
      4) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
      5) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатынн талаптар жиынтығы;
      6) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      7) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      9) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      10) жанар-жағармай материалдары – автокөлік құралын пайдалану кезінде қолданылатын отынның, майлардың, жағармайдың және барлық маркалы арнайы сұйықтықтардың (тежегіштік және салқындатқыш) жалпы атауы;
      11) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
      12) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
      13) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
      14) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
      15) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
      3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
      1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
      2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
      3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
      4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;
      5) ЖЖМ - жанар-жағармай материалдары;
      6) БА - біліктілік анықтамалығы.

2. Кәсіби стандарттың паспорты

      4. Кәсіби стандарттың атауы: Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру.
      5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
      6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: автокөлік құралдарын техникалық пайдалану процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу.
      7. Негізгі топ: көлік.
      Кәсіби топ: автокөлікті техникалық пайдалану.

3. Кәсіптер карточкалары

      8. Кәсіптер тізбесі:
      гараж/автомобильді колонна механигі, БСШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
      пайдалануды ұйымдастыру және жөндеуді жөніндегі инженер, БСШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
      жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, БСШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
      Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.

«Автокөлік құралдарын техникалық
пайдалануды ұйымдастыру»   
кәсіби стандартына қосымша  

Кәсіптер карточкалары

«Гараж/автомобильді колонна механигі»
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ

Кәсіп коды

3115

Кәсіп атауы

Гараж/автоколонна механигі

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4

БА бойынша біліктілік деңгейі

3

Кәсіби білім деңгейі

Тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім

Еңбек функциялары

1) Автокөлік құраладарының пайдалануға дайындығын техникалық қамтамасыз ету.

1 еңбек функциясы

Автокөлік құралдарының пайдалануға дайындығын техникалық қамтамасыз ету

1. Шеберлігі мен дағдылары:
2. Автокөлік құралдарының ақаулығын, бұзылу себептерін анықтай білу.
3. Автокөлік құралдарды тексеру кезінде қажетті жөндеу түрін белгілеу білу.
4. Автокөлік құралдарына дер кезінде техникалық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
5. Пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес автокөлік құралдарына сынау өткізу, техникалық қызмет көрсету, жөндеуге және техникалық байқауды ұйымдастыру.
6. Ақаулары жоқ автокөлік құралдары мен мүліктің гаражда/автоколлонада дұрыс сақталуын, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын қажет ететін және ұзақ мерзімді сақтауда тұрған автокөлік құралдарының дұрыс сақталуын бақылау.
7. Автокөлік құралдарының жұмыс қабілеттілігі коэффициенттін жақсарту бойынша үшін олардың желіден ерте қайту себептерін жою арқылы іс-шараларды әзірлеу.
8. Автокөлік құралдарының техникалық жағдайға байланысты ұзақ тұрып қалу себептерін талдау.
9. Жөндеу жұмыстарының жүргізуді бақылау.
10. Гараждың/колоннаның техникалық мүлкі бойынша есеп пен есептілікті жүргізу.


Білімдері:
1. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін Қазақстан Республикасында автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидасы.
2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы.
3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негіздері, өндірістік қағидалар, өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нормаларының, өндірістік санитарияның қағидалары.
4. Кәсіпорынның жылжымалы құрамының құрылғысы, мақсаты, конструкциялық ерекшелігі, техникалық-пайдалану деректері.
5. Авариялық сипаттағы зақымдалуы бар автокөлік құжататрын жөндеуге арналған құжаттарды рәсімдеу тәртібі автомобильдің уыттылығын тексеру әдістері.
6. Автокөлік құралдардың жөндеу және техникалық пайладануға қатысты әдістемелік, нормативтік және басқа да басқарушылық құжаттар.
7. Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының біріңғай жүйесі.
8. Автокөлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау мен бақылаудың әдістері.

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Командалық жұмысты ұйымдастыру.
Табандылық.
Жұмыс қабілеттілігі.
Жігерлілік.

СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы

3115

Көлікті жөндеу жөніндегі механик;
Бақылап-өткізу бекетінің инженер-механигі.

«Пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер»
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ

Кәсіп коды

2144

Кәсіп атауы

Пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

4

Кәсіби білім деңгейі

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім

Еңбек функциялары

1) Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану мен жөндеу процесіне басшылық ету

1 еңбек функциясы

Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану мен жөндеу процесіне басшылық ету

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Автокөлік құралы пайдаланудың, оның ішінде тасымалдың ауысымдық-тәуліктік жоспарлары-кестесін құру.
2. Автокөлік құралын техникалық пайдалану бойынша регламенттерді практикалық қолдану дағдысы.
3. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша кестенің орындалуын бақылау.
4. Автокөлік құралдарының жөндеу жұмыстарының көлемі мен сапасын анықтау және талдау, пайдалану мен жөндеу жұмыстарының мерзімдерін ұзарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
5. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану мен жөндеудің жаңа әдістерін енгізу бойынша техникалық және ұйымдастырушылық көмекті көрсету.
6. Автокөліктің техникалық жағдайы бойынша бақылаушы органдардың ұйғарымдарының, ұсыныстарының және өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.
7. Автокөлік құралының техникалық пайдаланумен байланысты жол-көлік оқиғаларының талдау, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша міндеттері мен нормативтік-техникалық құжаттар бойынша білімдерін тексеру.
8. Автокөлік құралдармен қауіпсіз қолдануымен байланысты тәуекелдерді бағалау, пайдалану қауіпсіздігіне әсер ететін анықталған техникалық кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды құрастыру.
9. Автокөлік құралының техникалық жағдайына бағалау өткізу мақсатында тексеріп қарауды ұйымдастыру.
10. Жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін сақтауын қадағалау.
11. Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша, жүргізушілердің техникалық білім деңгейін жоғарлату, олардың өндірістік және еңбек тәртібін нығайту бойынша іс-шаралар өткізу дағдысы.
12. Автокөлік құралдарын қажетті қосалқы бөлшектермен және материалдармен қамтамасыз ету.
13. Автокөлік құралдырын техникалық пайдалану мен жөндеу бойынша басшылық құжаттардың сақталуын қадағалау.


Білімі:
1. «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидасы.
3. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-5) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері.
4. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргізушілердің еңбегін және демалысын, сондай-ақ тахографты қолдану ұйымдыстыру қағидасы.
5. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-14) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті жән ауыр салмақтағы жүктерді тасымалдау мен жүзеге асыру қағидасы.
6. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-9) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасы.
7. Еңбек қауіпсіздігіне қатысты бөлігіндегі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырындағы Еңбек Кодексі.
8. Автокөлік құралдарының жіктелуі, негізгі сипаттамалары және техникалық көрсеткіштері.
9. Еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережесі мен нормалары.

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершіліктің жоғарғы деңгейі.

СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы

2144

2149
 

 
2145

Жөндеу жұмыстары жөніндегі инженер;

Тасымалды ұйымдастыру жөніндегі инженер;
Көлік құралы жөніндегі инженер;

Өндіруді дайындау бойынша инженер; Техникалық қызмет көрсету жұмыстары жөніндегі инженер

«Жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер»
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ

Кәсіп коды

2146

Кәсіп атауы

Жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

4

Кәсіби білім деңгейі

Тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғарыдан кейінгі) білім

Еңбек функциялары

1) Жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды қабылдауды, сақтауды, есепте алу мен беруін қамтамасыз ету

2) Жанар-жағармай материалдарын пайдалану бойынша бақылау-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру.

1 еңбек функциясы

Жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды қабылдауды, сақтауды, есепте алу мен беруін қамтамасыз ету

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Жанар және жағармай материалдарының сынамасын алып іріктей білу.
2. Экологиялық талаптар, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жанар-жағармай материалдардың сақтауын қамтамасыз ету.
3. Жанар-жағармай материалдарына қажеттілік бойынша автошаруашылық қажеттілігін талдау және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша өзге де ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
4. Жанар-жағармай материалдарының жоғалуын болдырмайтын оларды қолдану, сақтау және беру кезіндегі арнайы-техникалық жабдықтармен және жағармайлармен жұмыс кезіндегі ережені сақтау бойынша өрт қауіпсіздігі іс-шараларын әзірлеу және өткізе білу дағдысы.
5. Пайдаланылған мұнай өнімдерін және пайдаланылған салқындақтыш сұйықтықтарды жинау мен тапсыруды ұйымдастыра білу
6. Жанар-жағармай материалдарын есепке алу және олардың қозғалысын туралы есептілік беру, олардың санын түгендеу, белгіленген құжаттарды дұрыс жүргізу.


Білімі:
1. Автошаруашылықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібіне қатысты әдістеме және нормативтік құжаттары.
2. Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормалары.
3. Жанар-жағармай түрлері, олардың сипаттамалары, ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар.
4. Қоймалық және май құю жабдықтарын пайдалану ережесі.
5. Өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері.
6. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары.
7. Жанар-жағармай материалдарының сапасын бақылау әдістері.
8. Оргтехникамен жұмыс істеу негіздері.

2 еңбек функциясы

Жанар-жағармай материалдарын пайдалану бойынша бақылау-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру.

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Үлестік және желілік нормалар бойынша жанармайдың шығыстарын, бөлімшелердің жанармайды пайдалану лимиттерін сақталуын қадағалау.
2. Жанар-жағармай материалдардың сақталу және пайдалану процестер технологиясының бұзылуын анықтау.
3. Қоймалардағы жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын алу, қоймаларды, жанармай- және май тарататын бекеттерді жанар-жағармаймен жабдықтау жағдайын бақылау дағдысы.
4. Жанар-жағармай материалдарының шығыстары бойынша бекітілген есептілікті жүргізу дағдысы.
5. Қызметкерлермен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау дағдысы.
6. Жанар-жағармай материалдарын үнемдеп шығындау бойынша ұсыныстар әзірлеуді білу.
7. Жанар-жағармай материалдарының сапасы мен сақталуын бақылау бойынша автошаруашылық қызметкерлеріне арналған техникалық оқуларды өткізу.


Білімдері:
1. Жанар-жағармай материалдар шығындарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығындарының нормалары.
2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидасы.
3. Еңбек қауіпсіздігіне қатысты бөлігіндегі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы.
4. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсізідік, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары.
5. Қоршаған ортаны қорғау ережелері.
6. Жанар-жағармай материалдарымен байланысты құжаттарды құру жөніндегі регламенті.
7. Тауар-материалық құндылықтардың қозғалысымен байланысты мүлікке түгендеуді және шаруашылық операцияларды, құжат айналымын ұйымдастыруды және құжаттарды операциялық рәсімдеуді өткізу тәртібі.

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Жауапкершілік.
Жігерлілік.
Көсемдік.

СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы

2149

Инспектор-инженер;
Өндірісті дайындау бойынша инженер

Кәсіби стандарттың техникалық деректері

Әзерленген

«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұсқа номері мен шыққан жылы

1 нұсқа, 2014 жыл

Болжамды қайта қарау мерзімі

2017 жыл

Об утверждении профессионального стандарта "Организация технической эксплуатации автотранспортных средств"

Приказ И.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 311. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 марта 2015 года № 10378. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 224

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 25.02.2016 № 224 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 138-5 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый профессиональный стандарт «Организация технической эксплуатации автотранспортных средств».
      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Касымбек Ж.М.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       Ж. Касымбек

      «СОГЛАСОВАН»:
      Министр здравоохранения
      и социального развития
      Республики Казахстан
      _________ Т. Дуйсенова
      21 января 2015 года

Утвержден          
приказом и.о. Министра  
по инвестициям и развитию  
Республики Казахстан    
от 26 декабря 2014 года № 311

Профессиональный стандарт
«Организация технической эксплуатации автотранспортных средств»

1. Общие положения

      1. Профессиональный стандарт «Организация технической эксплуатации автотранспортных средств» предназначен для формирования образовательных программ, в том числе для обучения персонала на предприятиях, для сертификации работников и выпускников образовательных учреждений, для решения широкого круга задач в области управления персоналом.
      2. В настоящем профессиональном стандарте применяются следующие термины и определения:
      1) техническая эксплуатация автотранспортных средств - комплекс мероприятий, технических воздействий (диагностирование, техническое обслуживание, ремонт), направленных на организацию и обеспечение безопасной эксплуатации автотранспортных средств;
      2) автомобильное транспортное средство (далее – автотранспортное средство) – единица подвижного состава автомобильного транспорта, включающего автобусы, микроавтобусы, легковые и грузовые автомобили, троллейбусы, автомобильные прицепы, полуприцепы к седельным тягачам, а также специализированные автомобили (предназначенные для перевозки определенных видов грузов) и специальные автомобили (предназначенные для выполнения различных преимущественно нетранспортных работ);
      3) квалификация – степень готовности работника к качественному выполнению конкретных трудовых функций;
      4) квалификационный справочник – квалификационный справочник должностей руководителей, специалистов и других служащих;
      5) уровень квалификации – совокупность требований к уровню подготовки и компетенции работника, дифференцируемой по параметрам сложности, нестандартности трудовых действий, ответственности и самостоятельности;
      6) национальная рамка квалификаций – структурированное описание квалификационных уровней, признаваемых на рынке труда;
      7) национальная система квалификаций – совокупность механизмов правового и институционального регулирования спроса и предложений на квалификации специалистов со стороны рынка труда;
      8) отраслевая рамка квалификаций – структурированное описание квалификационных уровней, признаваемых в отрасли;
      9) трудовая функция – набор взаимосвязанных действий, направленных на решение одной или нескольких задач процесса труда;
      10) горюче-смазочные материалы - общее наименование топлив, масел, смазок и специальных жидкостей (тормозных и охлаждающих) всех марок, применяемых при эксплуатации автотранспортных средств;
      11) профессиональный стандарт – стандарт, определяющий в конкретной области профессиональной деятельности требования к уровню квалификации, компетенций, содержанию, качеству и условиям труда;
      12) профессия – основной род занятий трудовой деятельности человека, требующий определенных знаний, умений и практических навыков, приобретаемых в результате специальной подготовки и подтверждаемых соответствующими документами об образовании;
      13) профессиональная подгруппа – совокупность профессий, сформированная целостным набором трудовых функций и необходимых для их выполнения компетенций;
      14) профессиональная группа – совокупность профессиональных подгрупп, имеющая общую интеграционную основу (аналогичные или близкие назначение, объекты, технологии, в том числе средства труда) и предполагающая схожий набор трудовых функций и компетенций для их выполнения;
      15) отрасль – совокупность предприятий и организаций, для которых характерна общность выпускаемой продукции, технологии производства, основных фондов и профессиональных навыков работающих.
      3. В настоящем профессиональном стандарте используются следующие сокращения:
      1) НРК - национальная рамка квалификаций;
      2) НСК - национальная система квалификаций;
      3) ОРК - отраслевая рамка квалификаций;
      4) ПС - профессиональный стандарт;
      5) ГСМ - горюче-смазочные материалы;
      6) КС - квалификационный справочник.

2. Паспорт профессионального стандарта

      4. Наименование профессионального стандарта: Организация технической эксплуатации автотранспортных средств.
      5. Цель разработки профессионального стандарта: унификация и установление единых требований к содержанию профессиональной деятельности, определение четких критериев к уровню квалификации к специалистам в сфере организации технической эксплуатации автотранспортных средств.
      6. Краткое описание профессионального стандарта: организация и сопровождение процесса технической эксплуатации автотранспортных средств.
      7. Основная группа: транспорт.
      Профессиональная группа: техническая эксплуатация автотранспорта.

3. Карточки профессий

      8. Перечень профессий:
      механик гаража/автомобильной колонны, 4 уровень квалификации по ОРК;
      инженер по организации эксплуатации и ремонту, 5 уровень квалификации по ОРК;
      инженер по горюче-смазочным материалам, 5 уровень квалификации по ОРК.
      Карточки профессий приводятся в приложении к настоящему профессиональному стандарту.

Приложение             
к профессиональному стандарту 
«Организация технической эксплуатации
автотранспортных средств»   

                      Карточки профессий

КАРТОЧКА ПРОФЕССИИ «Механик гаража/автомобильной колонны»

Код профессии

3115

Наименование профессии

Механик гаража/автомобильной колонны

Уровень квалификации по ОРК

4

Уровень квалификации по КС

3

Уровень профессионального образования

Техническое и профессиональное образование по соответствующей специальности

Трудовые функции

1) Обеспечение технической готовности автотранспортных средств к эксплуатации

Трудовая функция 1
Обеспечение технической готовности автотранспортных средств к эксплуатации

Умения и навыки:
1. Умение выявлять причины неисправностей, поломок автотранспортных средств.
2. Умение определять при осмотре автотранспортных средств необходимый вид ремонта.
3. Обеспечение своевременной технической помощи автотранспортным средствам.
4. Организация испытаний, технического осмотра, технического обслуживания и ремонта автотранспортных средств в соответствии с требованиями эксплуатационных документов.
5. Контроль надлежащего хранения исправных автотранспортных средств и имущества гаража/автоколонны, а также автотранспортных средств, ожидающих ремонта и находящихся на длительном хранении.
6. Разработка мероприятий по улучшению коэффициента работоспособности автотранспортных средств с устранением причин преждевременного возврата транспорта с линии.
7. Анализ причин и продолжительности простоев связанных с техническим состоянием автотранспортных средств.
8. Контроль за проведением ремонтных работ.
9. Ведение учета и отчетности по техническому имуществу гаража/колонны.


Знания:
1 Правила технической эксплуатации автотранспортных средств, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-10) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте».
2. Правила организации труда и отдыха водителей, а также применения тахографов, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-6) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте»
3. Основы экологического законодательства Республики Казахстан, основы промышленной, пожарной безопасности, правила техники безопасности и норм охраны труда, производственной санитарии.
4. Устройство, назначение, конструктивные особенности, технико-эксплуатационные данные подвижного состава предприятия.
5. Порядок оформления документов на ремонт автотранспортных средств с повреждениями аварийного характера, методы проверки токсичности автомобилей.
6. Методические, нормативные и другие руководящие документы, касающиеся ремонта и технической эксплуатации автотранспортных средств.
7. Единая система планово-предупредительных ремонтов.
8. Методы диагностики и контроля технического состояния автотранспортных средств.

Требования к личностным компетенциям

Организация командной работы.
Настойчивость.
Работоспособность.
Инициативность.

Связь с другими профессиями в рамках ОРК

3115

Механик по ремонту транспорта;
Инженер-механик контрольно-пропускного пункта

КАРТОЧКА ПРОФЕССИИ «Инженер по организации эксплуатации и ремонту»

Код профессии

2144

Наименование профессии

Инженер по организации эксплуатации и ремонту

Уровень квалификации по ОРК

5

Уровень квалификации по КС

4

Уровень профессионального образования

Высшее (или послевузовское) образование по соответствующей специальности.

Трудовые функции

1) Руководство процессом технической эксплуатации и ремонта автотранспортных средств.

Трудовая функция 1
Руководство процессом технической эксплуатации и ремонта автотранспортных средств

Умения и навыки:
1) Составление планов-графиков эксплуатации автотранспортных средств, в том числе сменно-суточного планирования перевозок.
2) Навык практического применения регламентов по технической эксплуатации автотранспортных средств.
3) Контроль выполнения графиков технического обслуживания автотранспортных средств.
4) Определение и анализ объемов и качества ремонтных работ автотранспортных средств, разработка предложений по продлению сроков эксплуатации и ремонту.
5) Оказание технической и организационной помощи по внедрению новых методов технической эксплуатации и ремонта автотранспортных средств.
6) Контроль выполнения предписаний, рекомендаций и указаний надзорных органов по техническому состоянию автотранспортных средств.
7) Анализ дорожно-транспортных происшествий, связанных с технической эксплуатацией автотранспортных средств, проверка знаний обязанностей и нормативно-технической документации по безопасному ведению работ.
8) Оценка рисков, связанных с безопасной эксплуатацией автотранспортных средств, разработка мероприятий по устранению выявленных технических недостатков, влияющих на безопасность эксплуатации.
9) Организация смотров с целью проведения оценки технического состояния автотранспортных средств.
10) Контроль соблюдения водителями режима труда и отдыха.
11) Навык проведения мероприятий по предупреждению дорожно-транспортных происшествий, по повышению уровня технических знаний водителей, укреплению их производственной и трудовой дисциплины.
12) Обеспечение автотранспортных средств необходимыми запасными частями и материалами.
13) Контроль соблюдения руководящих документов по технической эксплуатации и ремонту автотранспортных средств.


Знания: 
1. Закон Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года «О дорожном движении».
2. Правила технической эксплуатации автотранспортных средств, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-10) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте».
3. Допустимые параметры автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-5) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте».
4. Правила организации труда и отдыха водителей, а также применения тахографов, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-6) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте».
5. Правила организации и осуществления перевозок крупногабаритных и тяжеловесных грузов на территории Республики Казахстан, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-14) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте».
6. Правила перевозок грузов автомобильным транспортом, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-9) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте».
7. Трудовой Кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года в части, касающейся безопасности труда.
8. Классификация, основные характеристики и технические параметры автотранспортных средств.
9. Правила и нормы охраны труда, техники безопасности, промышленной санитарии и противопожарной защиты.

Требования к личностным компетенциям

Повышенный уровень ответственности за результаты своей работы.

Связь с другими профессиями в рамках ОРК

2144
2149
 
 
2145

Инженер по ремонту;
Инженер по организации перевозок;
Инженер по транспорту;
Инженер по подготовке производства;
Инженер по техническому обслуживанию

КАРТОЧКА ПРОФЕССИИ «Инженер по горюче–смазочным материалам»

Код профессии

2146

Наименование профессии

Инженер по горюче-смазочным материалам

Уровень квалификации по ОРК

5

Уровень квалификации по КС

4

Уровень профессионального образования

Высшее (или послевузовское) образование по соответствующей специальности.

Трудовые функции

1) Обеспечение приема, хранения, учета и выдачи горюче-смазочных материалов и специальных жидкостей

2) Проведение контрольно-ревизионной работы по использованию горюче-смазочных материалов

Трудовая функция 1
Обеспечение приема, хранения, учета и выдачи горюче-смазочных материалов и специальных жидкостей

Умения и навыки:
1. Умение проводить отбор проб горючего и смазочных материалов.
2. Обеспечение хранения горюче-смазочных материалов с соблюдением экологических норм, норм охраны труда и пожарной безопасности.
3. Анализ потребности автохозяйства в горюче-смазочных материалах и взаимодействие со сторонними организациями для обеспечения ими автохозяйства.
4. Умение разрабатывать и проводить противопожарные мероприятия по соблюдению правил обращения с горючими и специальными техническими средствами при их применении, хранении и выдаче, исключающие потери горюче-смазочных материалов.
5. Умение организовать сбор и сдачу отработанных нефтепродуктов, отработанной охлаждающей жидкости.
6. Учет горюче-смазочных материалов и отчетность об их движении, инвентаризация их количества, правильное ведение установленной документации.

Знания:
1. Методические и нормативные документы Республики Казахстан, касающиеся использования горюче-смазочных материалов.
2. Нормы расходов горюче-смазочных материалов и расходов на содержание автотранспорта.
3. Характеристики и свойства горюче-смазочных материалов и предъявляемые к ним требования.
4. Правила эксплуатации складского и заправочного оборудования.
5. Основы организации производства, труда и управления.
6. Основы охраны труда, промышленной и экологической безопасности, производственной санитарии и противопожарной защиты.
7. Методы контроля качества горюче-смазочных материалов.
8. Основы работы с оргтехникой.

Трудовая функция 2
Проведение контрольно-ревизионной работы по использованию горюче-смазочных материалов

Умения и навыки:
1. Контроль за расходом топлива по удельным и линейным нормам, за соблюдением лимитов использования топлива подразделениями.
2. Выявление нарушений технологических процессов хранения и заправки горюче-смазочных материалов.
3. Навык контроля за состоянием и оснащением склада горюче-смазочными материалами, топливно- и маслораздаточных пунктов, за снятием остатков горюче-смазочных материалов на складе.
4. Навык ведения и представления установленной отчетности по расходам горюче-смазочных материалов.
5. Навык контроля за соблюдением работниками правил по охране труда и противопожарной безопасности.
6. Умение разрабатывать предложения по экономному расходованию горюче-смазочных материалов.
7. Проведение технической учебы для работников автохозяйства по контролю качества и хранению горюче-смазочных материалов.

Знания:
1. Нормы расходов горюче-смазочных материалов и расходов на содержание автотранспорта.
2. Правила технической эксплуатации автотранспортных средств, утверждаемые уполномоченным органом согласно подпункту 23-10) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте».
3. Основы трудового законодательства Республики Казахстан в части, касающейся безопасности труда.
4. Правила охраны труда, промышленной и экологической безопасности, производственной санитарии и противопожарной защиты.
5. Правила охраны окружающей среды.
6. Регламенты по составлению документации, связанной с горюче-смазочными материалами.
7. Порядок проведения ревизий имущества и хозяйственных операций, организации документооборота и порядка документального оформления операций, связанных с движением товарно–материальных ценностей.

Требования к личностным компетенциям

Ответственность.
Инициативность.
Лидерство.

Связь с другими профессиями в рамках ОРК

2149

Инженер-инспектор;
Инженер по подготовке производства;

Технические данные Профессионального стандарта

Разработано

Товарищество с ограниченной ответственностью «Компания системных исследований «Фактор»

Номер версии и год выпуска

Версия 1, 2014 год

Дата ориентировочного пересмотра

2017 год