Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 315 бұйрығымен бекітілген
«Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалақ қызмет көрсету» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) автокөлік құралдарын жөндеу – ақаулықтар мен олқылықтарды жою мақсатында қажеттілік бойынша жүзеге асырылатын автокөлік құралдарының техникалық жағдайының өзгерісі бойынша әрекеттер жиынтығы;
2) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені;
3) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
4) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
5) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;
6) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
7) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
9) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
13) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
14) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;
5) БА - біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы: Автокөлік құраладырын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ету.
7. Негізгі топ: көлік.
Кәсіби топ: көліктік инфрақұрылымды күту және жөндеу.
3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіп тізбесі:
жөндеу жөніндегі инженер - СБШ бойынша 5-6 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Автокөлік құралдарын жөндеу
және техникалық қызмет көрсету»
кәсіби стандартына қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Жөндеу жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ | |||
---|---|---|---|
Кәсіп коды |
2145 |
||
Кәсіп атауы |
Жөндеу жұмыстары жөніндегі инженер |
||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
5-6 |
||
БА бойынша біліктілік деңгейі |
3-4 |
||
Кәсіби білім деңгейі |
СБШ бойынша 5 деңгей |
СБШ бойынша 6 деңгей |
|
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім |
Жоғары білім. Бакалавриат, резидентура. |
||
Кәсіп коды |
1) Автокөлік құралына жөндеу жұмыстарын өткізу және техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету |
||
1 еңбек функциясы Автокөлік құралына жөндеу жұмыстарын өткізу және техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 5 (біліктілік разряды: 3) |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 6 (біліктілік разряды: 4) |
|
Шеберлігі мен дағдылары: |
|||
1. Қосалқы бөлшектерды, жинақтаушы бұйымдарды, слесарлық және өзге де саймандарды сатып алуға өтінімдер құрастырып, олардың дұрыс қолдануын бақылау. |
1. Бекітілген жоспарға сәйкес автокөлік құралдарына техникалық байқау, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылау. |
||
Білімі: |
|||
1. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік техникасын пайдалану қағидасы. |
1. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік техникасын пайдалану қағидасы. |
||
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Орындалатын жұмыстың сапасы. |
||
СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы |
2144 2145 2149 |
Пайдалану және жөндеу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инженер; |
|
Кәсіби стандарттың техникалық деректері | |||
Әзерленген |
«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
||
Нұсқа номері мен шыққан жылы |
1 нұсқа, 2014 жыл |
||
Болжамды қайта қарау мерзімі |
2017 жыл |