Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 № 308 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 ақпан
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2014 жылғы
26 желтоқсандағы
№ 296 бұйрығымен
бекітілген
«Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
4) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
7) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
10) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
1) ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері;
2) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
3) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
4) КС – кәсіби стандарт;
5) ҰБЖ – ұлттық біліктілік жүйесі.
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару».
5. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты Қызметкерлердің білімдеріне, шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек функцияларын жүйелік және құрылымдық жағынан сипаттауды кәсіп бойынша көрсету.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тіркеуші, жазушы және реттеуші аспаптарымен және құрылғылармен жабдықталған қашықтықтан басқару пультінен технологиялық процесті жүргізу.
7. Негізгі топ: химия өндірісінде өнімдер өндіру;
Кәсіби топ: Химия өндірісінде техникалық процестерді басқару.
3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіптер тізбесі:
химия өндірісінде қашықтан басқару пультінің операторы, СБШ бойынша 2-4 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкасының характеристика сипаттамасы осы кәсіби стандартқа қосымшада көрсетілген.
«Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару»
кәсіби стандартқа қосымша
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ «Химия өндірісінде қашықтан басқару пультінің операторы» |
||||
Кәсіп коды |
Жаңа |
|||
Кәсіп атауы |
Химия өндірісінде қашықтан басқару пультінің операторы |
|||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
2-4 |
|||
БТБА бойынша біліктілік деңгейі |
4-6 |
|||
Кәсіби білім деңгейі |
Жалпы орта білімі, бірақ негізгі орта білімінен төмен емес болса практикалық тәжірибе және/ немесе кәсіби даярлық (білім беру ұйымының базасында қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту). |
Жалпы орта білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім базасында жалпы орта білім немесе техникалық және кәсіби білім болса практикалық тәжірибе және/ немесе кәсіби даярлық (бір жылға дейін кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымының базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту). |
Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби даярлық), практикалық тәжірибе. |
|
Еңбек функциялары |
1) Қашықтықтан басқару пультінен технологиялық процесті басқару |
|||
Шеберлігі мен дағдылары |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2 (4-ші разряд) |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3 (5-ші разряд) |
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4 (6-шы разряд) |
|
1. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті басқару |
1. Берілген өндірістік режимге сәйкес технологиялық процесті реттеу. |
1. Өндірістің барлық сатылары бойынша шикізат, материалдар, жартылай дайындалған өнімдер, дайын өнімнің шығуының шығындарын есептеу және есепке алу, оның ішінде шикізаттың химиялық талдауы бойынша шихталық материалдарды есептеу. |
||
Білімдері |
1. Қашықтықтан басқару пультінің регламенті. |
1. Технологиялық регламент. |
1. Пайдаланатын шикізат пен өнімдердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттері, оларға мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар. |
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар |
Командада жұмыс істеу шеберлігі; |
|||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы |
8159 |
Химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу аппаратшысы. |
||
Кәсіби стандарттың техникалық деректері |
||||
Әзірленді |
«Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі республикалық Ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік Қазыналық кәсіпорыны |
|||
Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы |
1 нұсқа, 2014 жыл |
|||
Болжамды қайта қарастыру күні |
2017 жыл |