Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 311 бұйрығымен бекітілген
«Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру»
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені;
2) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
3) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
4) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
5) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатынн талаптар жиынтығы;
6) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
7) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
9) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
10) жанар-жағармай материалдары – автокөлік құралын пайдалану кезінде қолданылатын отынның, майлардың, жағармайдың және барлық маркалы арнайы сұйықтықтардың (тежегіштік және салқындатқыш) жалпы атауы;
11) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
12) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
13) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
14) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
15) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;
5) ЖЖМ - жанар-жағармай материалдары;
6) БА - біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы: Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру.
5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: автокөлік құралдарын техникалық пайдалану процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу.
7. Негізгі топ: көлік.
Кәсіби топ: автокөлікті техникалық пайдалану.
3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіптер тізбесі:
гараж/автомобильді колонна механигі, БСШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
пайдалануды ұйымдастыру және жөндеуді жөніндегі инженер, БСШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, БСШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Автокөлік құралдарын техникалық
пайдалануды ұйымдастыру»
кәсіби стандартына қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Гараж/автомобильді колонна механигі» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ |
||||
---|---|---|---|---|
Кәсіп коды |
3115 |
|||
Кәсіп атауы |
Гараж/автоколонна механигі |
|||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
4 |
|||
БА бойынша біліктілік деңгейі |
3 |
|||
Кәсіби білім деңгейі |
Тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім |
|||
Еңбек функциялары |
1) Автокөлік құраладарының пайдалануға дайындығын техникалық қамтамасыз ету. |
|||
1 еңбек функциясы Автокөлік құралдарының пайдалануға дайындығын техникалық қамтамасыз ету |
1. Шеберлігі мен дағдылары: |
|||
Білімдері: |
||||
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Командалық жұмысты ұйымдастыру. |
|||
СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы |
3115 |
Көлікті жөндеу жөніндегі механик; |
||
«Пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ |
||||
Кәсіп коды |
2144 |
|||
Кәсіп атауы |
Пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер |
|||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
5 |
|||
БА бойынша біліктілік деңгейі |
4 |
|||
Кәсіби білім деңгейі |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім |
|||
Еңбек функциялары |
1) Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану мен жөндеу процесіне басшылық ету |
|||
1 еңбек функциясы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану мен жөндеу процесіне басшылық ету |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|||
Білімі: |
||||
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершіліктің жоғарғы деңгейі. |
|||
СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы |
2144 2149 |
Жөндеу жұмыстары жөніндегі инженер; Тасымалды ұйымдастыру жөніндегі инженер; Өндіруді дайындау бойынша инженер; Техникалық қызмет көрсету жұмыстары жөніндегі инженер |
||
«Жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ |
||||
Кәсіп коды |
2146 |
|||
Кәсіп атауы |
Жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер |
|||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
5 |
|||
БА бойынша біліктілік деңгейі |
4 |
|||
Кәсіби білім деңгейі |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғарыдан кейінгі) білім |
|||
Еңбек функциялары |
1) Жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды қабылдауды, сақтауды, есепте алу мен беруін қамтамасыз ету |
|||
2) Жанар-жағармай материалдарын пайдалану бойынша бақылау-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. |
||||
1 еңбек функциясы Жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды қабылдауды, сақтауды, есепте алу мен беруін қамтамасыз ету |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|||
Білімі: |
||||
2 еңбек функциясы Жанар-жағармай материалдарын пайдалану бойынша бақылау-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|||
Білімдері: |
||||
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Жауапкершілік. |
|||
СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы |
2149 |
Инспектор-инженер; |
||
Кәсіби стандарттың техникалық деректері | ||||
Әзерленген |
«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|||
Нұсқа номері мен шыққан жылы |
1 нұсқа, 2014 жыл |
|||
Болжамды қайта қарау мерзімі |
2017 жыл |