Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 308 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабынның 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан  Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы "____"_________

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 308 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Фосфор өнімдерін өндірудегі аппаратшылар» кәсіби стандартын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 447 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9381 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      2. «Хромды қосылысты өнімдерін өндірудегі аппаратшылар» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін аткарушының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 448 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9382 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. «Хлор сілтілі өнімдерін өндірудегі аппаратшылар» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 449 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9380 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      4. «Азот өнімдерін өндірудегі аппаратшылар» кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін аткарушының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 450 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9383 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      5. «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9428 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      6. «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдарының өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9429 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      7. «Аспап жасау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 74 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9392 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      8. «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9389 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      9. «Машина жасаудағы механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9402 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      10. «Икемді автоматы желілер» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9401 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 5 ақпандағы № 23 (28501) жарияланған).
      11. «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 94 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9356 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 177 (28400) жарияланған).
      12. «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 296 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10391 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      13. «Ұшу аппараттары өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10668 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады